Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2023 жылғы қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептердің жария талқылауларын жылына кемінде бір рет өткізеді.

Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2023 жылғы қызметі туралы есепке (бұдан әрі – Есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер қосылды. 

Мемлекеттік қызметтер 15 басқармамен және олардың ведомствоға бағынысты ұйымдарымен, 20 аудандық (қалалық) әкімдіктермен, оның ішінде дербес бөлімдермен, ауыл, кенті, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарымен көрсетіледі.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Қолданыстағы Тізілімге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 177 мемлекеттік қызмет түрін, оның ішінде 167 түрі немесе электронды түрде 94% көрсету көзделген.

Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 154 түрі, ақылы негізде – мемлекеттік қызметтің 17 түрі, ақысыз/ақылы түрде – мемқызметтің 6 түрі.

2023 жылы ЖАО 8 038 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде – 7 914 мың қызмет (барлық қызметтерден 98%), Мемлекеттік корпорация арқылы – 57 мың қызмет, қағаз түрінде – 67 мың қызмет.

 

3) барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Есептік деректерді талдау көрсеткендей, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 91,2% денсаулық сақтау саласына тиесілі.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Жедел медициналық көмек шақырту», «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру» денсаулық сақтау саласының қызметтері бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер айқындалды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініштердің үлгілері және т.б.).

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардың парақтарында орналастырылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында, оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- цифрлық құжаттарды қолдану бойынша 237 баннер орнатылды;

- «еGov mobile» мобильді қосымшасын насихаттау бойынша 258 ақпараттық еден тіреуі орнатылды;

- БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде 10 358 түсіндіру материалы жарияланды;

- әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру бойынша 266 тікелей эфир өткізілді;

- мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қатысатын қызметкерлерге компьютерлік техниканың 562 данасы жаңартылды.

Аудандық, қалалық және ауылдық әкімдіктерде бірыңғай терезе қағидаты бойынша ашық кедергісіз кеңістіктерде халыққа қызмет ұсыну үшін «сервистік әкімдіктер» қызмет етеді.

Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, мектептерде, медициналық мекемелерде 1016 «egov.kz» қолжетімді бұрыштары орнатылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы ауылдық деңгейде 25 ауылдық сервистік әкімдіктер ашылды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

ЖАО мемлекеттік қызметтерін ұсынуда 27 ақпараттық жүйелер тартылды, оның ішінде 25 немесе 92,5% орталық мемлекеттік органдарындың балансында.

Ақмола облысының ЖАО иелігінде 2 (екі) ақпараттық жүйе бар («Өңірлік геоақпараттық жүйе», «Автоматтандырылған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша орталық мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтің 17 түрі бойынша проблемалық мәселелер, 28 жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша Тізілімге енгізу үшін ұсыныстар жолданды.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында 2 545 қызметкерді қамту арқылы 28 семинар өткізілді.

Сонымен қатар, 445 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен жүргізілетін бақылау іс-шараларының мақсаты, бақылау объектілерінің бұзушылықтарын анықтау, жою және жол бермеу болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау және мониторингілеу бойынша функциялар құрылымдық бөлімшелерге, облыс әкімдігіндегі, аудандар мен қалалар әкімдіктеріндегі жауапты қызметкерлерге бекітілді.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын сақтау мәніне 275 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Осылайша, ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 2503 факті анықталды, оның ішінде:

мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімін бұзудың 7 фактісі;

мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзудың 72 фактісі;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 82 фактісі;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделмеген құжаттарды талап етудің 723 фактісі;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 1619 фактісі.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар саны 564 құрайды, оның ішінде 485 ұсыным немесе 86% орындалды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 74 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Ақмола облысының әкімдігіне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 21 жолданым келіп түсті. Жолданымдарды қарау қорытындылары бойынша 4 көрсетілетін қызметті берушінің құқықтары қалпына келтірілді, 17 өтінім бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге жазбаша түсініктемелер берілді.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебінен жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  да жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасы бойынша «Жаңа Шабыт» қоғамдық қорымен жүрзіліген қоғамдық мониторингтің нәтижесі бойынша 2023 жылы Ақмола облысының ЖАО мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 76,6% құрады (ҚР өңірлері бойынша орташа көрсеткіш – 78,3%).

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру арттыру мақсатында 2024 жылға бірқатар іс-шаралар жоспарланды:

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсініктеме беру жұмыстарын жүргізу;

«электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы өтініштердің үлесін арттыру;

көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру;

мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;

ауылдық деңгейде 30 сервистік әкімдік ашу;

емханалардың тіркеу орындарында кедергісіз қажетті жағдайлар жасау;

көрсетілетін қызметті алушылардың қызметкерлері үшін арнайы оқытуды өткізу;

мемлекеттік ішкі бақылауды және мониторингті жүргізу.

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2023 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы