ҚҰРМЕТТI МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI!
Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — Медицина қызметкерлерiнiң күнiмен шын жүрегiмнен құттықтаймын! Осы бiр атаулы күн — сiздерге көп жылы сөздер айтатын, ыстық ықылас бiлдiретiн күн. Дәрiгердiң жұмысы — ең қажырлы жұмыс, сiздер күн сайын мыңдаған адамдардың өмiрiне араша түсесiздер, олардың денсаулығы үшiн күресесiздер.
Пациенттерге медициналық қызметтердiң сапалы көрсетiлуiн жақсарту және еңбектерiңiздi жеңiлдету үшiн, жыл сайын мемлекет тарапынан емдеу-алдын алу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасы жетiлдiрiледi. Өткен жылы облыста 206 медициналық жабдық, 33 санитарлық автокөлiк, екi компьютерлiк томография, жылжымалы цифрлық маммографиялық жүйе, эндоскопиялық жабдық және төрт мобильдi рентгенодиагностикалық жүйе сатып алынды. Атбасар мен Астана қалаларында өңiрлiк инсульт орталығы ашылды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының аясында облыс бойынша Кешендi медициналық ақпараттық жүйе енгiзiлуде, ол сырқат тарихының қағаз нұсқасын ауыстыруға, дәрiгерге жүктеменi қысқартуға және медициналық мекемелерде кезектi төмендетуге мүмкiндiк бередi. Пациенттiң электронды денсаулық паспорты құрылды. «Damumed» мобильдi қосымшаның көмегiмен дәрiгердiң қабылдауына жазылуға немесе оны үйге шақыруға, рецепт пен хабарламаны алуға, мамандардың жұмыс кестелерiн бiлуге болады.
Биыл Ш.Уәлиханов атындағы КМУ базасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша медициналық факультет ашылатын болады.
Қазiргi кезде, облыстың денсаулық сақтау жүйесiнде 1857 дәрiгер мен 6446 орта буын медицина қызметкерлерi жұмыс iстейдi, олар өмiрдiң қиын сәтiнде көмекке келуге әрқашанда дайын.
Осы қуанышты күнi, барлық медицина саласының қызметкерлерiне күнделiктi қиын жұмыстарыңыздың барысында адамдардың өмiрi үшiн араша түскендерiңiз, өз мамандығына шынайы берiлгендiктерiңiз үшiн сәттiлiк, сiздерге және сiздердiң жақындарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас қуат, отбасылық бақ-береке тiлеймiн.