Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есеп
Елбасы «Қазақстан — 2050» Стратегиясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы арқылы азаматтардың өміріне барынша жақсы жағдайлар жасау ел дамуының басты басымдылықтарының бірі екендігін айқындап берді.
Мемлекеттік органдардың алдына біржақты-билікті көзқарастардан мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел көрсету арқылы халықпен өзара қарым-қатынасқа көшу міндеті қойылды.
Тұтастай алғанда, бүгінгі күні сапалы қызмет ұсынуға барлық шарттар жасалған.
Атап айтқанда, 2010 жылғы меморгандырды бағалау қорытындысы бойынша Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы әзірленіп қабылданды (15.04.2013).
Осыған орай, қызмет алушылардың құқықтары, қызмет берушілердің құқықтары мен міндеттері, сапалы мемқызмет ұсыну қоғамдық мониторингін өткізу тәртібі, мемқызмет саласында мемлекеттік органдырдың құзыреті бекітілді.
Мемқызмет тізілімдемесіне сәйкес 2014 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемқызметтердің саны 130 қызметті құрады, оның ішінде мемқызметтің 34 түрі ХҚКО арқылы, 46 түрі «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.
Тұтастай алғанда, облыс бойынша мемқызметтер 17 басқармамен, 19 аудандық (қалалық) әкімдіктермен, сонымен қатар жеке бөлімдермен, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарымен, ауыл, кент, ауылдық/селолық округтер әкімдерінің аппараттарымен көрсетіледі.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемқызметтердің саны 2 969 347 мемқызметті құрады, соның ішінде ХҚКО арқылы — 71 827 мемқызмет, «электрондық үкімет» порталы арқылы 26 933 мемқызмет ұсынылды.
Ең көп ұсынылған қызмет түрі деңсаулық сақтау қызмет саласында анықталды, олар: «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақыру».
ЖАО 130 мемқызмет ұсыну тәртібі бойынша ақпарат облыс әкімінің ресми сайтында «мемлекеттік қызметтер» тарауында орналастырылған. Көрсетілген тәртіп тағы да облыстық басқармалардың және аудандық (қалалық) әкімдіктердің барлық ресми интернет-қорларында орналастырылды.
Жергілікті атқарушы органдардың 130 мемлекеттік қызметінің 121 мемлекеттік қызметі облыстық әкімдіктің қаулысымен 121 мемқызмет регламенті уақытында әзірленіп бекітілді. 9 қызмет бойынша мемқызмет стандарттары жоқ екендігін атап өткен жөн (ОМО құзыреті). Стандарттар бекітілгеннен кейін, белгіленген заң мерзімдері бойынша облыстық әкімдіктің қаулысымен регламенттер бекітіледі.
Меморгандырдың ақпараты бойынша 2014 жылы мемқызметтер ұсынуда арыздар түскен жоқ.
Мемлекетік қызметтердің стандарттары мен регламенттері талаптарын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2014 жылы аудандық, қалалық әкімдіктермен, облыстық басқармалармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың мәселелері бойынша 488 семинар-кеңес, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекетік органдар қызметкерлерімен БАҚ 661 сөз сөйлеу өткізілді, соның ішінде теледидарда – 15, радиода – 19, газет және басқа да баспасөз басылымдарында – 627.
Мемқызмет көрсететін мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейі мемқызмет көрсету сапасын арттырудың маңызды өлшемдерінің бірі болып табылады. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығымен әр курстың бағдарламасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заның іске асыру тақырыбында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру қосылды.
Ақмола облысы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқытудың 2014 жылғы бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, «Басқарудың инновациялық технологиялары, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету», «Мемлекеттік қызметтің сапасын басқару», «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті ұсыну жүйесін жетілдіру» «Деңсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік қызметті ұсыну» бойынша біліктілігін жетілдіру семинарлары өткізіледі.
Аталған біліктілікті көтеру семинарларына 114 мемлекеттік қызметкер қатысты.
Мемқызмет көрсету саласында белгілі бір жақсару жыл сайынғы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау қорытындысымен дәлелденеді. Атап айтқанда, «мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну» бағытының 2013 жылғы қорытындысы бойынша әкімдіктің бағасы 100 мүмкіншіліктен 80,6 балды құрады (республика бойынша орташа балл — 44,4). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша әкімдікпен бағалаудың 4 жылында бірінші рет орта тиімді деңгейге жетті, ол өз кезегінде орталық және жергілікті атқару органдар арасында 1 орынды алуға мүмкіншілік берді.
Сонымен қатар, белгіленген салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын және тұрғындардың қанағаттану деңгейіне қайшы келетін мәселелер қатары сақталуда.
Жылдан жылға мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзушылыққа жол беретін жағдайлар орын алуда, ол меморгандар басшыларының тарапынан бақылаудың әлсіз болғандығын көрсетеді.
Қызмет ұсынуда мерзімді бұзушылық саны 36-ны құрады, соның ішінде ХҚКО арқылы ұсынылған қызмет 3 бұзушылық, меморган арқылы ұсынылған қызмет 24 бұзушылық және 9 бұзушылық «электрондық үкімет» порталы арқылы.
Ең көп мерзім бұзушылық жер қатынастары саласында анықталды, атап айтқанда: 25 бұзушылық, соның ішінде Көкшетау қаласы — 18, Бурабай ауданы — 6, Аршалы ауданы — 1.
Мерзім бұзушылық білім бері саласында да орын алды — 6 бұзушылық, спорт — 2 бұзушылық, әлеуметтік қорғау — 2 бұзушылық, ТҮКШ — 1 бұзушылық.
Мемқызметтерді ұсынуда белгіленген мерзімнің бұзылуына жол бергені үшін 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 16 ескерту, 10 сөгіс, 2 қатаң сөгіс жарияланды, 2 тұлға атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну сапасын жақсартудың бір әдісі — қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электронды үкімет» порталы арқылы ұсыну.
Облыста былтырғы жылы «электронды үкімет» порталы арқылы 26,9 мың қызмет ұсынылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көп (2013 ж. — 15,9 мың қызмет)
Облыста «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтің қолжетімдігі үшін «Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары» РМК филиалдарының 22 қалалық және аудандық бөлімдері қызмет көрсетеді. Шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемқызметті ұсыну үшін, 5 жедел халыққа қызмет көрсетудің орталығы іске қосылды. Осы жобаға 5 автокөлік тартылды. Өңір әкімдері ХҚКО басшыларымен 2015 жылға арналған Жедел ХҚКО іссапар жоспарлары келісілді.
2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың ХҚКО арқылы ұсынылған қызмет саны 71,8 мың қызметті құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 16 %-ға көп (2013 ж. — 61,9 мың қызмет)
Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылығын және алдағы уақыттағы тиімдігін арттыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдардың алдына келесідей міндеттер қойылды:
Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есепті талқылауға қатысты ұсыныстар, ескертулер мен ұсынымдар «gosuslugi@akmo.kz» электрондық мекенжай арқылы қабылданады.