Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы әкімінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңiстiң 73 жылдығымен құттықтауы (09.05.2018)

ҚҰРМЕТТI СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРI ЖӘНЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРI! ҚАДIРЛI АҚМОЛАЛЫҚТАР!

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңiстiң 73 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Барлығымыз үшiн бұл мереке ерекше мағынаға толы — ол баға жетпес қуаныш сезiмi мен жүрек сыздатар қайғыны бiрiктiредi. Бiз, сұрапыл соғыс даласында жан берген батырларымызды мәңгiлiк есте сақтаймыз және жеңiмпаз — әскерiмiздiң қуаттылығы үшiн тер төккен тыл еңбеккерлерiнiң ерен еңбегiн мақтан тұтамыз.

1945 жылғы Жеңiс — сана-сезiмiмiзде нық орын алған — өз Отанына деген шынайы берiлгендiктiң, қайтпас қаһармандылықтың және мәңгiлiк ерлiктiң жарқын белгiсi. Көп ұлтты Қазақстан халқы бiрлiгiнiң, өз отанына және өз тарихына деген құрметiнiң нышаны. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, халық бiрлiгiнiң нәтижесiнде ғана соғыста жеңiске жеттiк.

Өскелең ұрпаққа өжеттiлiк пен ынтымақтастықты көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне шынайы сүйiспеншiлiгiмiздi және терең алғысымызды бiлдiремiз. Аргерлердiң соғыс жылдарындағы ерлiгi мен ерен еңбегi бiздi бейбiт мақсаттарға, елiмiздiң егемендiгi мен бостандығын сақтауға, оның қуаттылығын нығайтуға жетелейдi.

Осы бiр атаулы күнi сiздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тiлеймiз. Аспанымыз әрқашан ашық болсын!

Iзгi ниетпен,
Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин

Дата публикации
09 мая 2018
Дата обновления
09 мая 2018
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы