Меню

Страницы

Статья

Пресс-релизі Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның 2021 жылғы 23 маусымдағы отырысының

Ағымдағы жылдың 23 маусымда өңірлермен селекторлық режимде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.М. Рамазановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне «Міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешектің ағымдағы жағдайы туралы» мәселесі шығарылды.

Аталған мәселе бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Б.М. Шайкенов ақпарат берді. Одан кейін Зеренді, Бурабай аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері орынбасарларының, облыстық білім басқармасы өкілінің есептері тыңдалды.

Отырыс соңында комиссия мүшелері аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша пайда болған берешекті өтеу бойынша шараларды қабылдауды ұсынды. Мемлекеттік кірістер басқармалары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерімен бірлесе өңірлік комиссиялардың отырыстарында жұмыс берушілерді тыңдауды жалғастыру.

Сонымен қатар, талдау жүргізіп, қарыздарды өтеу кестесін жасау және оны жұмыс органы – жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасына ұсыну.

         

Дата публикации
24 июня 2021
Дата обновления
24 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы