Меню

Страницы

Статья

Жер пайдалану

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының
2020 жылдың бiрiншi тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Жер ресурстары — бiздiң облысымыздың экономикалық құрылымында ерекше орынға ие болады.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысының жер қоры 14 млн 613,2 мың га құрайды (облыстың ең үлкен өңiрi Ерейментау ауданы — 1765,8 мың га, ең кiшкентай өңiр Көкшетау қ. — 42,5 мың га).

Облыстың жер қорының жалпы құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 74 % немесе 10 822,1 мың га құрайды.

Жер қорының құрылымы, жалпы алғанда келесiдей:

-елдi мекендердiң жерлерi — 1325,4 мың га;

-өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауыл шаруашылығының мақсатына жатпайтын өзге де жерлер — 136,1 мың га;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi — 519,0 мың га;

-орман қорының жерлерi — 522,7 мың га;

-су қоры жерлерi — 201,2 мың га;

-босалқы жерлер — 1085,5 мың га.

-Нұр-Сұлтан қ. пайдаланатын жерлер — 1,2 мың.га.

1. Сауда-саттықтар (конкурс, аукциондар) арқылы жер учаскелерiн сату

Жерлердi ресурс ретiнде экономикалық айналымға тарту, жерлердi ұтымды пайдаланудың маңызды факторларының бiрi болып табылады.

Сауда-саттықтарды өткiзу жолымен жер учаскелерiн беру, бюджет толықтырылуының жақсы көзi болуымен қатар, бұған дейiн тартылмаған жерлердi ұтымды пайдаланудың барынша жақсы құралының бiрi болып саналады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңiнде жер учаскелерiн сату бойынша 3 аукцион өткiзiлдi, оның қорытындысы бойынша жалпы ауданы 424 га 11 жер учаскесi сатылды, мемлекеттiк бюджетке 54 млн.теңге түстi.

Ауыл шаруашылығы айналымына 42 326,7 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер тартылды.

2. Жер қойнауын пайдалану мақсаттарында жер беру

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру мен барлау бойынша 172 келiсiмшарт қолданыста, оңын iшiнде 14 лицензия.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 5, Астрахан — 5, Атбасар — 2, Аршалы — 37, Бурабай — 7, Егiндiкөл — 1, Ерейментау — 5, Бiржан сал — 4, Есiл — 3, Жарқайың — 3, Зерендi — 21, Қорғалжын — 4, Сандықтау — 2, Целиноград — 56, Шортанды ауданы — 11, Көкшетау қаласы — 3, Степногорск қаласы — 1.

Оның iшiнде белгiленген тәртiпте 132 жер учаскесi әзiрлендi, 40 жер учаскесi әзiрлеу сатысында (26 келiсiмшарт және 14 лицензия).

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 3, Астрахан — 5, Атбасар — 2, Аршалы — 28, Бурабай — 6, Ерейментау — 5, Егiндiкөл — 1, Бiржан сал — 4, Есiл — 3, Жарқайың — 3, Зерендi — 19, Қорғалжын — 3, Сандықтау — 2, Целиноград — 38, Шортанды — 8, Көкшетау қаласы — 1, Степногорск қаласы — 1.

2020 жылыдың өткен кезiнде бюджетке жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өтемақысы ретiнде шамамен 23,7 млн. теңге төленгенiн атап өткен жөн, сот шешiмiмен 8,2 млн. теңге өндiрiлдi.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс жалғасуда.

3. Соттық талап-арыз жұмысы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасымен 2020 жылдың өткен кезеңiнде барлығы 3 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 2 — ауыл шаруашылық шығындарды өтеу туралы, 1 — өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы.

Қазiргi уақытта барлық азамматтық iстер Ақмола облысының МАЭС ның қарауында.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету

Облыстық және аудандық жер қатынастары органдары жер қатынастары саласында көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттардың жалпы саны — 13:

1) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

2) «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

3) «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

4) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыруға түпкiлiктi шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

5) «Елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

6) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

7) «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

8) «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

9) «Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

10) «Жер учаскесiн жекеменшiкке бөлiп төлеуге сату» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

11) «Жер учаскелерiн сатып алу-сату шарттарын жасасу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

12) «Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет;

13) «Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет.

2020 жылдың бiрiнше тоқсанында Басқармамен 16 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Дата публикации
10 марта 2020
Дата обновления
10 марта 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы