Құрметтi ақмолалықтар!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнiмен шын жүректi құттықтауымды қабыл алыңыздар!
1995 жылдың 30 тамызы — бiздiң мемлекетiмiздiң тарихындағы жаңа да жарқын беттер жазылған ерекше күн. Ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен және бүкiлхалықтық қолдауға ие болған Ата Заң Қазақстанның болашақ табыстарының сенiмдi iргетесына айналды.
Бүгiн бiз таңдаған жолымыздың дұрыстығына, бабаларымыздың көпғасырлық үмiтi орындалғанына қуанып, олардың тәуелсiздiк пен бостандыққа ұмтылған армандары жүзеге асқан заманауи құқықтық мемлекет құра алғанымызды мақтан етемiз.
Елiмiз Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында жаңа өзгерiстер дәуiрiне қадам басты. Ақмола облысы батыл бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға қабiлеттi үлкен әлеуетке ие. Бiз сiздердiң Конституция ұстанымдарына құрмет пен берiк сезiмдерiңiз, адал еңбектерiңiз арқылы ғана бұдан да жоғары жетiстiктерге жетемiз.
Бүгiнгi мереке күнi сiздерге және сiздердiң отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт, туған өлкемiздi гүлденту жолында табыс пен жаңа жетiстiктер тiлеймiн!
Құрметпен
Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин