Облыста «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда.
Халыққа медициналық көмектi 568 денсаулық сақтау ұйымы көрсетедi: 23 (4%) ауруханалық ұйым, жедел медициналық жәрдем станциясы, қан орталығы, 537 амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн ұйым (94,5%): (3 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 2 аудандық емхана, 1 ЖИТС орталығы, 100 дәрiгерлiк амбулатория (ДА), 44 фельдшерлiк- акушерлiк пункт (ФАП), 386 медициналық пункт (МП)).
Басқа да медициналық ұйымдар — 6 (1,6%).
Көрсеткiштер:
Жалпы өлiм-жiтiмнiң 4% (1000 халыққа шаққанда 10,54 тен 10,12 дейiн) төмендегенi байқалады, қан айналым жүйесi ауруларынан 14,3% (100 мың халыққа шаққанда 233,39 дан 200,09 дейiн) төмендедi, қатерлi iсiктерден өлiм-жiтiм, ҚР Статистика бойынша комитетiнiң 01.06.2019 деректерi бойынша 7,5% (100 мың адамға шаққанда 102,49-дан 110,18 дейiн) ұлғайған.
Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiштерiнiң төмендегенi байқалады: туберкулез — 13,9% (100 халыққа шаққанда 29,5-тен 25,4 дейiн). Сонымен қатар, АИТВ инфекциясы аурушаңдығы көрсеткiштерiнiң 34,1%-ға (100 мың халыққа шаққанда 7,5-тен 10,6 дейiн), қан айналым жүйесi ауруларымен 40,2%-ға (100 мың халыққа шаққанда 1238,6-дан 1736,3 дейiн) өскенi байқалады.
Ауруларды ерте анықтауға арналған скринингiлiк бағдарлама жүзеге асырылуда. Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Ақмола облыстық филиалының 01.07.2019 деректерi бойынша скринингiлiк қараумен:
қан айналым жүйесi ауруларымен — 42 608 адам;
қант диабетiмен — 44 516 адам;
жатыр мойыны iсiгiмен — 17 192 адам;
сүт бездерi iсiгiмен — 15 633 адам;
глаукомамен — 45 661 адам қамтылды.
Денсаулық сақтау жүйесiнде барлығы 29 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi:
1) Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымға бекiту;
2) Дәрiгердiң қабылдауына жазылу;
3) Дәрiгердi үйге шақырту;
4) АИТВ инфекциясының барына мiндеттi құпия және ерiктi анонимдi медициналық қаралу;
5) Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымға анықтама беру;
6) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын беру;
7) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру;
8) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi беру;
9) Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейiн тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзаларының бөлiгiн) тiрi кезiнде ерiктi құрбандыққа беруге келiсiмдi немесе бас тартуды тiркеу;
10) Жедел медициналық көмек көрсету;
11) Госпитализациялау бюросы порталы арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде пациенттердi стационарға госпитализациялауға жолдама беру;
12) Қазақстан Республикасы азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге жiберу мүмкiнiдiгiне құжаттарды қабылдау және қарау;
13) Денсаулық сақтау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлаудан өткенi туралы құжаттар беру;
14) Психоневрологиялық ұйымдардан анықтама беру;
15) Наркологиялық ұйымдардан анықтама беру;
16) Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру;
17) Мiндеттi медициналық қараулардан алдын ала өту;
18) Көлiк құралдарын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру;
19) Санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру;
20) Жекелеген азаматтарға, сондай-ақ қамқоршылық (қорғаншылық) және патронатты, кәсiптiк және техникалық, орта бiлiмнен және жоғары бiлiмнен кейiнгi ұйымдардың оқушылары мен тәрбиеленушiлерiне тегiн тағамды ұсыну;
21) Бiлiм ұйымдарындағы бiлiм алушыларға академиялық демалыстар ұсыну;
22) Кәсiптiк және техникалық бiлiм беру ұйымдарында оқушыларға жатақхана ұсыну;
23) Кәсiптiк және техникалық бiлiм туралы құжаттардың телқұжаттарын беру;
24) Кәсiптiк және техникалық бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау;
25) Техникалық, кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмдi аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру;
26) Техникалық, кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқитындарды ауыстыру және қалпына келтiру;
27) Медициналық қызметке лицензия беру;
28) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру;
29) Денсаулық сақтау саласында есiрткiлiк заттар, психотропты зататр мен прекурсорлардың айналымы саласында қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру.
2019 жылғы 6 айдағы жағдай бойынша барлығы 2 064 982 қызмет көрсетiлдi.