Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы әкімінің Отан қорғаушылар күнiне орай құттықтауы ( 07.05.2018)

ҚҰРМЕТТI АҚМОЛАЛЫҚТАР!

Отан қорғаушылар күнiне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл күн шын мәнiнде өжеттiк пен ерлiктiң, даңқтың күнi. Бұл күн өз Отанына адал да лайықты қызмет етудi борышым деп санайтын барлық адамдарды бiрiктiре түседi.

Бүгiн бiз Ұлы Отан соғысында ерлiкпен шайқасқан майдангерлердi, интернационалист жауынгерлердi, әскери қызметшiлердi, қиын сәтте Отанын қорғауға дайын барлық адамдарға құрмет көрсетемiз. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбiр қазақстандықтың абыройлы борышы. Аға буынның ерлiк iстерiне негiзделген адамгершiлiк мектебiнiң қағидаттары жас ұрпақты осылайша тәрбиелеуде.

Қазақстан Президентi — Жоғары Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегiнiң арқасында елiмiздiң Қарулы Күштерi әскери дайындықтың жоғары деңгейiне, жеделдiкке және жан-жақты қамтамасыз етiлуiне қол жеткiздi. Қазақстанның жаңа заманғы армиясы кез-келген сыртқы қауiпке қарсы тұра алатын iргесi бекем қорғаныс әрi мемлекетiмiздiң тұрақты дамуының тiрегi.

Жалпы халықтық мереке әлемдегi адами құндылықтарды әспеттей отырып, жоғары патриотизмдi, бiрлiк пен тұтастығымызды көрсетедi.

Сiздердi мерекемен шын көңiлден құттықтай отырып, ашық аспан, мол табыс, Қазақстан Республикасының iргелi де маңызды iстерiн дамытып, гүлдене беруiне үлес қосуларыңызды тiлеймiн.

Құрметпен,
Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин

Дата публикации
07 мая 2018
Дата обновления
07 мая 2018
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы