Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының бастамасы бойынша Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Балтабаев Шыңғыс, Байрактар Анна, Ирмашева Маржан, Каракалова София, Умертаева Малика, Ербол Армангүл, Кравченко Александр және Крапивко Сергей "Әлем елдерінің сайлау жүйелері" атты интернет-олимпиадасына қатысты. Интернет-олимпиада жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында сайлау алды кезеңінде өткізілді. Барлық қатысушылар сайлау құқықтарын жүзеге асыру үшін білім мен дағдыларды меңгерді. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының кезекті отырысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Айдарбекұлы Садуов пен облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Карима Паритқызы Қанитаева біздің студенттерге Орталық сайлау комиссиясының лайықты сертификаттарын табыстады.