| № | Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар | Ұсынымды орындау нысаны | Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
| 1 | «Электрондық үкімет» порталы мен АШЖБ ақпараттық жүйесі арасында интеграцияның болмауы. Осының салдарынан көрсетілетін қызметті алушы «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш береді (мысалы: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінеді және ветеринариялық паспорт дерекқордан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық дәрігердің қолымен және мөрімен беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларының жынысын, түрін, мәліметтерін және күйін түзету кезінде салыстырып тексеру үшін комиссиялық шығу жүзеге асырылады және акт жасалады, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс жасалады). | «электрондық үкімет» порталы мен АШЖБ ақпараттық жүйесі арасындағы интеграцияны қамтамасыз ету. | «электрондық үкімет» порталы мен АШЖБ ақпараттық жүйесі арасындағы интеграцияны қамтамасыз ету. | ||
| 2 | Заң үй жануарларын (Заңның 15-бабының 1-тармағын қоспағанда) өлтіруге тыйым салады және оларды арнайы баспаналарда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде ұстауды көздейді. Жергілікті атқарушы органдар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру кезінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және ұстау бөлігінде бірқатар проблемалық мәселелерге тап болды. Баспаналарды салуға және ұстауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.Бұл функцияны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне беру дұрыс болады.Ветеринария саласындағы ветеринарларға тән емес функция ретінде жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарына беру қажет деп санаймыз. Бұл функцияны ветеринариялық білімі жоқ мамандар орындай алады.Аудандық және қалалық деңгейлерде қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлардың санын реттеу жөніндегі функция елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстар шеңберінде жүргізілетін болады. Жергілікті жерлерде жағдайды жақсы біледі. Облыстың аудандары мен қалаларының ЖАО-ларының жауапкершілігі мен билік өкілеттіктері, сондай-ақ үй жануарлары иелерінің жауапкершілігі артады. | Қаңғыбас иттерді аулау, уақытша ұстау және функцияларын аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне беру. | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне және Экология және табиғи ресурстар министрлiгiне осы функцияны аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiне беру мәселесiн қарау туралы хаттар жiберiлсiн. | ||
| 3 | Ақмола облысының аумағында 58 күйдіргі көміндісі, 265 мал қорымы бар. 265 мал қорымының 8 мен 9 типтік құрылысқа бюджеттік өтінімдер берілді.Басқармада және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында ұстауға және салуға қаржы қаражаты көзделмеген. Бұл ретте жоғарыда көрсетiлген объектiлердi ұстауға және салуға Басқарма мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қаржы қаражаты жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттерiнен сұратылады. Күйдіргі жерлерінің топырақ сынамаларына жыл сайынғы талдауды санитариялық-эпидемиялық қызмет жүзеге асырады.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес ауылдық округтердің әкімдіктері елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау үшін жауапты және мал қорымдары мен күйдіргі көмінділерінің жай-күйіне жауапты емес. Осы функцияны ауданға беру әкімшілік-аумақтық бірліктерде ветеринариялық-санитариялық және эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің және ауылдық округтер әкімдерінің жауапкершілігін арттырады. | 10-баптың 1-тармағының 4-2-тармақшалары алынып тасталсын - ҚР 10.07.02. ҚР «Ветеринария туралы» облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретімен мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды ұйымдастыру және оларды ұстауды қамтамасыз ету. Бұл функция аудандар мен қалалардың ЖАО енгізуге берілсін.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңына аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды ұйымдастыру жөніндегі құзыретін айқындауды және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етуді көздейтін түзетулер енгізу. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы функцияны аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне беру мәселесін қарау туралы хат жіберілсін. | ||
| 4 | Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды диагностикалық зерттеулер бойынша қызметтердің Ветлаб пен АЖБ ДБ арасындағы сәйкес келмеуі. | Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларына жүргізілген ветеринариялық алдын алу іс-шаралары туралы шынайы ақпарат алу үшін АЖС ДБ Ветлабпен толық интеграциялау қажет. | Ветлаб, «РВЛ» РМК әзірлеушілеріне ҚР АШМ ВБжҚК-не хат жіберу. |