2019 жылғы қаңтар-шiлдеде облыс бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 131,0 млрд.теңгенi құрап, өткен жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 1,3% өстi.
2019 жылғы қаңтар-шiлдеде тұтыну бағаларының индексi облыс бойынша 102,4% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 106,0%, азық — түлiк емес тауарларға — 102,2%, ақылы қызметтерге — 98,3%.
2019 жылдың 7 айында ұн, күрiш, нан, макарон өнiмдерi, қой етi, сиыр етi, құс етi, көкөнiс, шикi сүт, шұжық өнiмдерi, шай, темекi өнiмдерi, жемiстер, алкогольдi сусындар, жармалар, тұрмыстық аспаптар, жеке пайдаланатын тауарлар, фармацевтикалық препараттар, киiм және аяқ киiм, амбулаториялық қызметтер, бiлiм беру және байланыс, көлiк қызметтерi және т.б. бағалардың өсуi байқалады.
Жұмыртқа, сүт 2,5%, сүзбе, күнбағыс майы, ақ қауданды қырыққабат, қияр, қант, суық сумен жабдықтау, кәрiз, электр энергиясы, қатты отын, бензин, дизель отыны, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және т.б. бағалар төмендедi.
Бағаның өсуiнiң негiзгi себептерi тауар өндiрушiлерден босату бағасының артуы, жаңа өнiм өнiмiнiң жоғары бағалар бойынша түсуi, жекелеген азық-түлiк тауарларын өндiру маусымдылығы, сақтау мен өңдеуге жұмсалған шығындардың өсуi, көлiк шығыстары, ұлттық валюта бағамының өзгеруi және басқалар болып табылады.
Тауарлар мен қызметтер бағасының негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында келесi iс-шаралар өткiзiледi.
Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы аудан және қала әкiмдiктерiмен бiрлесiп облыс өңiрлерi бойынша әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарлары мен жанар-жағар май материалдары бағасының жағдайына тұрақты мониторинг және талдау жүргiзедi.
Аудан және қала әкiмдiктерiмен тауар өндiрушiлер, көтерме және бөлшек сауда сатушылар қабылдаған 983 бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу туралы меморандум шеңберiнде мiндеттемелердi бақылау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
Облыста жыл басынан берi 485 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 1 116,6 млн. теңгенiң азық-түлiк өнiмдерi дүкендерде және базарларда 10-20% төмен бағамен сатылды.
Жергiлiктi азық-түлiк тауарлары өндiрiсiнiң өсуi де бағаны тұрақтандыру факторларының бiрi болып табылады.
2019 жылғы қаңтар- шiлдеде облыстың өңдеушi кәсiпорындары 57,2 млрд. теңгеге азық-түлiк өнiмдерiн өндiрдi, бұл 2018 жылғы кезеңге 14,8% құрады. Ет және құс, жартылай фабрикаттар, өңделген сүт, ұн және т.б. өндiрiсi ұлғайды.
| Тауарлардың атауы/Наименование товара | Өлшем бірлігі/Ед.изм. | Орташа бағалар/Средние цены (теңге) | |
| 1 | 2 | 3 | |
| Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)/Хлеб пшеничный из муки первого сорта (формовой) | кг | 146 | |
| Бірінші сортты бидай ұны/Мука пшеничная первого сорта | кг | 134 | |
| Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)/Рис шлифованный (круглозерный, весовой) | кг | 313 | |
| Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)/Крупа гречневая (ядрица, весовая) | кг | 164 | |
| Рожки (өлшеніп салынатын)/Рожки (весовые) | кг | 184 | |
| Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)/Говядина (лопаточно-грудная часть с костями) | кг | 1553 | |
| Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)/Мясо кур (бедренная и берцовая кость с прилегающей к ней мякотью) | кг | 828 | |
| Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада/Молоко, пастеризованное 2,5% жирности в мягкой упаковке | литр | 222 | |
| Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада/Кефир 2,5% жирности в мягкой упаковке | литр | 250 | |
| Майлылығы 5-9% сүзбе/Творог 5-9% жирности | кг | 962 | |
| Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)/Масло сливочное (несоленое, не менее 72,5% жирности, без наполнителей и растительных жиров) | кг | 1926 | |
| I санатты тауық жұмыртқасы/Яйцо куриное I категории | Ондық/десяток | 203 | |
| Күнбағыс майы/Масло подсолнечное | литр | 417 | |
| Ақ қауданды қырыққабат/Капуста белокочанная | кг | 80 | |
| Басты пияз/Лук репчатый | кг | 128 | |
| Асханалық сәбіз/Морковь столовая | кг | 133 | |
| Картоп/Картофель | кг | 92 | |
| Ақ қант – құмшекер/Сахар белый – сахар-песок | кг | 240 | |
| Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)/Соль поваренная пищевая (кроме «Экстра») | кг | 51 |