Құрметтi ақмолалықтар!
Бiздiң елiмiздiң ең басты ұлттық мерекесi — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiмен шын пейiлдi құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Халқымыздың тарихи таңдауының және Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың орасан зор еңбегiнiң арқасында өзiнiң еркiн дамуының жиырма жетi жылында Қазақстан мықты, экономикалық табысты мемлекет құруда алға аршынды қадам жасады.
Қазақстандық жолды әлемдiк қауымдастық та мойындап отыр. Бүгiнгi таңда бiзде одан әрi дамудың нақты стратегиялық жоспары бар. Бiздiң бәрiмiз белсендi құрылысшылар ретiнде маңызды мiндеттi орындап — бәсекеге қабiлеттi гүлденген елдiң шоқтығын биiктетудемiз. Тұрақтылық, ынтымақ-бiрлiк, еңбексүйгiштiк пен өз мемлекетiмiзге пайда әкелу ұмтылысы табыстың негiзгi өлшемi болып табылады.
Бiздiң Отанымыздың игiлiгi жолындағы, тарих және болашақ ұрпақтар үшiн алда тұрған мiндеттерге қол жеткiзу тұрғысындағы биiк мұраттарымызға осы бiр жарқын мереке қашанда болсын күш-жiгер мен сенiм берсiн. Сiздерге және сiздердiң жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт және өмiрдiң бар жақсылығын тiлеймiн
