Құрметтi ұстаздар!
Баршаңызды төл мерекелерiңiз — Мұғалiмдер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев әрдайым тек бiлiмдi ұлт қана бәсекелестiкке қабiлеттi болады деп айтып жүредi. Сондықтан да, мемлекеттiк саясаттың басым бағыты бiлiм және адам капиталын дамыту болып қала бередi.
Сiздердiң абыройлы мiндеттерiңiз әрқашан болашаққа бағдарланған. Ұстаздардың педагогикалық шеберлiгi мен өз iсiне деген шығармашылық iзденiстерi, даналығы мен сабырлылығы, балаларға саналы тәрбие мен сапалы бiлiм берудегi қатаң да мейрiмдi ұстанымдары елiмiздiң ертеңгi болашағын құруға лайықты жас ұрпақты қалыптастыруға игi ықпалын тигiзедi.
Осы бiр айтулы мерекелi күнi сiздерге деген шынайы құрметiм мен алғыс сезiмiмдi қабыл алыңыздар. Сiздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбастарыңызға береке-бақыт, еңбектерiңiзге жемiс тiлеймiн.