Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің «Ақмола облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» есебі

«Қазақстан — 2050» Даму стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен өмiр сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетiлген Қазақстанның үшiншi жаңғыруының саяси бағыты. Онда елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының өзектi мәселелерiн шешу және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрi арттыру жөнiндегi мiндеттер қойылады. Облыс экономикасының үдемелi дамуы, Елбасымыз қойған барлық мiндеттердi табысты iске асыру үшiн бiзде жеткiлiктi негiз құрылғанын көрсетедi. 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық негiзгi бағыттарда оң нәтижелерге қол жеткiзiлдi. Экономиканың бес базалық саласының өндiрiс көлемiнiң өсуi есебiнен қысқа мерзiмдi экономикалық индикатор 105 пайызды құрады. 478 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру, 4700-ден астам отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бердi. Орташа айлық жалақы 9,4 пайызға өсiп, 120523 теңгенi құрады. 12,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

ӨНЕРКӘСIП

Мықты және бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi дамыту арқылы индустрияландыру өңiр экономикасын әртараптандырудың негiзi болып қалуда.

2018 жылы индустриялық секторда жоғары өсу қарқыны байқалды (НКИ — 106,9%). 2017 жылмен салыстырғанда тауар өнiмiнiң көлемi 83,5 миллиард теңгеге өсiп, 645,6 миллиард теңгенi құрады.

Өнеркәсiп құрылымында өңдеу секторының үлесi 80,6 пайызға дейiн артты.

Өнеркәсiптiң өсуi металлургия (14 пайызға), тамақ өнеркәсiбi (5 пайызға), жеңiл өнеркәсiп (10,7 пайызға), химия (2,6 пайызға), машина жасау (9,8 пайызға) салаларындағы көлемдердiң ұлғаюы есебiнен қамтамасыз етiлдi.

Өндiрiс өсiмi «Степногорск ЕМК» АҚ (подшипниктер шығару 57,2 пайызға өстi), «Тыныс» АҚ (өсiм 1,4 есе), «Асыл-Арман» ЖШС (қаптар мен биг-бэг шығару 14 пайызға өстi), «ENKI» ЖШС (кiрпiш шығару 23,9 пайызға өстi), «ҚазШпал» АҚ (құрылыс мақсаттары үшiн бетоннан бұйымдар шығару 1,3 есе өстi) кәсiпорындарында байқалды. Өткен жылы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС жаңа техника игерiлдi. Amity Technology (АҚШ) компаниясымен келiсiм аясында 13 егiн егу кешенi жиналып iске асырылды. «ENKI» ЖШС жаңа желiсiнде әр түстi кiрпiш шығару басталды, соның нәтижесiнде кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты жылына 60 миллион данадан 72 миллион данаға дейiн өстi. «Көкше-Цемент» ЖШС цемент зауыты өнiмiн өткiзу нарықтары игерiлуде, 2018 жылы 400 мың тоннадан астам цемент жөнелтiлдi, ол Астана қаласының құрылыстарында және ҚР өңiрлерiнде оң пiкiрлерге ие болды, болашақта Өзбекстан мен Ресей Федерациясының нарығына шығу жоспарлануда. «Тыныс» АҚ-да керамокомпозиттi бронеплиттер — инновациялық өнiм өндiрiсi игерiлдi.

Металлургия саласында дамудың жоғары әлеуетi сақталуда, онда 2018 жылдың қорытындысы бойынша 30 тоннадан астам жартылай өңделген алтын өндiрiлдi, ал ағымдағы жылы «Kazakhaltyn Technology» ЖШС фабрикаларының жобалық қуатына шығуы есебiнен шамамен 32 тонна жоспарлануда.

Тау-кен өнеркәсiбi секторларында «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Өркен» ЖШС «Өркен-Атансор» өкiлдiгiнде темiр рудасын (1,9 пайызға) өндiру көлемiнiң ұлғаюы есебiнен түстi металл кендерiн өндiру көлемi (7,6 пайызға) артты.

2018 жылы өнеркәсiп кәсiпорындары технологиялық жаңғыртуға белсендi инвестиция салды — 40 пайыз өсiмiмен шамамен 60 миллиард теңге игерiлдi.

Iрi кәсiпорындармен өндiрiстi цифрландыруға және Индустрия 4.0 элементтерiн енгiзуге 2 миллиард теңгеден астам қаражат салынды. Бұл «Қазақалтын» ТМК» АҚ-да тау-кен қазбаларын модельдеу, «Тыныс» АҚ-да конструкторлық-технологиялық құжаттаманы автоматтандыру, «Көкше-Цемент» ЖШС-да шикiзатты автоматты iрiктеу және ауыстыру модульдерi және басқалары сияқты технологиялар. Аталған жұмыс 2019 жылы да цифрландыру бойынша бекiтiлген жоспарлар шеңберiнде жалғасатын болады.

Нәтижесiнде 2018 жылдың қорытындысы бойынша (2018 жылғы 9 айдың деректерi) өнеркәсiп саласында жұмыспен қамтылғандар саны 3,2 пайыз өсiмiмен 29 мың адамды, орташа айлық жалақы 2017 жылға қарағанда 17,6 пайызға өсiмiмен 160,3 мың теңгенi құрады.

Өңдеу өнеркәсiбiнiң негiзгi капиталына 2017 жылға қарағанда 35,1 пайыз өсiмiмен 44,6 миллиард теңге инвестиция салынды.

Өңдеушi сектор өсiмiнiң оң серпiнiне инвестициялық жобаларды iске асыру ықпал етедi.

9 жыл iшiнде Индустрияландыру бағдарламасының шеңберiнде 306,5 миллиард теңгеге 83 жоба iске асырылды, оның iшiнде жоғары қосылған құнымен — 45, экспортқа бағдарланғаны — 27,9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

2018 жылы 52 милииард теңге жалпы құнымен 4 жоба iске асырылды, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Олардың қатарында, iрi тамақ өнеркәсiбi жобасының 1-кезегi — 50 мың тонна жылдық қуаттылығымен бройлерлiк құс фабрикасы (құны 45,6 миллиард теңге). Iске асырылған жобалар, өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң тұрақты өсуi үшiн сенiмдi негiз қалады. 2018 жылы iске қосылған объектiлердiң есебiнен жалпы көлемнен 54,6 пайыз өнеркәсiп өнiмi өндiрiлдi (2017 ж. — 50 пайыз), өңдеу өнеркәсiбiндегi үлесi — 62,7 пайыз (2017 ж. — 57 пайыз).

Мемлекеттiк бюджетке салық түсiмдерiнiң үлесi 35,9 пайыз құрады немесе 57 миллиард теңге түстi.

2018 жылы индустриялық-инновациялық жобалардан басқа 3,6 миллиард теңгеге 16 инвестициялық жобалар iске қосылды.

Индустрияландыру бағдарламасы шеңберiнде 50 миллиард теңге сомасына (1200 жаңа жұмыс орны) 9 жобаны, бағдарламадан тыс 18,5 миллиард теңгеге 22 жобаны iске асыру жалғасуда.

2019 жылы машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы сияқты салалар өнеркәсiптiк өсiмнiң драйверлерi болады.

Көкшетау қаласында «John Deer» маркалы ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және сервистiк қызмет көрсету бойынша сервистiк орталығының құрылысын аяқтау жоспарлануда («Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС).

«Вектор» ЖШС-да өндiрiстiк қуаттылықты кеңейту және «Асгоѕ» комбайндарының жаңа моделiн игеру есебiнен астық жинау комбайндарын құрастыру көлемiн 4 есеге (380 данаға дейiн) ұлғайту жоспарлануда.

«Степногорск ЕМК» АҚ ресейлiк темiр жол тапсырыстарының өсiп келе жатқан көлемiн ескере отырып, подшипниктер шығаруды 15 пайызға ұлғайтуды жоспарлауда.

Сондай-ақ, 2019 жылы Бурабай ауданында «RG Gold» ЖШС базасында қуаты 5 миллион тоннаға дейiн кен, жылына 6 тоннаға дейiн алтын шығаратын жаңа алтын шығару фабрикасының құрылысы басталады. Бұл республикада асыл металдың осы түрiн өндiру бо-йынша көшбасшылық позицияны нығайтуға мүмкiндiк бередi (бүгiнгi таңда облыс ҚР жалпы көлемiнен 31 пайыз өндiредi).

Құрылыс индустриясында тұрғын үй құрылысын жандандыруды ескере отырып, «Көкше-Цемент» ЖШС, «Регион-Строй» ЖШС кәсiпорындары, «ENKI» ЖШС және «Astana Ceramic» ЖШС кiрпiш зауыттары сияқты кәсiпорындардың өнiмдерiне жоғары сұраныс күтiлуде. Көкшетау қаласында 100 мың текше метр жылдық қуаттылығымен «Намыс» ЖШС темiр-бетон бұйымдарын шығару желiсiн iске қосу 2019 жылғы перспективалық жоба болып табылады.

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-ның 2-шi кезегiн iске асыру жалғасады, оның аяқталуы 2020 жылға жоспарланып отыр.

Кәсiпорын Қазақстанның iшкi нарығының құс етiне деген қажеттiлiгiн 15 пайызға дейiн қамтамасыз ететiн болады және импортты (50 пайыздан) 30 пайызға дейiн төмендетедi.

(2017 жылы ҚР 349 мың тонна тауық етi тұтынылды; өндiрiс — 176 мың тонна, импорт — 173 мың тонна).

Бүгiнгi таңда фабрикадағы еңбек өнiмдiлiгi бiр адамға 25 мың доллардан асады, бұл сала бойынша орташа көрсеткiштен жоғары. Ал екiншi кезектi iске қосу арқылы бұл көрсеткiш тағы 1,5 есе өсетiн болады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта фабрика қуаттылығын 100 мың тоннаға дейiн жеткiзу арқылы 3-кезеңiн (2020-2024 жж.), құс етiн терең өңдеу мен дайын жартылай фабрикаттарды өндiру (2020-2023 жж.) және май өңдеу кешенi (2020-2023 жж.) жөнiндегi зауыт құрылысын жоспарлауда.

АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНI

Агроөнеркәсiптiк кешен облыс экономикасының маңызды салаларының бiрi болып табылады, оның алдында бес жыл iшiнде еңбек өнiмдiлiгiн және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспортын 2,5 есе арттыру мiндетi тұр.

Қойылған мiндеттердi ескере отырып, саланы дамытудың негiзгi басым бағыттарының айқындалуымен өңiрлiк бағдарлама әзiрлендi.

2018 жылы облыстың 4,4 мың агроқұрылымдарына 28,8 миллиард теңге сомасында мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi.

Жыл сайынғы мемлекеттiк қолдаудың және озық технологияларды енгiзудiң нәтижесiнде, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi өндiрiсiнiң тұрақты өсуi байқалуда.

2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 2017 жылғы деңгейге қарағанда 397 миллиард теңгеге дейiн 0,8 пайызға өстi.

Ауа райының қолайсыздығы жағдайына қарамастан 5,6 миллион тонна астық жиналды, орташа өнiмдiлiгi 13 центрнерден, оның iшiнде 80 пайызы жоғары сапалы астық.

Әртараптандыру бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар шеңберiнде майлы дақылдар алаңы 10 пайызға (279 мың га-ға дейiн), рентабельдi дақылдардың бiрi арпа алаңы 20 пайызға (556,2 мың га-ға дейiн) кеңейтiлдi.

Жердi суару технологиясын қолдану мақсатында, 2018 жылы суару алаңы 7 есеге — 21 мың гектарға дейiн ұлғайтылды, 2019 жылы тағы 3 мың гектарға («Сочинское» ЖШС — 1300 га, «Ақмола Феникс» АҚ — 176 га, «Қазбиф ЛТД» ЖШС –280 га, «Родина» АФ» ЖШС –1000 га және «СК Фууд» ЖШС — 365 га) ұлғайту жоспарлануда.

Целиноград ауданында 12,2 мың га алаңда «Алва» көлбеу суару жүйесiн қалпына келтiру жұмыстары аяқталуда.

Жобаларды iске асыру болашақта тағы 115 мың гектар суармалы жерлердi айналымға тартуға мүмкiндiк бередi.

Жердi ұтымды пайдалану мақсатында, 2018 жылы алғаш рет нақты егiншiлiк элементтерiнiң бiрi болып табылатын ғарыштық мониторинг жүргiзу үшiн облыстық бюджеттен 19 миллион теңге сомасында қаржы бөлiндi. Егiс карталарын цифрландыру бойынша 5,7 миллион гектар алаңда жұмыс 100 пайыз жүргiзiлдi.

«Бараев атындағы АШ ҒӨО» ЖШС базасында 3 мың гектар алаңда полигон құрылды, онда нақты егiншiлiктiң барлық элементтерi сынақтан өткiзiледi, 3 базалық кәсiпорын анықталды

(Целиноград ауданының «Ақмола Феникс» АҚ, Зерендi ауданының «Дихан Плюс» ЖШС және Бұланды ауданының «Журавлевка-1» ЖШС).

Нақты егiншiлiк пен мал шаруашылығының жекелеген элементтерi облыстың 120 шаруашылығына енгiзiлдi.

2018 жылы облыс бойынша 9 конкурс өткiзiлдi, оның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы айналымына 37,1 мың гектар алаңымен 104 жер учаскесi тартылды.

Мал шаруашылығы саласында (НКИ –103,4 пайыз) шаруашылықтың барлық санаттарымен 109,5 мың тонна тiрi салмақта ет (2017 жылдың деңгейiне 6 пайыз өсiммен), 385,8 мың тонна сүт (0,5 пайыз өсiммен) және 886,5 миллион дана жұмыртқа (11,7 пайыз өсiммен) өндiрiлдi.

IҚМ басы 1,6 пайызға (410,6 мың мал басына дейiн), оның iшiнде сиыр 1,8 пайызға (207,8 мың мал басына дейiн), қой мен ешкi 2,1 пайызға (522,2 мың мал басына дейiн), жылқы 0,1 пайызға (172,3 мың мал басына дейiн), құс 34,1 пайызға (7,7 миллион құсқа дейiн) өстi.

Еттi мал шаруашылығын дамыту шеңберiнде 6000 мал басына арналған қолданыстағы бордақылау алаңдарының қуаттылығы кеңейтiлдi (Целиноград ауданындағы «Агро Парк» ЖШС, Аршалы ауданындағы «Ренессанс» ЖШС 15,5 мыңнан 21,5 мың мал орнына дейiн).

Зерендi ауданының «Щучинский гормолзавод» ЖШС-да асыл тұқымды мал басының бордақылау алаңын 10 мың мал басына дейiн кеңейту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

30 жаңа отбасы фермалары 2700 iрi қара мал басын әкелуге кредит алды. 2023 жылға 16 мың бордақылау орны қуаттылығымен шамамен 700 ет фермалары құрылатын болады.

Жалпы қуаттылығы 900 мал басынан астам 15 сүттi-тауарлы фермалар iске қосылды. Алдағы уақытта 7,2 мың мал басы сауын табынды қуаттылығымен 5 iрi сүттi-тауарлы ферманы iске қосу жоспарланып отыр.

Облыста сүттi мал шаруашылығын дамыту үшiн республикада сүт тұқымдарының төлiн өсiру бойынша асыл тұқымды емес ферма құру бойынша бiрiншi жоба басталды, оны iске асыру республиканың тауар шаруашылықтары арасында ең үздiк әлемдiк тұқымның жоғары бағалы асыл тұқымды төлiн жыл сайын 3 мың басқа дейiн көбейтуге мүмкiндiк бередi.

Мал шаруашылығы саласында цифрландыру элементтерi бар 6 ферма жұмыс iстейдi, оның 3-еуi — еттi бағыттағы (Ақкөл ауданының «SC Food» ЖШС, Бурабай ауданының «Щучинск жем зауыты» ЖШС, Бiржан сал ауданының «ҚазБиф» ЖШС), 3-еуi — сүттi бағыттағы (Астрахан ауданының «Камышенка» ЖШС, Ақкөл ауданының «Еңбек» ЖШС және Ерейментау ауданының «Хамзе» ШҚ).

3 iрi сүттi-тауарлы фермалар (Целиноград ауданының «Астана өнiм» АҚ және «Родина» АФ» ЖШС, Бурабай ауданының «Есiл Агро» ЖШС) толығымен цифрландырылды.

2018 жылы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, жобалық көзқарасты алғаш рет қолдана отырып, Астананың азық-түлiк белдеуiн дамытуға қатысты Елбасының тапсырмасын орындау аясында облыстың 9 ауданында жалпы сомасы 23,3 миллиард теңгеге 92 жоба айқындалды, оның iшiнде өңiрдiң еттi саласын дамытуға 56 жоба, сүт саласын дамытуға 17 жоба бағытталды. Жемшөп өндiрiсi мен көкөнiс шаруашылығын қарқындату аясында 14 жобаны iске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, облыстың құс шаруашылығы, ешкi шаруашылығы, балық шаруашылығы және жылыжай шаруашылығы саласын дамыту бойынша жобалар iске асырылуда.

Ағымдағы сәтте жоспарланған 92 жобаның 15-i iске асырылды (оның iшiнде: Ақкөл — 1 (ет фермасы), Аршалы — 3 (ет фермасы), Бұланды — 2 (1 СТФ және 1 ет фермасы), Бурабай — 4 (1 СТФ және 3 ет фермасы), Зерендi — 1 (ет фермасы), Целиноград — 2 (1 ешкi шаруашылығы, 1 мал бордақылау алаңы), Шортанды — 2 (1 сүттi қайта өңдеу, 1 пакеттеу).

Тұтастай алғанда, болашақта азық-түлiк белдеуiнiң жобаларын iске асырудан күтiлетiн нәтиже қатысушыларға жыл сайын қосымша 40,9 мың тоннаға дейiн сүт, 3,2 мың тоннаға дейiн сиыр етiн, 7 тоннаға дейiн қой етiн, 25 мың тоннаға дейiн құс етiн, 2 тоннаға дейiн iрiмшiк және iрiмшiк өнiмдерiн, жылына 1 мың тоннаға дейiн тауарлық балық, 15,1 мың тоннаға дейiн көкөнiс өндiруге мүмкiндiк бередi.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 84,1 миллиард теңге сомасына азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi, бұл 2017 жылдың деңгейiнен 5 пайызға артық.

Ет өндiрiсi 12,3 пайызға (26,4 мың тонна), өңделген сүт 9,8 пайызға (59,7 мың тонна), өсiмдiк майы 18,9 пайызға (28,5 мың тонна), сары май 77,5 пайызға (1 мың тонна), iрiмшiк және сүзбе 30 пайызға (1 мың тонна), макарон өнiмдерi 4,6 есеге (409 тонна) өстi.

Iске асырылып жатқан жаңа жобалар жоғары сапалы өнiм шығаруға бағытталған.

2018 жылы Атбасар ауданында өндiрудiң және өңдеудiң толық топтамасымен тәулiгiне 6 тонна күнбағыс майын өндiру зауыты құрылды, астық дақылдарын өңдеу жөнiндегi зауыт iске қосылды («Ирченко-Элеватор» ЖШС, қуаттылығы жылына 35 мың тонна).

«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС қосымша көкөнiс өсiру өндiрiсiн кеңейттi, Есiл ауданында жаңа жылыжай кешенi iске қосылды («Органика» ЖШС, қуаттылығы жылына 180 тонна), Аршалы және Жарқайың аудандарында екi жаңа көкөнiс сақтау қоймасы ашылды («Жiбек Жолы Агросервис» ЖШС 2,5 мың тоннаға және «Тура Агро» ЖШС 2 мың тоннаға).

2019 жылы Жақсы ауданында жарма өндiру бойынша цех, ұн өндiретiн кәсiпорын («Урожай» ЖШС), сүттi өңдеу бойынша жұмыс iстеп тұрған 3 кәсiпорынды («Гормолзавод», «Есiл майкомбинаты», Харсиев ЖК) жаңғырту және заманауи ет өңдеу зауытын («Blicterminal» ЖШС) салу жоспарлануда.

Сүт өнiмдерiн өндiрудiң заманауи технологияларын қолдану есебiнен «Родина» агрофирмасымен» (Целиноград ауданы) 2018 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейi 30 мың АҚШ долларын құрады, бұл сала бойынша орташа көрсеткiштен 6 есеге жоғары.

«Логос Грейн» ЖШС (Бұланды ауданы) еңбек өнiмдiлiгi орташа 15 мың АҚШ долларын құрайды.

Жалпы, агроөнеркәсiптiк кешенде еңбек өнiмдiлiгi 13,1 пайызға өсiп, 1,5 миллион теңгенi құрады (2018 ж. 9 ай деректерi).

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң экспорты 19 пайызға артты (2018 жылғы қаңтар-қараша — 1519,4 мың тоннаға 267,9 миллион АҚШ доллар), экспорт құрылымында негiзгi үлестi бидай (36%), арпа (6%), рапс тұқымы (3,3%), тағамдық тауық жұмыртқасы (1,8%), ұн (9%) алады.

ЕАЭО және үшiншi елдерге экспорттауға құқығы бар кәсiпорындар тiзiлiмiне ет және сүт өнiмдерi, тағамдық жұмыртқа, ұн, өсiмдiк майы, балмұздақ өңiрлiк брендiмен 172 кәсiпорын қосылды (оның iшiнде ЕАЭО 137, ҚХР 34, басқа елдер 1).

Астана қаласында 5 «AQMOL» дүкенi ашылды, сауда желiсiн кеңейту жұмыстары 2019 жылы да жалғасады (8-ге дейiн жоспарланып отыр).

Осындай дүкендер келешекте Көкшетау қаласында, одан кейiн облыстың аудан орталықтарында да ашылады.

2018 жылы бағаның өсуiн тежеу мақсатында 677 жәрмеңке өткiзiлдi, онда орташа бағадан 20 пайызға дейiн төмен бағамен жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге шамамен 2920 тонна әртүрлi өнiм сатылды.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Шағын және орта бизнестi дамыту — кез келген ел экономикасының негiзi. Жыл сайын мемлекет бизнес жүргiзу үшiн жағдайды жақсартып, жобаларды қаржыландыру көлемiн ұлғайтуда.

2018 жылдың қорытындылары бойынша шағын және орта кәсiпкерлiк саласында 132,7 мың адам немесе облыстың экономикалық белсендi халқының 31 пайызы жұмыспен қамтылды (2017 жылға қарағанда 6 пайызға өстi). 6614 жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыс бюджетiне ШОК субъектiлерiнен 2017 жылға қарағанда 3,8 пайыз өсiммен 37,1 миллиард теңге келiп түстi. Жалпы өңiрлiк өнiмдегi ШОК өнiмiнiң үлесi 27 пайызды құрады.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының қолданылуын 2025 жылға дейiн ұзартуды және оны iске асыруға жыл сайын кемiнде 30 миллиард теңге бөлудi тапсырды.

Бағдарлама аясында 2018 жылы 3,4 миллиард теңге бөлiндi, 353 жоба қолдау тапты. Бағдарлама қатысушыларымен 479,4 миллион теңге салық төлендi, 797 жұмыс орны ашылды.

Бағдарлама аясында шағын бизнестi дамыту үшiн жас және кәсiбiн жаңадан бастаған кәсiпкерлерге өз iсiн ашуына тегiн үш миллион теңгеге дейiн алуға мүмкiндiк беретiн гранттық қаржыландыру, маңызды құрал болып табылады. Гранттар 40 миллион теңгеге 18 кәсiпкерге бөлiндi.

Екiншi деңгейдегi банктер ШОК субъектiлерiне 67,8 миллиард теңге сомасында кредит бердi, бұл берiлген кредиттердiң жалпы көлемiнiң 30,4 пайызын құрайды, ең көп кредиттер ауыл шаруашылығы саласында — 51,5 пайыз, сауда саласында — 22,2 пайыз.

Қаржылық емес қолдау шараларымен 2145 кәсiпкер қамтылды, 18 кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары арқылы 15 849 консультациялық көмек көрсетiлдi. Бағдарламаның әр түрлi бағыттары шеңберiнде («Бизнес кеңесшi», «Бизнес өсу», «Iскерлiк байланыстар»,

«Назарбаев Университетi» ДБҰ жанындағы ШОБ топ-менеджментi) 946 адам оқудан өттi. Коммерциялық мақсаттар үшiн сауда-саттықтың аукцион нысаны арқылы 408 миллион теңге сомасына 102 гектар алаңымен 276 жер учаскесi сатылды.

Халықтың бос жер учаскелерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн облыс аудандары мен қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары коммерциялық және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн бос жер учаскелерiн көрсете отырып, «Қолжетiмдi жер» интернет-картасы әзiрлендi және ақпараттық порталдарда орналастырылды.

Кәсiпкерлiктi ынталандыру үшiн Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберiнде шағын кредит беру құралдары кеңейтiлдi. Осы бағыт бойынша 3,7 миллиард теңге бөлiндi, бұл 2017 жылға қарағанда 1,4 есеге артық. Берiлген шағын кредиттер саны 923-ке дейiн 2 есеге өстi.

Консорциалды келiсiм негiзiнде Ақмола өңiрлiк ғылыми-зерттеу технологиялық паркi құрылды.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2018 жылы инвестиция көлемi 269,8 миллиард теңге деңгейiнде қалыптасты (НКИ 96,1%).

Басым бөлiгi (55,7%) ауылдық жерлерге инвестицияланды, 2017 жылмен салыстырғанда олардың көлемi 9,1 пайыз артты (150,4 миллиард теңге).

Жеке инвестициялар көлемi 210,7 миллиард теңгеге дейiн 1,3 есеге ұлғайды, жалпы көлемдегi үлес 78,1 пайызға жеттi. Оның iшiнде сыртқы инвестициялар үлесi 5,8 пайыз (15,7 миллиард теңге) құрайды.

Кәсiпорындардың меншiктi қаражаты негiзгi капиталға инвестиция салудың негiзгi көздерi болып табылады (49,5%). Тартылған қаражаттың 21,9 пайызын бюджет қаражаты, 12,3 пайызын банк кредиттерi, 16,3 пайызын басқа қарыз қаражаты құрады.

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2018 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемi 817,0 миллион АҚШ долларын құрады, экспорт — 362,5 миллион АҚШ доллары. 2017 жылдың кезеңiне қарағанда 26,5 пайыз өсiммен 32,9 пайызы немесе 119,3 миллион АҚШ доллары өңделген тауарлар экспортына тиесiлi.

Негiзгi экспорттық бағыттар — Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Ауғанстан, Тәжiкстан және жақын шетелдердiң басқа елдерi.

Бидай экспортының көлемi 19,8 пайызға, сұлы 150,1 пайызға, подшипниктер 69,6 пайызға, тауық жұмыртқасы 72,2 пайызға өстi.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2018 жылы 478 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2017 жылға қарағанда 112,1 пайызды құрайды.

Облыс бойынша барлығы 4707 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

2018 жылы тұрғын үй құрылысына 8,1 миллиард теңге тартылды, оның iшiнде республикалық бюджеттен — 4,4 миллиард теңге, облыстық бюджеттен — 2,4 миллиард теңге, МБҚ есебiнен — 1,3 миллиард теңге.

«Сатып алусыз жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 22,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде:

– республикалық бюджет қаражаты есебiнен — 14,8 мың шаршы метр: бес үй Көкшетау қаласында (40 шаршы метр тұрғын үйлер), бiр үй Сандықтау ауданында (18 шаршы тұрғын үй), бiр тұрғын үй Бурабай ауданының Щучинск қаласында (45 шаршы тұрғын үй);

– облыстық бюджет қаражаты есебiнен — 7,8 мың шаршы метр: Целиноград ауданының Қосшы ауылында (45 шаршы метр тұрғын үй), Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында (2 пәтерлi тұрғын үй), Астрахан ауданының Астрахан ауылында (36 шаршы метр тұрғын үй), Атбасар ауданының Атбасар қаласында (45 пәтерлi тұрғын үй, 1-позиция).

«Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесi арқылы кредиттiк тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Бәйтерек» АҚ қаражатын тарту есебiнен Көкшетау қаласында 2017 жылдан бастап ауыспалы 12,1 мың шаршы метр ауданымен үш 45 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлдi. (Көктем, 11Б, Центральный шағын ауданы, 55 Б (1-поз.және 2-поз.).

«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты шеңберiнде 2018 жылы республикалық бюджеттен сумен жабдықтау желiлерiн салуға (585,129 миллион теңге сомасына 7 жоба) және электрмен жабдықтау желiлерiн салуға (917,861 миллион теңге сомасына 9 жоба) 1,5 миллиард теңге бөлiндi.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 431 жер учаскесi инженерлiк желiлермен қамтамасыз етiлдi (Атбасар қаласында 69 участок, Аршалы кентiнде 200 участок, Аршалы ауданының Ақбұлақ ауылында 77 участок, Степногорск қаласында 85 участок).

Құрылыс объектiлерiне 23 километр желi тартылды (сумен жабдықтау тораптары — 20,2 км, электрмен жабдықтау желiлерi — 2,8 км).

Жеке тұрғын үйдi пайдалануға беру қарқыны 108 пайызды құрады (270 мың шаршы метр пайдалануға берiлдi).

Ипотекалық кредиттеу бағдарламасының «7-20-25». Әр отбасы үшiн тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкiншiлiктерi» шеңберiнде 2018 жылы 1,8 миллиард теңгеге 213 өтiнiм мақұлданды.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу көздерiн жаңғырту мәселелерi белсендi шешiлуде.

2018 жылы Есiл қаласында (6,7 миллиард теңгеге) және Шаңтөбе кентiнде (1 миллиард теңгеге) екi жаңа қазандық iске қосылды.

Нәтижесiнде, Есiл қаласы бойынша ғана жалпы ауданы 200 мың шаршы метр болатын қосымша 111 көп пәтерлi тұрғын үй, қоғамдық және сауда объектiлерi қосылды, яғни 10 қазандықтың орнына қала тұрғын үй массивiнен тыс шығарылған бiр қазандықпен жылытылатын болады, бұл тұтынушыға жылуды тасымалдау кезiндегi нормативтiк шығындарды 18,8 пайыздан 5-6 пайызға дейiн қысқартуға мүмкiндiк бердi.

Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы бойынша Астана қаласы «Дән» ЖШС-мен мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шарты жасалды. Нысанды iске қосу 2023 жылға жоспарлануда.

Облыста «жасыл экономикаға» айтарлықтай назар аударылады.

2018 жылы жаңартылатын энергия көздерiмен жалпы өндiрiлген көлемнен 16 пайыз электр энергиясы немесе 150 миллион киловатт-сағат өндiрiлдi, бұл мысалы, Атбасар қаласын электрмен жабдықтау үшiн жеткiлiктi.

Бүгiнгi таңда, облыста осы бағытта 3 жоба iске асырылуда: Аршалы ауданында және Көкшетау қаласының Красный яр ауылында жалпы қуаттылығы 103,75 мегаватт жел электр станциясы және Целиноград ауданында қуаттылығы 100 мегаватт күн электр станциясы.

Ерейментау ауданында жалпы қуаттылығы 75 мегаватт жел электр станциясын салу бойынша қосымша 2 жобаны iске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жобаларын iске асыру үшiн жер учаскелерiн беру бойынша аукцион нәтижелерiнiң негiзiнде Аршалы және Зерендi аудандарында жалпы қуаттылығы 150 мегаватт жел электр станциясын салу бойынша екi жеңiмпаз анықталды.

Баламалы энергетика саласындағы барлық жобаларды iске қосу арқылы электр энергиясын өндiру электр энергиясының жалпы көлемiнiң шамамен 25 пайызын құрайды, 2025 жылға қарай 50 пайызға дейiн жеткiзу жоспарлануда.

Баламалы энергетиканың басқа да жобалары iске асырылды.

Пилоттық режимде «Е-КСК» электрондық бағдарламасы iске қосылды, ол тұрғындардың өтiнiмдерiн өңдеуге, есептiлiктi жариялауға, онлайн-дауыс берудi өткiзуге және пайдаланушыларға хабарлама жiберуге мүмкiндiк бередi. Жүйе 64 ПИК енгiзiлдi.

Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспарына сәйкес, есепке алу құралдарын орнату және ауыстыру, ескiрген жабдықтарды қазiргi заманғы энергия үнемдейтiн жабдыққа ауыстыру, қыздыру шамдарын энергия үнемдейтiн шамдарға ауыстыру, жылу-электр-сумен жабдықтау желiлерiн жаңғырту, қайта жаңарту, бюджет секторының ғимараттары мен құрылыстарын терможаңғырту, облыстың қалалары мен ауылдарында көше жарығын жаңғырту жұмыстары жүргiзiлдi.

Жүргiзiлген iс-шаралар нәтижесiнде 2018 жылғы үнемдеу: электр энергиясы бойынша — 5 619,2 мың киловатт-сағат, жылу энергиясы бойынша — 293 мың гигакалория, су бойынша — 713 мың текше метр, отын бойынша 90,9 мың тоннаны құрады.

Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi жоспарлы шешiлуде.

Жалпы, 2018 жылы облыс бойынша 6 елдi мекенде 135 шақырым сумен жабдықтау және 29 шақырым су бұру желiлерi салынды.

Экологиялық проблемаларды шешу мақсатында Щучинск-Бурабай курорттық аймағында бүгiнгi таңда 21 миллиард теңгеден астам сомаға 11 жоба iске асырылуда, бұл 2021 жылға қарай Щучинск қаласын, Бурабай және Қатаркөл кенттерiн, сондай-ақ курорттық аймақта орналасқан сауықтыру орындары мен шипажайларды орталықтандырылған сумен және су бұрумен толық қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Ауылдық елдi мекендердi сумен қамтамасыз ету мәселесi шешiлуде.

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң 59,4 пайыз ғана қамтылған. Орталықтандырылмаған сумен жабдықталған 228 ауылдық елдi мекеннiң 111-iнде 2021-2023 жылдары сумен жабдықтау жүйелерiнiң құрылысы жоспарлануда, 52 елдi мекенде құрамдастырылған блок-модульдер орнату, 65 елдi мекенде сумен жабдықтау жүйелерiн дамыту халық санының азаюы және экономикалық даму әлеуетiнiң төмендiгiнен орынсыз деп танылды.

Тасымалданатын сумен 22 елдi мекеннiң iшiнен 2019-2023 жылдары 5 елдi мекенде сумен жабдықтау желiлерiн салу жоспарлануда, 4 ауылда құрамдастырылған блок-модульдер орнатылуымен, ұңғымалар құрылысы жүргiзiлетiн болады, 13 елдi мекенде сумен жабдықтау жүйелерiн дамыту орынсыз деп танылды.

КӨЛIК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргiзiлдi.

Ақмола облысының республикалық жолдарын дамытуға «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы түрткi болды, оның шеңберiнде облыста Орталық-Оңтүстiк «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» автожолы және Орталық-Шығыс «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» бағыттары бойынша 180,7 миллиард теңге жалпы сомасына 261,3 шақырым жалпы ұзындығы мен жобалар iске асырылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, «Нұрлы жол» жобаларын ескере отырып, облыста 639,5 шақырым автожол реконструкцияланды және жөнделдi, оның iшiнде: жергiлiктi маңызы бар автожолдар — 476,5 километр.

Аталған жобалармен қатар 2017 жылдан бастап ұзындығы 80 шақырым болатын «Щучинск-Зерендi» автожолын жаңарту жүргiзiлуде және 2018 жылы iске асырылған 4 шақырым ұзындығымен Көкшетау қаласына кiреберiс жол учаскесiн реконструкциялау жобалары iске асырылды.

Алдағы уақытта, 2020 жылы Көкшетау қаласына 7 шақырым болатын кiреберiс жолының қалған учаскесi реконструкцияланады. Сондай-ақ, Елбасының шешiмi бойынша 2020 жылдан бастап Орталық-Батыс «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар» бағыты бойынша жобаны iске асыруды бастау жоспарланды. Ақмола облысының аумағы бойынша 354 километр (Каспий теңiзiне дейiнгi жалпы ұзындығы 2,5 мың км) участок реконструкцияланатын болады. Бұл жол Ақмола облысының оңтүстiк шекараларына жанасатын барлық аудандарын өзара қосады. Қазiргi уақытта жобалау-сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргiзiлуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында дамудыңжаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауына сәйкес, жергiлiктi торап жолдарын жөндеу жұмысы белсендiрiлдi. Осыған байланысты, 2018 жылы жергiлiктi маңызы бар жолдарды жөндеуге 12,8 миллиард теңге бөлiндi.

Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Зерендi, Сандықтау, Целиноград аудандарында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша жобалар iске асырылды.

Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың кешендi жоспары шеңберiнде ұзындығы 73 шақырым болатын 11 елдi мекенде (Ақмол, Талапкер, Нұресiл, Қабанбай батыр, Қосшы, Қоянды, Малотимофеевка, Шұбар, Қараөткел, Жалтыркөл және Жiбек Жолы елдi мекендерi) жұмыстар жүргiзiлдi.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту шеңберiнде Текекөл, Зеленый Бор-Мәдениет, Бурабай-Қатаркөл, Щучинск-Бурабай-Наурызбай батыр-облыс шекарасы айналасында, сондай-ақ Бурабай кентiнiң көше-жол желiсi бойынша автомобиль жолдарын салу және жөндеу бойынша жобалар әзiрленуде.

Ағымдағы жылы жергiлiктi маңызы бар жолдарды және қала маңы аймағының елдi мекендерiнiң көшелерiн жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Осы мақсаттарға 13,5 миллиард теңге сомасында қаражат қарастырылды. Көрсетiлген қаражат шегiнде жергiлiктi маңызы бар 293 шақырым жолды және көше-жол желiсiн жөндеу жоспарлануда. Автобус маршруттарының жергiлiктi желiсi дамуда. Жолаушылар автокөлiк қатынасымен елдi мекендердiң 88,2 пайыз қамтылған (100 адамнан астам халқы бар 440 елдi мекен).

11 жаңа ауданiшiлiк қатынас ұйымдастырылып, 2 қолданыстағы маршрут ұзартылды. Автобус қатынасымен қосымша 19 елдi мекен қамтылды.

Ақкөл ауданында «Қараөзек-Ақкөл» ауданiшiлiк автобус маршруты ұзартылды (Қараөзек а. 1 е/м қамтылды), Атбасар ауданында «Октябрьское-Хрящевка-Атбасар» ауданiшiлiк автобус маршруты (Калиновка а. 1 е/м қамтылды), Бурабай ауданында «Щучинск-Қатаркөл-Сосновка» ауданiшiлiк маршруты (Сосновка а. 1 е/м қамтылған), Егiндiкөл ауданында «Тоғанас-Ұзынкөл-Егiндiкөл» ауданiшiлiк маршруты (Тоғанас және Ұзынкөл 2 е/м қамтылған), Ерейментау ауданында «Ажы-Қойтас-Ерейментау» ауданiшiлiк маршрут (Ажы а. 1 е/м қамтылды), Есiл ауданында «Красногорский-Игiлiк-Есiл» ауданiшiлiк маршруты, (Калачи, Игiлiк а. 2 е/м қамтылған), Жақсы ауданында «Жақсы-Терiсаққан» автобус қатынасы (Терiсаққан а. 1 е/м қамтылған), Жарқайың ауданында «Державинск-Костычево», «Державинск-Бiрсуат» автобус қатынасы (Костычево, Донское, Бiрсуат а. 3 е/м қамтылған), Зерендi ауданында «Державинск-Зерендi-Молодежное», «Зерендi-Игiлiк» (Қазақстан, Молодежное, М. Ғабдуллин 3 е/м қамтылған), Сандықтау ауданында «Веселое-Балкашино Новоселовка арқылы», «Веселое-Балкашино Жыланды арқылы» автобус қатынасы ұйымдастырылды (Веселое, Новоселовка, Жыланды а. 3 е/м қамтылған), Шортанды ауданында «Бозайғыр-Шортанды-Пригородное» ауданiшiлiк автобус бағыты ұзартылды, Егемен ауылына дейiн «Шортанды-Бозайғыр-Пригородное» ауданiшiлiк маршруты енгiзiлдi.

2018 жылы мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында жолаушылар көлiгiн жаңғырту бойынша екi жобаны iске асыру басталды: Көкшетау қаласының қоғамдық көлiктерiнде электронды билеттеу жүйесiн енгiзу және автобустарды жаңарту.

Көкшетау қаласының автопаркiн жаңарту мақсатында заманауи талаптар мен стандарттарға жауап беретiн 36 жаңа автобус сатып алынады.

2018 жылы 1 облысаралық «Астана — Түркiстан» темiржол қатынасы және 1 халықаралық «Қарағанды — Томск» бағыты ұйымдастырылды. 2019 жылы 2 маусымдық облысаралық «Астана-Алматы-1» және «Астана-Достық» темiржол қатынасын ұйымдастыру жоспарлануда. 2018 жылы Көкшетау қаласының әуежайынан Алматы, Ақтау және Мәскеу қалаларына 3 тұрақты әуе қатынасы бойынша авиатасымалдау жүзеге асырылды.

АУМАҚТЫҚ ДАМУ

Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiнгi кешендi жоспарын iске асыру жалғастырылды. 2018 жылы 137 кешендi жоспарды iске асыруға 8,5 миллиард теңге бөлiндi.

Целиноград ауданы Р.Қошқарбаев және Қызылжар ауылдарында сумен жабдықтау желiлерiнiң құрылысы, Оразақ-Ақмол ауылының негiзгi су құбырларын қалпына келтiру (2-кезек), Целиноград ауданы Софиевка және Караөткел ауылдарында электрмен жабдықтау желiсiнiң құрылысы, Целиноград ауданы Малотимофеевка, Қабанбай батыр, Қосшы ауылдарының жол желiсiн күрделi жөндеу және Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылына кiретiн жолмен iшкi жолдардағы күрделi жөндеу, Целиноград ауданының Қосшы ауылында екi 45 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы аяқталды. Степногорск моноқаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша мәселелер кезең-кезеңмен шешiлуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2018 жылы Шаңтөбе кентiнде қазандық iске қосылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджеттiк несиелер есебiнен Ақсу және Заводской кенттерiнiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн жаңарту жобасы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 5 миллиард теңгеден астам құнымен «Сопки-305» су тазарту нысандарын жаңарту бойынша жобаны iске асыру басталды, оның iшiнде 2018 жылы 726,6 миллион теңге, ағымдағы жылы жобаны аяқтау үшiн 4,6 миллиард теңге бөлiндi.

2018 жылы 4 және 6 шағын аудандардағы 38 мың шаршы метр кварталiшiлiк жолдар жөнделдi, Степногорск-Өнеркәсiптiк аймақ автомобиль жолының 2,2 шақырымына жөндеу жүргiзiлдi, Ақсу-Бестөбе-Изобильное жолын жөндеу басталды (ұзындығы 25 км жол учаскесi жөнделдi).

Қаланың тұрғын үй қорын одан әрi дамыту және тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жетiншi шағын ауданындағы 143 пәтерлi № 52 тұрғын үй қалпына келтiрiлдi.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы екi үй құрылысына (3 және 4-позициялар) 1019 миллион теңге сомасына жобалау-сметалық құжаттама әзiрлендi.

2018 жылы 59,3 миллиард теңгеге немесе 2017 жылға қарағанда 2 есеге көп тауар өндiрген индустрияландыру жобаларын iске асыру нәтижесiнде өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына (өсiм 26,9 %) қол жеткiзiлдi.

«Қазақалтын Технолоджи» ЖШС Бестөбе кенiшiнде техногендiк минералдық түзiлiмдердi қайта өңдеу бойынша екiншi фабрика- «зәкiрлiк жоба» iске қосылды.

«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 19 жоба субсидиялануда. Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 135,8 миллион теңге сомасына 24 адам шағын кредит алды.

Қолданыстағы шағын және орта бизнестiң саны 3427 данаға дейiн 1,1 пайызға көбейдi. Шағын бизнес субъектiлерiнен мемлекеттiк бюджетке 2,3 миллиард теңгеге салықтар немесе 2017 жылға қарағанда 110,7 пайызға түстi, 506 жаңа жұмыс орны ашылды. 732 тұрақты және 197 уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, сыртқы және iшкi туризмдi дамытуға бiздiң бай табиғи және мәдени әлеуетiмiздi пайдалана отырып, ерекше көңiл бөлу қажет.

Туризм Ақмола облысында ерекше орын алады. Өз кезегiнде облыс Қазақстан Республикасының туристiк аймағы көшбасшыларының бестiгiне кiредi. Облыста туризм саласында 700-ден астам кәсiпорын жұмыс iстейдi.

Бұл жерде 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи парк: «Бурабай», «Бұйратау» және «Көкшетау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы (әлемдегi солтүстiк қызғылт қоқиқаз популяциясы), сондай-ақ 900 мәдениет ескерткiштерi бар.

2018 жылы облысқа алдын ала деректер бойынша 1,1 миллион адам келдi. Облыста қызмет көрсетiлген келушiлер саны 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 1,6 пайызға артып, 270 мың адамға жеттi. Көрсетiлген қызметтердiң көлемi 5,5 миллиард теңгенi құрады (2018 жылдың 9 айындағы деректер). Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарының III кезеңi шеңберiнде 2018 жылы Бурабай ауданының полиция басқармасы ғимаратының, атты взвод және полиция қызметкерлерiне арналған 100 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы аяқталды.

Визит-орталық базасында тарихи-өлкетану мұражайы және Ботай мәдениетiнiң мұражайы құрылды, «Жайлау» этно-ауыл және автокемпингтер ашылды. Стрит-фуд желiсi ұйымдастырылды (20 сауда павильоны). «AsiaWaters» компаниясы жаңа «Qulager Burabay» емдiк-асханалық судың өнеркәсiптiк өндiрiсiн қолға алды.

Қызмет құнын төмендету үшiн, 50 % жеңiлдiкпен турпакеттердi сату (қонақ үй + экскурсиялар) және Burabay City Pass электронды жүйесi енгiзiлдi.

Курорт отельдерi батыс облыстардың 12 кәсiподақ ұйымдарымен келiсiмшарт жасады, онда маусым бойы 1293 қызметкер демалды. Бурабай кентiнде жаңа шағын аудан (14 га) құрылысының басталуымен қатар негiзгi көше мен орталық алаңды абаттандыру жүргiзiлдi, Бурабай көлiнiң жағажай аймағына 2 аллея салынды, қоқысты бөлек жинау жобасы iске асырылуда. «I love Burabay» жазуы және ақпараттық көрсеткiштер түрiнде шағын сәулет объектiлерi орнатылды.

Облыс әкiмдiгi мен «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ арасында қол жеткiзiлген уағдаластық аясында облыс аумағында халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн 9 «KazWay» модульдiк үлгiдегi сервис павильоны орнатылды.

Сервистiң сапасын жақсарту мақсатында сертификатталған қонақ үйлер саны 4-тен 26 объектiге дейiн жетi есеге өстi (оның iшiнде 1 нысан — 5*; 6 нысан — 4*; 9 нысан — 3*; 7 нысан — 2*; 3 нысан — 1*). «Hotel Plaza» қонақ үй кешенiнде Қазақстандағы алғашқы «Сервис және туризм академиясы» ашылды.

Цифрландыруды енгiзу шеңберiнде туристiк ақпараттық орталық Ақмола облысының туристiк әлеуетi туралы жаңа 3 тiлдiк интернет-ресурс — www.visitaqmola.kz енгiздi, «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы құрылды, оның функциясына өңiрдiң танымал орындарын сканерлеу QR-коды кiредi.

Ақмола облысының геоақпараттық порталы туристiк объектiлер бойынша виртуалды турмен жүзеге асырылды, ол геодеректер мен геоақпараттардың үлкен көлемiн жинауға, сақтауға, визуалдауға, талдауға және өңдеуге арналған. www.smartaqmola.kz порталына және «Smart Aqmola» мобильдiк қосымшасына қолжетiмдiлiк бар.

Туристердi тарту мақсатында тұрақты негiзде имидж қалыптастыру бойынша, оның iшiнде елде де, одан тыс жерлерде де өңiрдiң туризмiн ақпараттық iлгерiлету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2018 жылы өңiрдiң туристiк әлеуетiн iлгерiлетуге бағытталған 30 iс-шара, 500-ден астам шетелдiк және қазақстандық туроператорлар, инвесторлар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi үшiн 12 ақпараттық-жарнамалық тур өткiзiлдi. 2018 жылдың басынан бастап Ақмола облысы 4 халықаралық және 1 республикалық көрме мен форумда ұсынылды.

Бурабай курортының тартымдылығын және бизнестi тарту арқылы жыл бойы жүктеудi қамтамасыз ету мақсатында, «Four seasons» тұжырымдамасы iске асырылуда. «Four seasons» күнтiзбелiк iс-шаралар жоспарын iске асыру аясында 28 iс-шара, оның iшiнде 24 зәкiрлi және 4 оқиғалы iс-шара өткiзiлдi.

Аталған iс-шараларға қатысушылардың жалпы қамтылуы 20 мың адамды, мультипликациялық қамту 800 мыңнан астам адамды құрады.

Жалпы, туристiк инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2018 жылы 340 жұмыс орнын ашу арқылы 4,3 миллиард теңгеге 32 инвестициялық жоба iске асырылды.

Облыс орталығын дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргiзiлуде.

2018 жылы қаланың аула аумақтарын абаттандыруға және жөндеуге облыстық бюджеттен 409,6 миллион теңге бөлiндi. Юбилейный шағын ауданы мен Абай-Тәшенов-Әуезов-Пушкин көшелерi шегiндегi аулаларды жөндеу аяқталды.

2019 жылға қаланың аула аумақтарын жөндеуге облыстық бюджеттен 369,7 миллион теңге бөлiндi (Абай-Пушкин-Әуелбеков-Тәшенов көшелерiнiң алаңдарындағы аула аумақтарын күрделi жөндеу).

28 ойын және 15 спорт алаңдары жайластырылды, аула аумақтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Станционный кентiнде, Абай-Темiрбеков көшелерiнiң қиылысында Ш.Уәлиханов атындағы университетiне қарама-қарсы шағын гүлбақтар абаттандырылды.

Горький-Әуезов көшелерiнiң қиылысындағы байланыс, Чайкино кентiндегi 2 көпiр және МПС көшесiндегi көпiр реконструкцияланды.

Сонымен қатар, Ғабдуллин көшесiн (Әуезов көшесiнен Абылай хан даңғылына дейiн) реконструкциялау, Вавилов көшесi бойынша (Көкшетау-Зерендi а/ш Жайлау ш/а дейiн) жолдарды күрделi жөндеу, Бейбiтшiлiк (Абай көшесiнен Уәлиханов көшесiне дейiн) және Наурызбай батыр (Кенесары көшесiнен Янко көшесiне дейiн) көшелерiн күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Цифрландыру шеңберiнде халықтың жаппай жиналатын орындарын, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудан орталықтарының қиылыстарын бейнебақылау камераларымен жабдықтау мақсатында мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк тетiгi арқылы бiрыңғай облыстық бейне талдау жүйесiн енгiзу мәселесi пысықталуда.

«Ақылды» қаланың (Smart ТКШ, Smart аялдама, Smart бiлiм беру, Smart қауiпсiздiк) тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларын цифрландыруды қарастыратын 2 «Smart-квартал» жобасы қарастырылуда. Алдағы уақытта, квартал мысалында Көкшетау қаласы бойынша Smart тұжырымдамасын iске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 112 бiрыңғай кезекшi-диспетчерлiк қызметiн құру мәселесi пысықталуда, ол халықтың апат, оқиғалар, денсаулыққа қауiп-қатер, басқа да төтенше жағдайлар оқиғаларына өтiнiш бiлдiруiнiң бiрыңғай нүктесiнiң мiндеттерiн жабады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында 2018 жылы бiздiң облыста Президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың қатысуымен «Ақылды қала» бiрiншi жобасын iске асыру басталды.

Ақкөл қаласы SmartCity технологияларын тестiлеу үшiн елдегi жалғыз алаң болды. Бұл жаңашылдық цифрландыру арқылы елдi мекен азаматтарының тiршiлiк әрекетiн қадағалауға мүмкiндiк бередi. Барлық деректер төтенше жағдайларға мониторинг және жылдам әрекет ету демонстрациялық-ахуалдық орталығына түседi.

Есептеу аспаптары ауыстырылды, алыстан алынған деректер: 6000 электржабдықтау және 4500 су есептегiш құралдары ауыстырылды. Ол үшiн су есептегiштерiнен ақпаратты қабылдау-беру үшiн 7 «LoRa станциясы» орнатылып, дыбыспен барлық қала қамтылды. 250 ақылды шамдарға көше жарығын жаңарту жүргiзiлдi.

Қаланың орталық алаңында күн батареяларында WI-FI тарату нүктелерiмен қызмет ететiн электрондық құрылғыларды зарядтау мүмкiндiгiмен 2 дана «ақылды орындықтар» орнатылды. Қауiпсiздiктi 62 бейнебақылау камералары арқылы бақылайды (онлайн режимiнде жұмыс iстеу және бейне сақтау функциясы бар).

«Smart Building» жүйесi енгiзiлдi (түтiндеу/өрт датчиктерi, есiк ашу, қозғалыс, дыбыс беретiн бейнебақылау камералары және датчиктерден ақпарат жинауға арналған контроллер). Өрт сөндiру датчиктерiнiң жағдайы туралы деректердi беру және мониторинг жүйесiмен 4 мектеп, 3 балабақша, аудандық орталық аурухана жабдықталды.

Салқындатқыш және бейнебақылау камераларымен жабдықталған 2 жылы аялдама орнатылды, жолаушыларға арналған автобустардың қозғалыс кестесi бар қолжетiмдi ақпараттық панелi бар, қоғамдық тәртiптi бұзу фактiлерi туралы жедел ақпарат жинауды жүргiзедi. Қала бойынша және барлық қоғамдық автобустарда интернет желiсiне Wi-Fi қол жетiмдiлiктiң 34 нүктесi қосылған.

Қауiптi учаскелердi бақылауды жүзеге асыратын, үлкен биiктiктен станцияларды жедел радиобайланыс және бейне бақылау, ауаның ластануына бақылау жүргiзетiн 100 километрге дейiнгi қашықтықта бейнебақылаумен жабдықталған «Аэростат» әуе платформасы орнатылды (ауаның ластануының 3 датчигi).

Орталық алаңда веб-портал қызметiн атқаратын табло орнатылды, ол барлық деңгейдегi пайдаланушылардың жұмысы мен ақпаратын көрсететiн, қаланың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн барлық сервистерге қол жеткiзудiң бiрыңғай нүктесi бар, басқа қалалардан келген азаматтар мен туристер үшiн қаланың танымдық картасы болып табылады.

БIЛIМ БЕРУ

Есептi жылы барлық деңгейлерде бiлiм берудiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттырудың жүйелi шаралары қабылданды.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында 2,3 мың орынға арналған 20 ұйым ашу есебiнен 3-тен 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту 99 пайызға жеттi. Облыстың 13 өңiрiнде қазiрдiң өзiнде 100 пайыз қамтылып отыр. Көкшетау қаласында 280 орынды балабақша пайдалануға берiлдi, екi балабақшаның құрылысы жалғасуда (Көкшетау қ. және Шортанды ауданының Төңкерiс а.).

Жеке сектормен әрiптестiктiң нәтижесiнде жекеменшiк балабақшалардың үлесi 42,7 пайызға жеттi және өсуi жалғасуда. Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнде инвестиция сомасы шамамен 700 миллион теңгеге 10 жоба iске асырылуда, тағы 3 жоба қарастырылуда.

Цифрландыру аясында «Балаларды (7 жасқа дейiн) кезекке қою және мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру», «балаларды мектепке қабылдау» автоматтандырылған мемлекеттiк қызметтерге мектепке дейiнгi 148 ұйым мен жалпы бiлiм беретiн 103 мектеп қосылды. Қызметтер www.akmola.kz сайтында қолжетiмдi, сондай-ақ мобильдi қосымша iске қосылды.

Орта бiлiм беруде Назарбаев Зияткерлiк мектептерiнiң тәжiрибесi бойынша жаңартылған бiлiм мазмұнына көшу жалғасуда, 2018 жылы мектептердiң 3, 6 және 8-сыныптары көштi. Ол үшiн 1,4 миллиард теңгеге оқулықтар сатып алынды.

Жаңартылған бiлiм беру мазмұны аясында 3,8 мың мұғалiм бiлiктiлiгiн арттырды. Есептi жылы мұғалiмдерге қосымша ақы төлеуге 2,2 миллиард теңге бағытталды.

2018 жылы 1300 орынды 4 мектеп (Бiржан сал ауданының Невское а. 80 орынды, Сандықтау ауданының Балкашин а. 200 орынды, Целиноград ауданының Қаражар а. 120 орынды, Көкшетау қаласында 900 орынды), Көкшетау қаласының №18 орта мектебiне 420 орынды қосымша оқу корпусы пайдалануға берiлдi, Зерендi ауданының Зерендi ауылында М.Ғабдуллин атындағы орта мектебiнiң спорт залын салу арқылы оқу корпусының ғимаратын және Қорғалжын ауданы Арықты ауылында мектеп-интернаты жаңартылды.

Сонымен қатар, есептi жылы жеке инвестициялар есебiнен Целиноград ауданы Отаутүскен ауылында 25 миллион теңге инвестициялау сомасына 50 орынды мектеп ашылды. Оқушыларды оқыту жағдайын жақсарту бойынша шаралар қолданылуда.

12 бiлiм беру ұйымдарына күрделi жөндеу және 500-ден астам бiлiм беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi шеңберiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қаражаты есебiнен («Свободное» ЖШС) Сандықтау ауданының Владимировка негiзгi мектебiне 102 миллион теңге сомасына жөндеу жүргiзiлдi.

2018 жылы «Қазақстанда энергия тиiмдiлiгiн арттыру» жобасы аясында Дүниежүзiлiк банк гранты есебiнен (тапсырыс берушi «Қазақэнергиясараптама» АҚ) облыстық бiлiм басқармасының бастамасымен 65,8 миллион теңге сомасына 2 бiлiм беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi («Степногорск қаласының дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылының ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларға арналған №1 балалар үйi» КММ).

Сонымен қатар, осы жоба шеңберiнде тағы 5 бiлiм беру ұйымында («Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Бiлiм-инновация» лицей-интернаты» КММ, «Көкшетау қаласының №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ, «Степногорск қаласының №3 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ, «Есiл қ. мектеп-интернаты») жалпы сомасы 324,2 миллион теңгеге жұмыстар жүргiзiлуде.

Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында 9 бiлiм беру ұйымының ғимараттарынан қазандықтар шығарылды. Бұланды, Зерендi, Шортанды және Целиноград аудандарының 178 бiлiм беру нысанының қазандықтары сенiмгерлiк басқаруға берiлдi.

Әлеуметтiк жағынан осал отбасылардың барлық балаларына тегiн ыстық тамақ берiледi, тасымалдаудың қолайлы және қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету үшiн 31 мектеп автобусы сатып алынды, барлық оқушылар тасымалдаумен қамтамасыз етiлдi.

Есептi жылы мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шеңберiнде 103 миллион теңге инвестициялау сомасына Көкшетау қаласының 17 асханасы сенiмгерлiк басқаруға берiлдi.

Елбасының тапсырмасына сәйкес бiлiм беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерiмен жабдықтау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Осылайша, облыста 292 мектеп немесе 52 пайыз, 95 мемлекеттiк балабақша немесе 73,1 пайыз жабдықталды.

Цифрландыру аясында барлық мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер кең жолақты интернетке, «BilimLand» бiлiм беру платформасына, «Күнделiк» ақпараттық жүйесiне қосылды, бағдарламалау негiздерiн зерделеу бойынша тегiн IT-сыныптары ашылды. Жаңа үлгiдегi кабинеттермен қамтамасыз етiлуi 50,4 пайызды құрайды, барлығы — шамамен 1000 кабинет.

WI-FI желiлерi облыстың 200 мектебiнде орнатылды және бұл жұмыс жалғастырылатын болады. STEM-бiлiм беру аясында 135 ұйым робототехника элементтерiмен жабдықталды.

Республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында облыс оқушылары оң нәтижелер көрсетiп, 69 медаль (алтын — 18, күмiс — 22, қола — 29) жеңiп алды. Облыстың бiлiм беру жүйесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қолдауға көп көңiл бөлiнедi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысы балалар үйлерiнде тұратын жетiм балалар санын азайтуға бағытталған. Отбасылық тәрбие нысандарын дамытудың нәтижесiнде балалар үйлерi тәрбиеленушiлерiнiң контингентi қысқарды, бұл есептi жылы Есiл қаласындағы балалар үйiн таратуға мүмкiндiк бердi. Өңiрдiң кадрларға деген қажеттiлiгiн ескере отырып, мамандарды даярлау жалғасуда.

2018 жылы техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына 6 мыңға жуық адам түстi (мемлекеттiк тапсырыс бойынша — 4534 адам, «Серпiн» жобасы бойынша — 165 адам, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында — 1190 адам).

Қысқа мерзiмдi кәсiби оқытумен 1,7 мың адам, оның iшiнде 2 мобильдi оқу орталығы арқылы 300-ден астам адам қамтылды.

2018 жылғы колледждердiң 3861 түлегi жұмысқа орналастырылды және 1255 немесе 95,6 пайызы еңбекпен қамтылды.

Колледж түлектерiн жұмысқа орналастыру мәселелерiн шешуде дуальды оқыту аясында кәсiби-техникалық кадрларды даярлаудың тиiмдi нысандарының бiрi ретiнде кадрларды даярлау ерекше рөл атқарады. Облыста дуальды оқытуды қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi жағдайларды ұсынатын әлеуметтiк серiктестермен жұмыс жолға қойылған. Бүгiнде облыстың 280 кәсiпорнының қатысуымен 2,2 мың студент дуальды оқытумен қамтылды.

WorldSkills кәсiби шеберлiк чемпионаттары ТжКБ мамандықтарының беделiн арттыру мен сапалы даярлаудың белсендi құралы болып табылады. WorldSkills Ұлттық чемпионатында Ақмола облысының командасы 4 алтын, 1 күмiс және 2 қола медаль жеңiп алып, республикада 2-шi жалпы командалық жүлделi орынды иелендi.

2018 жылы бес әлеуметтiк бастама аясында облыстық бюджет қаражатынан жоғары бiлiмдi кадрларды даярлау үшiн 150 бiлiм гранты берiлдi (100 — педагогикалық, 50 — медициналық).

Студент жастардың өмiр сүру жағдайын жақсарту үшiн Көкшетау қаласында 2,7 мың орынды 2 ЖОО және 4 колледжге арналған студент жатақханаларын салу бойынша дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру, ұсынылатын медициналық қызметтердiң сапасын арттыру жолымен ауруларды ерте анықтау және халықтың денсаулық жағдайын жақсарту бойынша қойылған мiндеттер шешiлуде.

Денсаулық сақтау ұйымдарына 1,3 миллиард теңге сомасына 280 медициналық жабдық, оның iшiнде 15 санитарлық көлiк, 23 медицина ұйымына арналған 46 физиотерапиялық жабдық, наркозды-тыныс алу аппараты, эндоскоптарға арналған жуу-дезинфекциялау машина, анализатор, бейнекольспоскоп және басқалар сатып алынды.

Көкшетау қаласы көпбейiндi облыстық ауруханада кардиохирургиялық көмектi дамыту үшiн қосалқы қан айналымын жүргiзуге арналған жүйе экстракорпоральды мембранды оксигенация аппараты алынды.

Көкшетау қалалық емханасының жанында жасөспiрiмдерге медициналық-психоәлеуметтiк көмек көрсетудiң жастар орталығы ашылды. Денсаулық сақтаудың 13 нысанына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Халыққа жедел медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғастырылуда, Аршалы және Целиноград аудандарында 5 қосымша жедел жәрдем пунктi ашылды, олар 23 ауылға қызмет көрсетедi.

2019 жылы 15 қосымша ЖМЖ бөлiмшесiн ашу жоспарлануда. Жедел жәрдем қызметiмен 225835 адам тұратын 152 елдi мекен қамтылатын болады, ол облыстың ауыл тұрғынының 56,6 пайызы, қамту аймағы ауылдық елдi мекеннiң 28,9 пайызды құрады.

Қан айналымы жүйесi сырқатынан өлiмдi төмендету және жiтi миокард инфарктiсi кезiнде жоғары мамандандырылған медициналық көмектi уақытылы көрсету үшiн №2 Ақмола облыстық ауруханасы негiзiнде мультифункционалды ангиографиялық қондырғы орнатылған терi арқылы араласу орталығы ашылды.

Израильден шетелдiк әрiптестердi шақыру арқылы шебер-кластар өткiзiлдi, 34 дәрiгер-жаттықтырушыға базалық жүрек-өкпе реанимациясының дағдыларына халықаралық үлгiдегi сертификат беру арқылы, медицина қызметкерлерi мен парамедиктердi оқыту құқығымен оқытылды. Әр медициналық ұйымда базалық өкпе-жүрек реанимациясына медициналық қызметкерлердi оқыту үшiн шағын-симуляциялық орталықтар ашу жоспарлануда.

Амбулаториялық деңгейде жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге дәрiлiк заттар өткiзiлдi, 676,7 мың рецепт жазылып, қамтамасыз етiлдi (ӘМСҚ қаражаты есебiнен).

Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру шеңберiнде 33 мемлекеттiк медициналық ұйымда кешендi медициналық ақпараттық жүйе енгiзiлдi (қамту 100%). Жобаға 4 жеке медициналық ұйым қосылды.

Бекiтiлiп берiлген 758,3 мың адамға халықтың өңiрлiк электрондық денсаулық паспортымен қамтылуы 98 пайызды құрады. Кешендi медициналық ақпараттық жүйесiнiң базасында «Дамумед» мобильдi қосымшасы жұмыс iстейдi, онда облыстың 138 мың пациентi тiркелген.

Нәтижесiнде облыс бойынша жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi 1,5 пайызға, қан айналымы жүйесi ауруларынан өлiм-жiтiм 24,1 пайызға, қатерлi iсiктер 10,5 пайызға, туберкулез 40,9 пайызға жақсарды. (2018 ж. 11 айдағы деректер). Онкопатология көрсеткiшi 4,2 пайыз, туберкулез ауруы 12,6 пайызға төмендедi.

Кадрлармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесiнде 226 жас маман келдi (65 дәрiгер және 161 орта медицина қызметкерi), оның iшiнде 33 маман ауылға жiберiлдi (18 дәрiгер және 15 ОМҚ).

Денсаулық сақтау желiсiнде 570 медициналық ұйым бар, оларда 1852 дәрiгер (өсiм 2 %) және 6439 орта медициналық қызметкер жұмыс iстейдi.

Есеп беру кезеңiнде патронаждық қызметтiң әмбебапты-прогрессивтi моделiн және ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгiзу басталды. Оқудан өткенi туралы сертификаты бар учаскелiк медицина қызметкерлерiнiң еңбекақысын 20 пайызға өсiру жүргiзiлетiн болады. Оқытуға жататын 1163 медицина қызметкерiнiң 63 пайызы оқытудан өттi, 2019 жылдың бiрiншi жартысында қалғандарын оқыту жоспарлануда. Учаскелiк дәрiгердiң 104 мың теңге орташа айлық жалақысы өсiру есебiнен 124 мың теңгенi, орта медицина қызметкердiң 90 мың теңге жалақысы өсiру есебiнен 108 мың теңгенi құрайтын болады.

35 маман үстемеақы алды («Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша 5 маман 841,5 мың теңге, 30 жас дәрiгер маман медицина ұйымдарының қаражаты есебiнен 3603,4 мың теңге алды), тұрғын үймен 30 маман қамтамасыз етiлдi (27 дәрiгер және 3 орта медицина қызметкерi).

2018 жылы кадр тапшылығы мәселесiн шешу үшiн 206 студент, оның iшiнде 30-ы Үндiстаннан келген контингентпен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде «Жалпы медицина» факультетi ашылды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

Жұмыссыздықты қысқарту және нәтижелi жұмыспен қамту үшiн жағдай жасау жолымен еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы негiзгi мiндет болып табылады.

Облыста экономиканың барлық саласында 12727 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 8035-сi тұрақты. Ауыл шаруашылығы саласында ашылған жұмыс орындарының үлесi — 14,7 пайыз (1868 орын) және көтерме-бөлшек сауда — 12 пайыз (1529 орын).

2017 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру деңгейi 3,6 пайызға артып, 2018 жылы өтiнiш бiлдiргендердiң санынан 95,9 пайызын құрады (19469 адам жұмысқа орналастырылды).

Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен www.enbek.kz порталында электрондық еңбек биржасы енгiзiлдi, ол жұмыс iздеу және персоналды iрiктеуге көмектесу үшiн мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн жұмысқа орналастыру бойынша бiрыңғай сандық алаң болып табылады. Портал арқылы 1590 жұмыс берушi жұмыс iстейдi, 2511 жұмыс iздеушi тiркелдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберiнде қолдау шараларымен 27657 адам қамтылды. ТжКБ базасында облыстың 18 колледжiнде 1190 жас адам оқумен қамтылды.

Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша қысқа мерзiмдi кәсiби оқуға 1713 адам жiберiлдi.

Оқу орындарының 733 түлегi жастар тәжiрибесiнен бастапқы тәжiрибе ала алды, қосымша құрылған әлеуметтiк жұмыс орындарында 809 адам жұмыс iстедi, қоғамдық жұмыстарға 2817 адам қатысты.

Осы iс-шараларды iске асыру бойынша қабылданатын шаралар, жалпы жұмыссыздық көрсеткiшiн 4,8 пайыз деңгейiнде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету жұмысы жалғастырылуда. Жаңа үлгiдегi атаулы әлеуметтiк көмектi түсiндiру мақсатында, 52,9 мың адам қамтылуымен тұрғындармен 3,2 мың кездесу өткiзiлдi.

Атаулы әлеуметтiк көмек 12237 азаматқа, тұрғын үй көмегi 2897 азаматқа төлендi, үйде тәрбиеленетiн және оқитын 374 мүгедек баланы оқытуға жұмсалған шығындар өтелдi.

Әлеуметтiк инфрақұрылым нысандарын 100 пайыз паспорттау жүргiзiлдi, 1672 нысанның қол жетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

2018 жылы мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындау үшiн жұмыс тобы облыстың барлық өңiрлерiне 11 көшпелi тексерудi жүзеге асырды, 179 нысан тексерiлдi.

Мүгедектер 471 кресло-арбамен, 565 тифло-сурдотехникалық құралдармен, 1470 протездiк-ортопедиялық бұйымдармен, 3944 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етiлдi. Санаториялық-курорттық емделуге 1449, «Инватакси» қызмет 180-нен астам мүгедекке көрсетiлдi.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Мәдениет саласында өткiзiлетiн iс-шаралар отансүйгiштiкке тәрбиелеуге, салт-дәстүр мен тарихты құрметтеуге, туған өлкенiң тарихын насихаттауға бағытталған.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы дала кеңiстiгiнде табысты Қазақстанмен жаңа астана тұрғызған Тұңғыш Президенттiң кең ауқымды тарихи рөлi және Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен оның жетiстiктерi көрсетiлетiн «Елбасы және Тәуелсiздiк» заманауи тарихи залы ашылды.

«Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық мұражай жобасы жүзеге асырылды, оған

5 мыңнан астам адам қатысты. Жоба AQMOLA TOURISM AWARDS сыйлығының «Үздiк туристiк кешен» аталымы бойынша 3 құрметтi орынға ие болды.

Бурабай тарихи-өлкетану мұражайында жаңа экспозиция залы ашылды. Мұражай Бурабай Даму орталығының жаңа ғимаратында жаңа серпiлiс алды, осы күнге дейiн мұражайға 30 мыңнан астам туристер келдi.

2018 жылы барлығы 56 инновациялық жоба жүзеге асырылды. 47 мыңнан астам мәдени-бұқаралық iс-шара өткiзiлiп, оларға 4,3 миллион адам келдi.

2018 жылы 3 ауқымды зәкiрлi облыстық жоба әзiрлендi: «Сал-серiлiк дәстүрдiң салтанаты», «Алтын тағалы Атбасар», «Батырлар туған бақ мекен».

«Батырлар туған бақ мекен» зәкiрлi жобаның аясында мұражай қызметкерлерi Түмен мен Омбы өңiрлерiнiң мұрағаттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiздi, нәтижесiнде «Жақсының жақсысы Баубек батыр» кiтабы, «Баубек батыр» деректi фильмi құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру мақсатында И.Ильфтiң және Э.Петровтың «Золотой теленок» шығармасы бойынша «Великий комбинатор» спектаклiнiң қойылымы болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ең жас көрермендерге арналған «Киндер театр» (1 жастан 5 жасқа дейiн) инновациялық жоба бар.

Театр жұмысына тiрек-қимыл аппараты мен нейропсихиатриялық патологияның бұзылуы бар балаларға бағытталған «Одинаковыми быть нам не обязательно» жобасы қосылды.

Үкiлi Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншiсi Валерия Хаджиумаровна Мәскеу қаласында өткен IV Халықаралық камералық музыка фестивалiне қатысты.

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына және «Бiр белдеу, бiр жол» бастамасының 5 жылдығына арналған Үрiмшi қаласында өткен концертке Үкiлi Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртiстерi қатысты.

«Расширяя границы» жобасының шеңберiнде республика бойынша облыстық орыс драма театрының Қарағанды, Астана, Рудный қалаларында гастрольдерi, Қостанай облыстық орыс драма театрымен тәжiрибе алмасу гастрольдерi өттi.

15-шi Халықаралық «Мост Дружбы» фестивалiнде Йошкар-Ола қаласында (РФ, Мордовия) театр «Заманауи тұлғаның рухани iзденiстерi тақырыбына айналысқаны үшiн» дипломымен марапатталды.

«Шалқыма» халық би ансамблi XXV халықаралық «FolkHarbor — Gorzow 2018» би фестивалiнiң конкурстық бағдарламасында I орын иегерi атанып, «Үздiк хореография» аталымы бойынша Польшада өткен фестивальдi жеңiп алды.

«Көкшетау» халық би ансамблi Италияда «ХIХ Festival Mondiale del Folclore Giovanile 2018 of Frioli», одан кейiн Австрияда өткен «Seeboden» Халықаралық балалар би фестивалiнде сәттi өнер көрсеттi.

«Полянка» үлгiлi би ансамблi Екатеринбург қаласында өткен «Legenda» Тәуелсiз халықаралық би чемпионатының II дәрежелi лауреаты атанды.

Сонымен қатар, «Полянка» би ансамблi «5 звезд» V халықаралық хореографиялық өнер фестивалi-байқауында төрт наградаға ие болды (2 бiрiншi және 2 екiншi орын).

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қол жетiмдiлiгiн арттыру басты басымдықтардың бiрi болып табылады.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық саны 213886 адамды немесе халықтың 28,9 пайызды құрайды, бұл былтырғы жылдың деңгейiнен 1,3 пайызға артық.

14-29 жас аралығындағы жастардың қамтылуы спортпен шұғылданатындардың жалпы санының 53 пайыз немесе 113197 адамды құрайды.

2017 жылмен салыстырғанда спорт құрылыстырының саны 53 данаға артып, 2408-ге жеттi, оның iшiнде ауылда — 1690.

2018 жылы Көкшетау қаласында жасанды жабыны бар футбол алаңы және жеңiлдетiлген конструкциялардан жасалған спорт залы, Сандықтау ауданында жабық хоккей корты, 39 спорт алаңы салынды, Есiл ауданында стадион қайта жаңартылды, Астрахан ауданының Астраханка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды.

Щучинск балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнде және физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған спорт клубында күрделi жөндеу өткiзiлдi. Спорт инфрақұрылымын дамытуға кәсiпкерлер мен шаруашылық субъектiлерi үлкен үлес қосуда.

Сандықтау ауданында инвесторлар қаражаты есебiнен 4 нысан пайдалануға берiлдi: жабық хоккей корты («Максимовское» ЖШС), 2 тренажер залы («СХП 1 мамыр» ЖШС, «Белгородаское» ЖШС) және жасанды жабыны бар спорт алаңы («Байдалы» ЖШС). Салымдардың жалпы сомасы 176 миллион теңгенi құрады.

Жалпы, облыс бойынша спорт ғимараттарының құрылысына, жаңартуға және жөндеуге 455 миллион теңге инвесторлар қаражаты тартылды.

Салауатты өмiр салтын дәрiптеу және насихаттау мақсатында 238761 адам қатысуымен 3707 бұқаралық-спорттық iс-шара өткiзiлдi.

Ұлттық спорт түрлерi белсендi дамып келедi. Жетiншi жыл қатарынан облыста «Ақмола барысы» турнирi өткiзiледi.

Аңшы құстармен аң аулау жарыстары жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткiзiледi. Бұл спорт түрi қазiргi кезде көрермендер аудиториясын кеңейтуде және соңғы екi жылда құсбегiлер арасындағы турнир халықаралық деңгейде өткiзiлуде, ол Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден қатысушыларды жинайды. Бұқаралық спортпен қатар облыста жоғары жетiстiктер спорты дамытылуда.

2018 жылы «Бурабай» спорт сарайының базасында жаңа мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi ашылды.

29 спорт мектебiнде, жоғары спорттық шеберлiк мектебi мен Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында 48 спорт түрi дамытылады, оның iшiнде 26 олимпиадалық, жаттығатындардың саны — 14974 адам.

Облыста Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысатын 6 кәсiби команда бар: шайбалы хоккейден «Арлан» ХК, «Оқжетпес» футбол клубының әйелдер және ерлер командалары, футзал командасы, «Синегорье» баскетбол клубының әйелдер және ерлер командалары.

«Оқжетпес» футбол клубының ерлер командасы бiрiншi лига командаларының арасындағы ҚР чемпионатында бiрiншi орын алып, келесi маусымнан бастап Премьер-Лигаға шықты. «Оқжетпес» әйелдер футбол командасы күмiс жүлдегер атанды.

«Арлан» хоккей командасы 2017-2018 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының чемпионы, шайбалы хоккейден құрылық кубогының чемпионы атанды. «Синегорье» әйелдер баскетбол командасы ұлттық лига командалары арасында 2-орын, ерлер баскетбол командасы жоғарғы лига командаларының арасында 3-орын алды. Футзалдан ерлер командасы Қазақстан Республикасының чемпионатында 5-орын алды.

2018 жылы 1-разрядты 153 спортшы, 359 спорт шеберлiгiне үмiткер, 35 спорт шеберi, 8 халықтық дәрежедегi спорт шеберi, 1 еңбек сiңiрген спорт шеберi даярланды.

18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII Азия ойындарында Ақмола облысының намысын 6 спорт түрiнен 8 спортшы қорғады (баскетбол, бокс, велоспорт-шоссе, триатлон, семсерлесу және белбеу күресi). Нәтижесiнде Ақмолалық спортшылар 3 медаль жеңiп алды: семсерлесушi Дмитрий Алексанин алтын және қола медаль жеңiп алды, триатлоншы Аян Бейсембаев күмiс медальға ие болды. Азия параойындарында пауэрлифтинг жарысында Давид Дегтярев күмiс медаль жеңiп алды.

Барлығы түрлi жарыс түрлерiнде облыс спортшылары әртүрлi дәрежедегi 1015 медаль жеңiп алды (2017 жыл — 790 медаль).

ЖАСТАР ЖӘНЕ IШКI САЯСАТ

Өңiрде iшкi саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жастарды қолдауға, халық бiрлiгi мен қоғамдық ынтымақтастыққа бағытталған кешендi шараларды жүргiзу жалғастырылуда.

Өткен жылы Президент жариялаған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша нақты iс-шаралар айқындалды, бұлар — қазақ тiлi әлiпбиiн латын графикасына көшiру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Елбасының «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласында көрсетiлген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыру.

Облыста тiлдердi дамыту үшiн барлық жағдайлар жасалған. Облыс халқының заманауи жабдықтармен жабдықталған 20 оқу орталығында мемлекеттiк тiлдi тегiн үйренуге мүмкiндiктерi бар, олардың 18-де қазақ және ағылшын тiлдерiне оқыту жүргiзiледi.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк тiлдi меңгерген халықтың саны 75,7 пайызды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға жоғары.

Мектепке дейiнгi мекемелерде қазақ тiлiнде тәрбиеленетiн балалардың саны 2017 жылғы 60 пайыздан 2018 жылы 63 пайызға, орта мектептерде 47,6 пайыздан 48 пайызға дейiн өстi.

Латын графикасына көшу мәселелерiн түсiндiру бойынша 2 мыңнан аса кездесулер өткiзiлдi. Облыс халқында латын әлiпбиiнде жазылған Жалпыхалықтық диктант оң көзқарас тудырды, Жалпыхалықтық диктантқа 102,5 мыңнан аса облыс халқы қатысты.

Ең қарқынды және белсендi дамып келе жатқан мемлекеттер жастарға сенiм артады, өйткенi жастарға жұмсалған еңбек бұл келешекке салым. Бүгiнде жастар арасынан шамамен 149 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санынан 20,2 пайызды құрайды.

Жыл сайын мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарын жүзеге асыратын, жастарды қолдау және жан-жақты дамыту үшiн жастар саясаты туралы жоспар әзiрленiп, бекiтiледi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде 7 037 жас, оның iшiнде 195 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына, 733 адам жастар тәжiрбиесiне жiберiлдi.

2017 жылмен салыстырғанда жастардың жұмыссыздығы 1,3 пайызға төмендедi, NEET жастарының үлесi 6,4 пайызды (ешқайда жұмыс iстемейтiн және оқымайтын жастар) құрады.

Ақмола облысында жастар арасынан 4650 адам кәсiби спортпен шұғылданады. Халықаралық дәрежедегi 12 спорт шеберi, 35 спорт шеберi, 75 спортшының халықаралық деңгейдегi марапаттары, Олимпиада ойындарының 2 қатысушысы бар.

Әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарға қолдау көрсету, облыста сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн жыл сайын облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақылары берiледi.

2018 жылы 275 адам 106 миллион теңге жалпы сомасына облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысына ие болды. Алғашқы рет медицина факультетiнiң студенттерi — 6 резидент және интерндер атаулы шәкiртақының иегерлерi болды. Педагогикалық мамандықтарға түсетiн ЖОО студенттерi үшiн 100 грант және медициналық мамандықтарға 50 грант бөлiндi. Грант иегерлерiнiң жалпы саны 250 адамды құрады. Бұл қолдау 2019 жылы да көрсетiлетiн болады.

2018 жылы «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында 410 жас маман 69 миллион теңге сомасына көтерме жәрдемақы, 1722,6 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алуға кредиттердi 477 маман алды.

Жалпы, облыста жастар саясаты саласында 2018 жылы шамамен 50 000 адамды қамтитын 600-ден астам iс-шара өткiзiлдi. Осындай iс-шаралардың бiрi — республикалық «Zeren» жастардың бiлiм беру жазғы лагерi, ол Қоғамдық даму, Ақпарат және коммуникация министрлiктерiмен бiрлесiп, республикамыздың әр өңiрлерiнен 300-ден астам жас көшбасшыларының қатысуымен өткiзiлдi. 2018 жылдың мамыр айында Бурабай кентiнде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық XIV еңбек маусымының ашылуы өттi, оның аясында барша республикадан «Жасыл ел» жасақтарының үздiк өкiлдерi қатысты, «Жасыл ел» ЖЕЖ жаңа жобалары таныстырылды.

«Үш Би» IV республикалық пiкiрсайыс турнирi өткiзiлдi, онда елiмiздiң барлық өңiрлерiнен150 студент-интеллектуал жиналды.

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.

Жастар жылы аясында бiрқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланды:

— «Ақмола жастары» тұрғын үй бағдарламасы әзiрлендi, оның аясында облыс орталығында 424 жас отбасы үшiн 6 тұрғын үй салу жоспарлануда;

— Елбасының Бес әлеуметтiк бастамасы аясында Көкшетау қаласында 2 ЖОО (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi) және 4 колледжде (Жоғары техникалық колледжi, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжi, Ақан серi атындағы мәдениет колледжi, Бiржан сал атындағы музыкалық колледжi) үшiн жатақхана салу жоспарланған.

— Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы сомасы 70 АЕК-ден 100 АЕК-ге дейiн ұлғаяды;

— жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшiн, «Жасыл ел» қозғалысының негiзiнде облыстың барлық аудандарында «Жасыл қала — Жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылады (2018 жылы облыста 600 жастар жұмыс iстедi);

— «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы басталды, оның аясында идеяларды жүзеге асыруға 1 миллион теңгеге дейiн грант алуға мүмкiндiк берiледi;

— ерiктiлiкпен белсендi айналысатын жалпы бiлiм беру гранттарында оқитын жоғары оқу орындарының студенттерiне стипендия мөлшерi 30 пайызға көтерiлетiн болады (облыс бойынша 600-ден астам қатысушы);

— жастар кәсiпкерлiгiн қолдау мақсатында «Атамекен» ҰКП-мен бiрлесiп «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында жастарға кәсiпкерлiк негiздерге оқыту жүргiзiледi.

— бiрқатар республикалық және халықаралық iс-шараларды өткiзу жоспарлануда: түркi әлемi елдерi жастарының «Түркiнiң ойлы аспаны» атты форумы, «Zeren» республикалық жастар бiлiм беру жазғы лагерi (алғаш рет 2018 жылдың тамыз айында өткiзiлдi), «Жас барыс» атты күрес бойынша республикалық жарыстар, «Үш би» жыл сайынғы облыстық турнир және т.б.

Өңiрде жалпыұлттық патриотизмдi, өз тарихына, мәдениетiне және халқына деген құрмет сезiмiн қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғастырылады.

«Рухани жаңғыру» аясында 3,5 мыңнан астам iс-шара өткiзiлдi. Олардың iшiнде ең маңыздысы — «Елбасы және Тәуелсiздiк» заманауи тарих залының реэкспозициясы, «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық кешенiн құру. Қазақстан Респуб-

ликасы Мәдениет және спорт министрлiгiмен бiрлесiп Бурабай кентiнде Елбасының қатысуымен «Бiржан-Сара» операсы қойылды.

Туған елiне көмектесетiн меценаттар қолдауының нәтижесiнде «Туған жер» арнайы жобасы бойынша 4,6 миллиард теңгеге әлеуметтiк объектiлердi салуға және реконструкциялауға бағытталған 81 әлеуметтiк бастама жүзеге асырылды.

Сандықтау ауданында «Свободное» ЖШС директорының жеке салымы нәтижесiнде жалпы сомасы 574,826 мың теңгеге 5 жоба iске асырылды.

Целиноград ауданында жалпы сомасы 485,4 миллион теңгеге 7 жоба iске асырылды. «Көкше Жемчуг» ЖШС құрылтайшысы Отаутүскен ауылында 50 орынды бастауыш мектеп салды. Целиноград ауданының «Родина» АҚ директорының бастамасы бойынша дәрiгерлiк амбулаторияның ғимаратына күрделi жөндеу жүргiзiлдi, қажеттi медициналық жабдықтармен және мүкәммалмен толық жабдықталған күндiзгi стационар ғимараты салынды, орта мектеп реконструкцияланды.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк, Абай Мырзахметов атындағы университеттерiнiң базасында «Отан тарихы және Рухани жаңғыру» кафедралары ашылды. Мектептер мен колледждерде 43 «Рухани жаңғыру» кабинетi жұмыс iстейдi.

Елбасының «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласын түсiндiруге бағытталған жалпы 60 мыңнан астам адамды қамти отырып 500-ден астам iс-шара өткiзiлдi. Бағдарламалық мақала мәтiнi бар 1 мың данадан астам брошюралар шығарылды және таратылды, 2019-2020 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын, «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласын iске асыру жоспары әзiрленiп бекiтiлдi.

Өңiрдегi этносаралық қатынастар өзара сенiм мен құрмет, сындарлы диалог негiзiнде жүзеге асырылады, барлық этностардың өкiлдерi этносаралық келiсiмдi нығайтуға үлкен үлес қосуда.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының қолдауымен 52 этномәдени бiрлестiк, 4 Достық үйi, 7 жексенбiлiк мектеп өз халқының салт-дәстүрлерiн, ана тiлiн үйренуде белсендi жұмыс iстейдi.

2018 жылы 2 мешiт (Аршалы және Целиноград аудандарында),

1 православ шiркеуi (Сандықтау ауданында) салынды.

Мемлекеттiк басымдықтарды iлгерiлетуге және қоғамдық келiсiмдi сақтауға азаматтық қоғам институттары қомақты үлес қосуда.

Облыста саяси партиялардың 6 филиалы, 11 түрлi конфессияны ұсынатын 188 дiни бiрлестiк, 643 үкiметтiк емес ұйым тiркелген.

2018 жылы облыстың үкiметтiк емес ұйымдарымен 567,950 миллион теңге (2017 ж. — 468,520 млн. теңге) сомасына мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде 120 (2017 ж. — 92) жобаны iске асырды.

Мемлекеттiк органдар жүргiзетiн жұмыс туралы халықты кеңiнен ақпараттандыру мақсатында 90 бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiктерi пайдаланылады.

Газет жолақтарында «Стратегия — 2050», Президенттiң жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, мемлекеттiк бағдарламалар, Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының өзектi мәселелерi туралы материалдар жарияланады. Оларда бiздiң көп қырлы өмiрiмiздiң барлық жағы көрiнiс табады.

МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 ақпандағы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк қызметтi ұсыну шеңберiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң халықпен тiкелей байланысын төмендету бойынша нақты мiндеттер жүктедi. 2019 жылы 80 пайыз, ал 2020 жылы 90 пайыздан аса мемлекеттiк қызметтер электрондық форматқа көшiрiлуi керек.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне жергiлiктi атқарушы органдар қызметтерiнiң 195 түрi енгiзiлдi, оның iшiнде электрондық форматта 96 түрi немесе 49 пайызы қол жетiмдi.

2018 жылы 3757858 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде электрондық түрде — 3147549 қызмет, Мемкорпорация арқылы — 114759 қызмет, қағаз түрiнде — 495 550 қызмет. Электрондық форматта көрсетiлген қызметтердiң көлемi жалпы көрсетiлген қызметтер санының 83,7 пайызын құрады.

Порталдың қызметтерiн кеңiнен танымал ету және азаматтар арасында цифрлық мәдениеттi iлгерiлету мақсатында Көкшетау қаласында Цифрлық ХҚКО ашылды, онда қызметтi электрондық түрде алуға және электрондық қызметтi алудың толық курсынан өтуге болады.

Сонымен қатар, көшi-қон қызметтерiнiң орталығы ашылды, резидент еместерге қызмет көрсету үшiн «бiр терезе» қағидаты бойынша жұмыс жүргiзiледi.

Сондай-ақ, электрондық қызметтiң қол жетiмдiлiгiн арттыру мақсатында бiрқатар iс-шаралар жүргiзiлдi:

цифрлық сауаттылыққа 131 мыңға жуық адам оқытылды;

ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттарында «E-gov» қол жеткiзу бұрыштары ашылды;

облыстың елдi мекендерiнде 260 баннер орналастырылды;

мобильдi азаматтар базасында 267 мыңнан аса ұялы телефон нөмiрлерi тiркелдi;

облыстық «Qazaqstan Koks’e» телеарнасында, танымал әлеуметтiк желiлерде, ресми интернет-ресурстарында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша бейнероликтер орналастырылды;

76 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жәрмеңкелерi өткiзiлдi;

БАҚ-тарда 1176 түсiнiктеме беру материалдары жарияланды;

2018 жылғы қаңтарда бала тууына байланысты проактивтi қызмет iске қосылды;

бiлiм беру саласында мектепке қабылдау және мектепке дейiнгi мекемеге кезекке қою мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерi автоматтандырылды;

агроөнеркәсiп кешенiн субсидиялау бойынша қызмет электрондық форматқа көшiрiлдi;

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматқа көшiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына қоғамдық мониторингтiң қорытындысы бойынша Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi алушылардың қанағаттану деңгейi орташадан жоғары деңгейде болды және 80,7 пайызды құрайды (ҚР өңiрлерi бойынша орташа көрсеткiш — 69,8 %).

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIП

Бiздiң облыс азаматтарының тыныштығы мен қауiпсiздiгi, қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша қызметтi атқарудың, сондай-ақ қоғамдық тәртiп пен жол қауiпсiздiгiн кез келген бұзуларына жедел әрекет етудiң сапасына байланысты.

2018 жылы көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу саласында полициямен қоғамдық тәртiп пен әдептiлiкке байланысты бұзушылықтардың шамамен 60 мың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы анықталды.

Қоғамдық тәртiп күзетiнде, 1100 адам жалпы санымен 240 құқықтық бағыттағы қоғамдық құрылымдар белсендi қатысады, олардың арасында 149 «Сақшы» жасақтары, ЖОО, колледждер студенттерiнiң, бiлiм беру орындарының, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының жас жұмыскерлерiнiң арасынан 24 жедел-жас-

тар жасақтары, 70 қоғамдық кеңестер, 1606 әртүрлi кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлерi бар. Олармен есептiк кезеңде 647 қылмыс ашылып, 1261 әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталды. Мал ұрлығының саны 5,5 пайызға, пәтерлерден ұрлық 0,3 пайызға төмендедi. Қоғамдық тәртiптi сақтауға белсендi қатысқаны үшiн 271 азамат марапатталды.

Облыстың патрульдiк полиция саптық бөлiнiстерiнiң материалдық жабдықтандыруы жақсарды, олар үшiн өткен жылы 59 қызметтiк автокөлiк сатып алынды, ол мобильдiгiн және азаматтардың шағымдары бойынша оқиға орындарына уақытылы шығуын жоғарылатты.

Қазiргi уақытта, полиция қызметкерлерiмен барлық жол қауiпсiздiгi желiсi бойынша әкiмшiлiк хаттамалар электронды планшеттермен толтырылады. Жұмысының айқындығын қамтамасыз ету үшiн полицейлер 100 пайызға 641 бейнежазба құралдарымен жабдықталған.

Қоғамдық тәртiптi сақтау бөлiгiнде 1288 камера пайдаланады, оның 1026-сы «Қазақтелеком» АҚ бұлттық бейнебақылау камералары. Көрсетiлген шаралар көшелердегi қылмыстардың санын 2,4 пайызға, қоғамдық орындарда 3,1 пайызға төмендетуге мүмкiндiк бердi.

Маскүнемдiк пен тұрмыстық озбырлықтың алдын алу мақсатында Щучинск пен Степногорск қалаларында 15 төсек-орынға, Ерейментауда 3 төсек-орынға, Целиноград ауданына қызмет көрсететiн Астана қаласында 3 төсек-орынға арналған дағдарыс орталықтары ашылды, былтырғы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа түскен 95 тұлға орналастырылды. Осындай орталықты Көкшетау қаласында ашу мәселесi қарастырылуда.

Облыс аумағында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, мас күйiндегi және отбасылық-тұрмыстық саласында жасалған қылмыстарды төмендетуге бағытталған жедел-алдын алу iс-шаралары өткiзiлдi.

Өткiзiлген iс-шаралардың нәтижесiнде адам өлтiру саны 13,3 пайызға, зорлау 26,7 пайызға, сондай-ақ мас күйiнде жасалған қылмыстардың саны 1,4 пайызға төмендедi.

Балалық шақты қорғау және жасөспiрiмдер қылмысының алдын алу шеңберiнде тұрмыстық зорлық мәселелерi бойынша еңбек ұйымдарында дөңгелек үстелдер өткiзiлдi, «Аналық пен балалықты қорғау» тақырыбына оқу орындарында лекциялар ұйымдастырылды. Тұрақты негiзде бiлiм беру органдарымен бiрлесiп, кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта көшеде болу мәнiне рейдтiк iс-шаралар өткiзiлдi.

Нәтижесiнде, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны 9,1 пайызға төмендедi.

Жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, патрульдiк полицияның автомобильдiк патрульдеу экипаждарымен жүзеге асырылады.

Алдын алу шараларының нәтижесiнде жол-көлiк оқиғалары 5,9 пайыз (2017ж. 579-дан 2018ж. 545-ке дейiн), оның iшiнде ЖКО-ның барысында қаза тапқандар 30,4 пайыз (2017ж. 135-тен 2018ж. 94-ке дейiн), жарақат алғандар 12,9 пайызға төмендедi.

Облыс орталығында Горький-Уәлиханов, Горький-Әуелбеков, Горький-Әуезов, Уәлиханов-Кенесары, Уәлиханов-Юбилейный, Абылай хан даңғылындағы «Жәрдем» автокөлiктерге жанармай құю станциясы орналасқан көше қиылыстарында автоматтандырылған режимде 6 жол қозғалысын бақылайтын интеллектуалды жүйелер жұмыс iстейдi.

Ағымдағы жылы автокөлiктердiң қозғалысы кезiнде мемлекеттiк нөмiрлерiн оқу жолымен, iздестiрудегi көлiк құралдарын тоқтату зияткерлiк бағдарламалардың жүйесiн, тiркелген бұзушылықтар туралы мәлiметтердi процессинг орталығына жолдау мүмкiндiгi бар, жол қозғалысының саласында автоматтандырылған режимде құқық бұзушылықтарды анықтайтын кешендер енгiзу жоспарлануда.

2018 жылы қойылған мiндеттердi орындау үшiн полицияның саптық бөлiмшелерiмен 106 мобильдiк радиостанция, 100 тасымалдайтын бейнетiркегiш, бейне деректердi оқитын 1 бағдарламалық-аппараттық кешенi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру үшiн 135 электронды планшет, амунициясымен қызметтiк 30 ат сатып алынды, Бурабай ауданының полиция бөлiмiнде ат ауласы салынды.

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР МЕН МIНДЕТТЕР

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi арттыру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына және басқа да стратегиялық құжаттарға сәйкес 2019 жылы әлеуметтiк-экономикалық дамудың оң серпiнiн қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

1. Өнеркәсiп саласында экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды iске асыру және еңбек өнiмдiлiгiн арттыру арқылы индустриялық өсудiң жаңа орындарын құру.

374 жұмыс орнын ашу арқылы 9 миллиард теңге инвестиция сомасына Кәсiпкерлiктi қолдау картасының 3 жобасын iске қосу, Картадан тыс 18,5 миллиард теңгеге 22 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

2. Ауыл шаруашылығы саласындағы негiзгi мiндеттер:

— егiстiк алқаптарының құрылымын әртараптандыру шеңберiнде басым дақылдар алқаптарын ұлғайту;

— суару алаңын 24 мың гектарға дейiн ұлғайту;

— мал шаруашылығы саласында жалпы табындағы асыл тұқымды iрi қара мал басының үлес салмағын арттыру, мал бордақылау алаңдарын 60 пайызға дейiн арттыру жұмысын жалғастыру;

— өңдеу кәсiпорындарының жүктелуiн (ет бойынша — 75 пайызға дейiн, сүт бойынша — 65 пайызға дейiн) және қайта өңделген өнiм экспортын ұлғайту;

— Астана қаласының төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi шеңберiнде 10 инвестициялық жобаны iске асыру;

— Астана қаласына сүт өнiмдерiн (113,6 мың тонна), ет және ет өнiмдерiн (28,6 мың тонна), тағамдық жұмыртқаны (276,5 млн. дана) жеткiзу бойынша жұмыс жүргiзу.

3. 2018 жылғы деңгейден төмен емес, оның iшiнде мемлекеттiк — жекеменшiк әрiптестiктi дамыту арқылы негiзгi капиталға инвестициялар тарту.

4. Тұрғын үйдi пайдалануға беру 501,9 мың шаршы метрден кем емес деңгейде жоспарлануда.

2019 жылы 32 көппәтерлi, 20 жалға берiлетiн (Көкшетау, Макинск, Державинск, Атбасар қалаларында, Жақсы, Егiндiкөл, Зерендi, Шортанды кентiнде, Қосшы ауылында) және 12 кредиттiк (Көкшетау қаласында) тұрғын үй салу жоспарлануда. Облыс орталығында Көкшетау қаласының аула аумақтарын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғастырылады (Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшелерi шегiнде).

5. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қол жеткiзудi арттыру мақсатында 2019 жылы 10 елдi мекенде 13 жобаны аяқтау жоспарлануда. Облыс бойынша қалалар мен ауылдарда барлығы 649 шақырым сумен жабдықтау, 159 шақырым су бұру желiлерiн салу және реконструкциялау жоспарлануда.

6.Тауарлар мен қызметтерге бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеуге бағытталған iс-шаралар кешенiн iске асыру.

7. Қолда бар мемлекеттiк қолдау құралдарын белсендi пайдалану жолымен шағын және орта бизнестi дамыту.

8. Туризм саласында негiзгi мiндеттер:

— туристiк дестинациялар мен объектiлердiң көлiктiк қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету (Щучинск-Зерендi автомобиль жолының құрылысын аяқтау);

— iшкi туризмдi дамыту үшiн туристiк өнiмдер мен қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету (нысандарды сертификаттау, қызметтерге бағаны төмендету);

— iшкi және халықаралық нарықтарда өңiрдiң туристiк әлеуетiн iлгерiлету (әлеуметтiк желiлер арнасын iске қосу);

— туризм саласындағы маңызды инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн инвесторларды iздеу және тарту бойынша жұмыс;

— Қазақстан өңiрлерiмен және Ресей Федерациясының шектес аумақтарымен (батыс-сiбiр өңiрi) ынтымақтастықты кеңейту.

9. Бiлiм беру саласындағы негiзгi мiндеттер:

— 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен және тәрбиемен 100 пайыз қамтамасыз етуге қол жеткiзу;

— мектептердiң 4, 9 және 10-сыныптарының бiлiм берудiң жаңартылған мазмұнына көшуiн қамтамасыз ету;

— еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды сапалы даярлау.

2019 жылы 464 мектепке дейiнгi ұйымды және ауылдық жерлерде орналасқан 457 жалпы бiлiм беретiн мектептi қосу жоспарлануда.

10.Денсаулық сақтау саласы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады:

— емдеу, диагностикалық және алдын алу iс-шараларының сапасын арттыру;

-әлеуметтiк маңызы бар ауруларды және олардан өлiмдi төмендету;

— заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау;

— дәрiгер кадрларының тапшылығын төмендету.

2019 жылы ауылда 15 жедел жәрдем пунктiн ашу жоспарланды.

11. Жұмыспен қамту саласындағы негiзгi мiндеттер:

— өнiмсiз өзiн-өзi жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың белсендi шараларына тарту;

— бiрыңғай жиынтық төлем бойынша кең ауқымды ақпараттық түсiндiру жұмыстарын енгiзу;

-бұқаралық ақпарат құралдарында қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi жариялай отырып, атаулы әлеуметтiк көмектiң жаңа форматы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасылар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмысы.

— барлық санаттағы мүгедектер үшiн әлеуметтiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiнiң толық қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша бейiмдеу iс-шараларын өткiзу;

— азаматтардың демалуына арналған саябақтар, скверлер және басқа да ашық аймақтардың мүмкiндiгi шектеулi адамдар мен халықтың қауқары аз топтары үшiн қолжетiмдiлiк мәнiне түгендеу жүргiзу;

— мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi өңiрлiк Жол карталарын бекiтудi қамтамасыз ету;

— көзделген қаражат шегiнде мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;

— жұмыссыздық деңгейiн 4,8 пайыз деңгейiнде сақтау.

12. Спорт саласындағы мiндеттер:

— заманауи спорт алаңдарын кеңейту;

— дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысатын азаматтарды қамтуды 29 пайызға дейiн ұлғайту;

— кешендi республикалық iс-шараларға қатысу: қысқы Жастар ойындарына, жазғы спартакиадаға, параолимпиялық ойындарға, ұлттық спорт түрлерi фестивалiне.

13. Iшкi жастар саясаты саласында азаматтық қоғам институттарын одан әрi серпiндi дамыту, қоғамдық келiсiмдi қолдау, қазақ әлiпбиiнiң латын әлiпбиiне көшу мәселелерiн түсiндiру жөнiндегi әртүрлi форматтық iс-шаралар өткiзу жұмыстары жалғастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ағымдағы жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанатты ашылуында берген тапсырмаларын ескере отырып, мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi басымдықтары iске асырылатын болады.

Ағымдағы жылы жоспарланды:

— Көкшетау қаласында «Айналайын» қазақ халқына алғыс монументiнiң ашылуы;

— көрнектi тарихи тұлғалардың есiмдерiмен байланысты Қазақстан мен өңiрдiң киелi объектiлерiн зерттеу және танымал ету бойынша «NomadResearch» инновациялық ғылыми-зерттеу жобасын енгiзу;

-Көкшетау-Астана трассасы бойында «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» аясында 5 ескерткiш орнату: Ақан серi, Қажымұқан, Балуан Шолақ, Бiржан сал, Кенесары;

— «Латын графикасы — Рухани жаңғырудың негiзгi бағыты» жобасын iлгерiлету.

2019 жылы Көкшетау қаласында 2 мешiт (1 — Көкшетау қ., 1 — Степногорск қ.) және православиелiк шiркеудiң құрылысын аяқтау жоспарлануда.

14. Степногорск моноқаласының даму әлеуетiн одан әрi арттыру.

15. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың жедел мониторингi және облыс тұрғындары мен қонақтары үшiн бiрыңғай қол жеткiзу нүктесiн ұсыну мақсатында Smart Aqmola бiрыңғай интеграциялық тұғырнамасын енгiзу (мобильдiк қосымша және облыстың Web-порталы).

Дата публикации
12 февраля 2020
Дата обновления
12 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы