Ақмола облысында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қ.М. Ыдырысовтың төрағалығымен облыстық әлеуметтiк серiптестiк жөнiндегi үш жақты комиссияның отырысы өткiзiлдi. Комиссияда қаралған мәселелер:
1.«Қауiпсiз еңбек жағдайын құру, еңбек жарақаттарын болдырмау, өндiрiс объектiлерiн сертификаттау, облыс кәсiпорындарында жалақы берешегiн мониторингiлеу». Еңбек инспекциясы жөнiндегi басқарманың басшысы
Б.Л. Мұстафинның ақпараты, «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Көкшетау жолдары» ЖШС, «Көкшетау Энерго» ЖШС кәсiпорындары басшыларының есептерi тыңдалды.
2.«Кәсiпорындардың жалақысы төмен жұмыскерлерiнiң жалақысын көтерудi және олардың жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеудi қарастыратын облыс әкiмдiгiнiң, облыстық қызметкерлер бiрлестiгi мен жұмыс берушiлердiң арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған келiсiмге толықтырулар енгiзу». Осы мәселе бойынша ОҮЖК төрағасы Қали Сұлтанахмедұлы Рахметовтiң ақпараты тыңдалды, онда ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен жұмыскерлердiң айлық жалақысы көлемiнiң кем дегенде 10 пайызға өсуiн қамтамасыз ету және жаппай жұмыстан босатуға жол бермеу бойынша облыстық ҮЖК келiсiмiне толықтыру енгiзу қажеттiлiгiн атап өттi.
«Целиноград ауданының әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк пен еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi комиссиясының жұмысы туралы» үшiншi мәселе бойынша Целиноград ауданы әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Айтқожинов әңгiмелеп бердi.
Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы Д.К. Ахметжанова ОҮЖК 2019 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Барлық мәселелер бойынша облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Қ.М. Ыдырысовпен тиiстi шешiмдер қабылданды. Сондай-ақ, комиссия үйлестiрушiсiне комиссия мүшелерiмен айтылған өзгерiстердi хаттамаға енгiзу тапсырылды.