Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалиннің халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы (08.03.2019)

Құрметтi қыз-келiншектер мен әйелдер қауымы!

Сiздердi шын жүректен көктемнiң әсем мерекесi — Халықаралық әйелдер күнiмен құттықтаймын! Осы бiр айтулы күнi сiздерге өзiмiздiң шынайы алғысымыз бен құрметiмiздi жеткiземiз.

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Әйел тек отбасының ғана емес, сонымен бiрге, мемлекеттiң де тiрегi» деп атап көрсеткен болатын. Осы бiр орынды сөзде әйел қауымының елiмiздiң дамуына сiңiрген зор еңбегi жатыр. Бүгiнгi таңда қоғамымыздың нәзiк жандары ат салыспайтын бiрде-бiр сала жоқ. Осы заманғы әйелдер саясатта, экономика мен кәсiпкерлiкте, бiлiм және денсаулық сақтау салаларында жарқын iстерiмен көрiнуде. Сiздердiң қолдарыңыздан ғылыми жаңалық, спорттық сайыста топ жарып, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету болсын, бәрi де келедi.

Өз жұмыстарыңызда жаңа кәсiби биiктердi бағындырған сiздер отбасы бақытын да қолдарыңызда бекем ұстап, айналаңызға жылылық пен шуақ дарытып келе жатырсыздар. Әйел-ана өз балаларының тәрбиесiне қаншама ақыл-парасатын, күш-жiгерiн, көңiлiнiң кеңдiгiн сарп етедi. Бұл үшiн сiздерге жеке алғысымызды бiлдiруiмiз керек. Ақмола облысында бүгiнгi таңда 7 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» иегерлерi тұрып жатыр. Бүгiнгi мереке күнi бiз соғыс және еңбек ардагерлерiне ерекше тағзым етемiз. Ел тарихындағы ең бiр қиын кезеңдерде бiздiң болашағымыз үшiн бар күш-жiгерлерiн жұмсап, аянбай еңбек еткен аға ұрпақтың ерлiк iстерi қандай құрметке болсын лайық.

Осы бiр тамаша күнi сiздердiң баршаңызға зор денсаулық, отбасы бақыты мен ұзақ өмiр, көтерiңкi көңiл-күй тiлеймiн. Көктемнiң жылы шуағымен ерекшеленген жарқын мереке шаттық, бақыт пен сүйiспеншiлiк әкелсiн!

Дата публикации
07 марта 2019
Дата обновления
07 марта 2019
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы