«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 101 бабының
3-1, 6 тармақтарына сәйкес Қосшы, Ақкөл, Бұланды, Бурабай,
Зеренді аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары 2024 жылғы
31 наурызға Қосшы қалалық мәслихатының №4, Ақкөл аудандық мәслихатының №3, Бұланды аудандық мәслихатының № 2, № 6, № 8,
Бурабай ауданы мәслихатының №14, Зеренді аудандық мәслихатының №9
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінен шағып қалған мәслихат депутаттары орнына сайлауды тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы
31 қаңтардан басталады.
Округтердің шекаралары аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылған
Ақмола аумақтық сайлау комиссиясы.