Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептердің жария талқылауларын жылына кемінде бір рет өткізеді.

Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есепке (бұдан әрі – Есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – облыстың ЖАО) көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер қосылды. 

Мемлекеттік қызметтер 16 басқармамен және олардың ведомствоға бағынысты ұйымдармен, 19 аудандық (қалалық) әкімдіктерімен, оның ішінде дербес бөлімдерімен, білім ұйымдарымен, ауыл, кенті, ауылдық ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарымен көрсетіледі.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖАО көрсетілетін қызметті берушілердің саны 1437 ұйымды құрайды, мемқызметтерді көрсету процестеріне қатысатын қызметкерлер – 3721 адам.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ЖАО 172 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – мемқызметтің 147 түрі, ақылы негізде – мемқызметтің 18 түрі, ақысыз/ақылы түрде – мемқызметтің 7 түрі.

2020 жылы барлығы 5 111 493 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

электронды түрде - 4 982 800 немесе 97,5% (ЭҮП, көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);

қағаз түрде - 71 017 қызмет немесе 1,4%,

Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы - 57 676 қызмет немесе 1,1%.

Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2 есе төмендеуінің оң серпіні байқалады. Көрсетілген электрондық қызметтердің өсімі 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 110% құрайды.

ХҚКО жаңа формат бойынша жұмыс істегенін ескере отырып, ЖАО-ның ХҚКО арқылы көрсеткен қызметтерінің 60%-ға төмендегені байқалады.

 

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру», «Жедел медициналық көмек шақырту» денсаулық сақтау саласының қызметтері бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер айқындалды.

Есептік деректерді талдау көрсеткендей, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 95,8% денсаулық сақтау саласына тиесілі. 2020 жылы осы салада 4 897 341 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 4851413 қызмет кешенді медициналық ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген, бұл электрондық түрде көрсетілген қызметтердің жалпы санының 97%-ын құрайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініштердің үлгілері және т.б.).

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер, БАҚ парақтарында орналастырылады.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында, оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- цифрлық сауатталыққа 13 709 адам оқытылды;

- «egov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 995 бұрышы, сонымен қатар 889 өңірлік әкімдіктермен, 101 басқармалармен және олардың ведомстволық бағынысты органдарымен ашылды;

- мобильді азаматтар базасында 38 831 ұялы телефон нөмірі тіркелді;

- Damumed қосымшасында 174 265 адам тіркелді;

- БАҚ-тарда 3792 түсіндіру материалы жарияланды;

- әлеуметтік желілер арқылы 250 тікелей эфир өткізілді;

- 102 қызмет түрі ЭЦҚ қолданусыз бір реттік құпия сөз арқылы қолжетімді болды;

- жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша онлайн режимде 4 топтық семинар өткізілді, семинарларға 320 адам қатысты.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2020 жылы сәулет, жер қатынастары, білім беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, дін, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау саласында 18 түр бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды

ЖАО қызметтерінің 172 түрінің 149 түрі ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтердің 142 түрі немесе 95,3%, Ақмола облысының ЖАО-ның жеке ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтердің 7 түрі немесе 4,7% көрсетіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың балансында 2 ақпараттық жүйе бар:

мемлекеттік қызмет көрсетудің 4 түрі көрсетілетін электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі (2012 жылдан бастап Ақмола облысында электрондық үкіметтің «өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді);

 «Akmola.kz» ақпараттық жүйесі (мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің 3 түрі).

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылы облыс, аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ішкі бақылау қызметтері 2863 қызметкерді немесе жалпы санының 79,5%-ын қамти отырып, ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде 68 оқыту семинарын өткізді.

Сонымен қатар, 256 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша 136 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау және мониторингілеу бойынша функциялар құрылымдық бөлімшелерге, облыс әкімдігіндегі, аудандар мен қалалар әкімдіктеріндегі жауапты қызметкерлерге бекітілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтері жүргізетін бақылау іс-шараларының мақсаты бақылау объектілерінің бұзушылықтарын анықтауы, жоюы және жол бермеуі болып табылады.

Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзудың 52 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 2 фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 50 фактісі, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің 4 бұзылуы анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар саны 189-ды құрайды, оның ішінде 173 ұсыным орындалды немесе 91,5%.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 19 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі бақылау қызметтерінің қызмет берушілер тарапынан бұзушылықтарға дер кезінде ден қоюы қызмет берушілердің осындай фактілерді алдағы уақытта болдырмауына ықпал етеді.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында 2020 жылы «INFOPOWER ақпараттық-талдау орталығы» ЖШС «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі» тақырыбына әлеуметтік зерттеу жүргізді. Осылайша, 2020 жылы Ақмола облысының ЖАО мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі мүмкін болатын 10 балдан 8,92 балды құрады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру арттыру мақсатында 2021 жылға мынадай іс-шаралар жоспарланды: 

  1. 2021 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының қоғамдық мониторингісінің қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша шара қолдану;
  2. көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлерін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы оқыту өткізу;
  3. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын өткізу;
  4. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтаудың мәніне бақылау іс-шараларын өткізу;
  5. «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініштердің санын арттыру;
  6. мемлекеттік қызметтердің уақытында көрсетілуіне уақытылы мониторинг жүргізу;
  7. мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалар үшін, олар мемлекеттік қызметті алуы барысында қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру түймешегі);
  8. көрсетілетін қызметті алушылар шағымдарының уақытында қаралуын қамтамасыз ету, өтініш білдіруге негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша дәйекті шаралар қолдану;
  9. мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бас тартулар бойынша коммуникациялық желілер арқылы (телефон, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т.б.) көрсетілетін қызметті берушілерімен кері байланысты орнату;
  10. танымал әлеуметтік желілер, мерзімдік баспа басылымдары арқылы «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және уәждемені күшейту туралы халықты ақпараттандыру қамтамасыз ету;
  11. «еGov mobile» мобильды қосымшасын пайдалану бойынша елді мекендерде баннерлерді орнату;
  12. мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту.

 

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2020 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы