ҚҰРМЕТТI АҚМОЛАЛЫҚТАР!
Сiздердi шын көңiлден Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесiмен құттықтаймын!
Бүгiн таңда бiздiң елiмiзде жүзден астам ұлт өкiлдерi татулық пен келiсiмде өмiр сүруде, олардың әрқайсысына ұлттық мәдениетiн, дәстүрлерiн сақтауы мен дамытуы, ана тiлiн үйренуi үшiн тең мүмкiндiктер жасалған.
Қазақстандықтардың жауапкершiлiгi мен патриотизмi, бiрлiгi мен төзiмдiлiгi жүргiзiлiп жатқан мемлекеттiк саясаттың берiк өзегi болып табылады. Ұлтаралық келiсiмнiң бiрегей моделiн қалыптастыру Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына тиесiлi.
Елбасының салған сара жолына адал болу — бұл бiздiң ортақ Отанымыздың игiлiгi үшiн адал еңбек ету, бiздiң басты құндылығымыз — Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқының ұлы және мызғымас достығын нығайту.
Сiздерге және сiздердiң жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тiлеймiн!
Iзгi тiлекпен
Ақмола облысының әкiмi,
Қазақстан халқы Ақмола
ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаев
