Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың жеңіс күнімен құттықтауы (09.05.2019)

ҚАДIРЛI ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРI ЖӘНЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРI!
ҚҰРМЕТТI АҚМОЛАЛЫҚТАР!

Сiздердi Ұлы Жеңiстiң 74жылдығымен — ұлылығы мәңгiлiк көнермейтiн мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Осынау айрықша күн барлық қазақстандықтарды ең қатыгез және қанды соғыстың шайқас алаңдарында қалған боздақтарды еске алу, бiздiң халқымыздың ержүректiлiгi мен табандылығына деген мақтаныш сезiмi бiрiктiредi. Елiмiздiң Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақаласында: «Төл тарихын бiлетiн, бағалайтын және мақтан ететiн халықтың болашағы зор болады деп сенемiн. Өткенiн мақтан тұтып, бүгiнiн нақты бағалай бiлу және болашаққа оң көзқарас таныту — елiмiздiң табысты болуының кепiлi…» деген болатын.

Бiздiң басты парызымыз — қаһармандық ерлiк туралы қастерлi сезiмдi сақтау, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiзге Ұлы Жеңiс жолында өз өмiрiн құрбан еткендер және әлемдi фашизмнен сақтап халған халқымыздың ерлiгi мен табандылығы туралы айтып отыру болып табылады.

Құрметтi ардагерлер, Сiздерге шын жүректен қайтпас рух, бақыт және сәттiлiк тiлеймiн. Сiздердi мұң мен келеңсiздiктер айналып өтетiн болсын, жақындарыңыздың жомарт жүрегi сiздердiң өмiр жолдарыңызды жылытып тұрсын.

Мерекелерiңiзбен, қадiрлi ақмолалықтар! Сiздерге ашық та бейбiт аспан, дархан көңiл, өзара түсiнiстiк, игi iстер, сәттiлiк және отбасылық бақыт тiлеймiн! Қазақстан аспаны әрдайым ашық болсын және бiздiң елiмiз, бiздiң халқымыз өркендей берсiн!

Құрметпен,
Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев

Дата публикации
08 мая 2019
Дата обновления
08 мая 2019
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы