Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi күнiмен құттықтау (04.06.2018)

ҚҰРМЕТТI АҚМОЛАЛЫҚТАР!

Қуанышты уақиға — Отанымыздың басты қаласы елорданың 20 жылдық мерейтойына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бүгiнгi таңда, Астана — тәуелсiз және қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттiң символы, барша Қазақстан халқының қажырлы еңбегiнiң нәтижесiнде күннен-күнге гүлденiп келе жатқан қала. Елiмiздiң барлық халқымен бiрге, бiз елорда маңы өңiрiнiң тұрғындары — ақмолалықтар да Астана қаласының дамуына өз үлесiмiздi қосып келемiз.

Бiз өткерген меже, бiздiң жас мемлекетiмiздiң жетiстiктерi мен табыстарын анық байқауға мүмкiндiк бередi. Осы жылдары Астана саяси өмiрдiң орталығына, адамзаттың жаһандық мәселелерiн, қауiпсiздiк пен ынтымақтастық мәселелерiн шешуде әлем көшбасшылары кездесетiн орынға айналды.

Осы мереке күнi ақмолалықтарды Астана күнiмен құттықтаймын. Бейбiтшiлiк пен ашық аспан, мейiрiмдiлiк пен парасаттылық, баянды бақыт пен ұзақ ғұмыр тiлеймiн.

Мәңгiлiк Елдiң жас елордасы шарықтап, гүлдене берсiн.

Дата публикации
06 июня 2018
Дата обновления
06 июня 2018
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы