Қадiрлi ардагерлер!
Бүгiнгi айтулы мереке — Халықаралық Қарттар күнiмен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Сiздердiң еселi еңбектерiңiздiң арқасында бүгiнгi тәуелсiз елiмiздiң рухани және материалдық байлығы жасалды, өнеркәсiп өркендеп, ауыл шаруашылығы саласы мен ғылым дамыды, қалалар салынып, бiлiм және денсаулық сақтау жүйесi жетiлдiрiлдi.
Сiздер — өздерiңiздiң ерлiк енбектерiңiзбен, Отанға деген шынайы сүйiспеншiлiктерiңiзбен, байыпты өмiрлiк ұстанымдарыңызбен бүгiнгi ұрпаққа үлгi-өнегесiздер, елiмiздiң Тәуелсiздiк таңы атқан тарихи кезеңнiң куәгерiсiздер.
Бүгiнгi айтулы мерекелi күнi туған ел мен жерге деген сүйiпеншiлiктерiңiз, өңiрiмiздiң қоғамдық өмiрiне белсене қатысып, ортақ iске өз үлестерiңiздi қосып жүргендерiңiз үшiн сiздерге деген алғыс сезiмiмдi бiлдiруге рұқсат етiңiздер. Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ ғұмыр және отбастарыңызға береке-бақыт тiлеймiн.