Меню

Страницы

Статья

ТКШ

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының
2019 жылғы I тоқсан жұмыс қорытындылары туралы
ақпарат

Энергия үнемдеу

Ақмола облысында барлық салаларда негiзгi энергетикалық ресурстарды үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспары ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiмен келiсiлiп, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 10 қарашадағы № А-12/527 қаулысымен бекiтiлдi.

Өткiзiлген iс-шаралар нәтижесiнде 2019 жылдың 1 тоқсанында үнемдеу: электр энергиясы бойынша — 750,1 тыс.кВтч, жылу энергиясы — 8,681 мың Гкал, су — 267,44 мың м3.

Облыстың жаңартылатын энергия көздерi арқылы 2019 жылдың 1 тоқсанында 49,184 млн кВт/сағ өндiрiлдi, оның iшiнде:

Ерейментау а. ЖЭС 45МВт — 48,854 млн.кВт/сағ.,

«Родина» ПК ЖЭС 0,75МВт — 0,33 млн.кВт/сағ..

Ақмола облысында көше жарығының жалпы ұзындығы 1123,6 км, оның iшiнде энергия үнемдеуiш шамдармен — 416,7 км. 2019 жылдың 1 тоқсанында көше жарықтандыруды жаңғыртуға 37,260 мың теңге бөлiндi. 2019 жылдың 1 тоқсанында 1,3 км желi жаңғыртылды.

Сонымен қатар облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту объектiлерiне энергия аудитi бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 85 МЭТ субъектiсiне энергия аудитi өткiзiлдi. Халық арасында энергиямен, жылумен, сумен қамсыздандыру мәселелерiн түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру жалпы үйдегi энергияны есепке алу аспаптарын орнату одан әрi деректердi бiрыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйеге көшiру арқылы, Бiрыңғай Есеп айырысу-қаржы орталығын құру және E-KSK мобильдiк қосымшасын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылады.

Бүгiнгi таңда «SMARTNET» ЖШС әзiрлеген «E-KСK» электронды бағдарламасы пилоттық режимде iске қосылды. Қазiргi уақытта онда 64-тен 64 ПИК, ЖШС және ЖК тiркелген және жұмыс iстейдi.

Ақмола облысында пилоттық кварталды жабдықтау бойынша жоба iске асырылуда — КҚТҮ 11бiрлiк.Онда қашықтықтан деректер алу өлшеу аспаптарын ауыстыру жасалды: АЭЕАЖ — 378дана, АСЕАЖ — 378 дана. Бұл құрылғылар меншiк иелерiне көрсетiлiмдердi қарауға және үйден шықпай-ақ тiкелей қызмет көрсетушiмен байланысуға,уақытты үнемдеуге мүмкiндiк бередi.

Сондай-ақ, су есептегiштерден ақпарат алу және беру үшiн 3 дана «LoRa станциясы» орнатылған. 100 шырағдан мөлшерiнде ақылды шамдарға көшенiң жарықтандыруын жаңарту жүзеге асырылады. 2 жылы аялдама орнатылды. Бұл аялдамалар кондиционер және бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жолаушыларға арналған автобус кестесi бар қолжетiмдi ақпараттық тақтаға ие, қоғамдық тәртiптi бұзу туралы жедел ақпарат жинауды жүргiзедi.

Дата публикации
10 марта 2020
Дата обновления
10 марта 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы