Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Н.Ж. Нұркеновтiң төрағалығымен 2017 жылғы 10 ақпанда «100 нақтылы қадам» Ұлт жоспарын денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму саласында түсiндiру жөнiндегi жұмыс тобының кезектi отырысы өткiзiлдi.
Кеңес барысында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысының үшiншi тоқынын өткiзу мәселелерi талқыланды. Ақпараттық-түсiндiру жұмысының екi кезеңiнiң қорытындылары бойынша жұмыс тобының жұмысы атап өтiлдi, аталған кезеңде денсаулық сақтау және бiлiм беру жүйесiнiң 5 мыңнан астам қызметкерлерiн қамту арқылы шамамен 57 кездесу өткiзiлдi.
Отырыстың қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелерiне ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу бөлiгiнде аудандық/қалалық штабтарды белсендiруге қатысты мiндет қойылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.