Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың наурыз мейрамымен құттықтауы (22.03.2019)

Құрметтi ақмолалықтар!

Баршаңызды елiмiздiң ең ұлық мерекесi — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Халық санасында ежелден жыл басы саналған, елдiң жадында Ұлыстың ұлы күнi болып қалыптасқан Наурыз — қашан да елдiк пен бiрлiктiң, жарқын жасампаздықтың мерекесi. Бiз әлемдiк беделге ие болған Елбасымызбен бiрге халқымыздың Егемендiк туралы ежелгi арманын iске асыра бiлдiк. Қазақстанның Тұңғыш Президентi Н.Ә. Назарбаевтың есiмi әлеуметтiк, экономикалық және сыртқы саясат саласындағы жетiстiктерiмiзбен атап өтiлген заманауи мемлекетiмiздiң тарихында тұтастай бiр кезеңмен байланысты.

Ақмола облысы ел дамуына қомақты үлес қосып келедi, жыл сайын көрсеткiштер жақсаруда. Осы бiр атаулы күнi жетiстiктерiмiзге талдау жүргiзiп, лайықты болашаққа жоспарлар құрамыз. Наурыз мейрамы ұлы бастамалардың алғышарты болсын.

Сiздерге, тәуелсiз Қазақстанымыздың гүлденуi барысындағы барлық жоспарларыңызға сәттiлiк, еңбектерiңiзге жемiс тiлеп, ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тiлекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға — береке, халқымызға — игiлiк, мемлекетiмiзге — молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тiлеймiн.

Iзгi тiлекпен,
Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев

Дата публикации
22 марта 2019
Дата обновления
22 марта 2019
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы