| № | Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар | Ұсынымды орындау нысаны | Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
| Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі автоматтандырылмаған және қағидалармен реттелмеген.Осыған байланысты тест сұрақтарына дұрыс жауаптар беруде көрсетілген аттестатталушыларға заңсыз артықшылық беру қаупі туындайды. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттарына» заңдарды білуге тестілеу процесін автоматтандыру және мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерімен әңгімелесу өткізу бөлігінде өзгерістер енгізу. |
НҚА өзгерту | Бейінді ведомствоға хат жолдау | Қараша 2024 |
|
| Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу қаупі бар:1) халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде мәдени құндылықтардың болуын тексеру қажеттілігі (INTERPOL арқылы);2) қызмет көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті алушының сараптама үшін бағалау нысанасын уақтылы ұсынуына байланысты3) сараптама жүргізу жөніндегі комиссияның қабілетсіздігі;4) мемлекеттік меншіктегі кейбір мәдени құндылықтар бірнеше рет сараптамадан өтуі мүмкін5) сараптама жүргізілген күні комиссия мүшелерінің болмауы6) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен және сараптамалық комиссия мүшелері мен тікелей байланысу |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына келесі өзгерістер енгізу:- мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуын тексеру жөніндегі көрсетілетін қызмет берушінің функциясын жою;- мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде жоқ екенін растайтын құжат енгізілсін;- әкетілетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу және сараптама қорытындысын беру жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің функциясын жою;- мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне бағалау нысанасын мәдени құндылық деп тану туралы сарапшының қорытындысын енгізу;- мемлекеттік меншіктегі мәдени құндылықтардың мемлекеттік тізілімін енгізу (олардың паспортталуын жүргізу);- мемлекеттік меншіктегі мәдени құндылықтарға сараптама жүргізбеу (куәлікте паспорттық деректер көрсету). | НҚА өзгерту | Бейінді ведомствоға хат жолдау | Қараша 2024 |
|
| Билеттерді сатудан алынған қолма-қол ақшаны ысырап ету, иемдену және ұрлау тәуекелі | Банктік карталарды, QR-кодты оқитын кассалық аппараттарды, сондай-ақ, Ticketon билеттерін сатудың электрондық жүйелерін және т. б. пайдалану арқылы қолма-қол есеп айырысу үшін билеттерді сату санын азайту. | Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін билеттерді сату пайызын ұлғайту |
Желтоқсан 2024 |