Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының 2020 жылғы қаңтар-сәуiрдегi Әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 283,4 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 109,8%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 120,6% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар концентрат өндiру көлемiнiң 69,4% — ға, мыс концентратының 2 есеге артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 108,2% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-114,7%) ұн өндiрiсi 29%-ға, өсiмдiк майы 42,1%-ға, ет пен субөнiмдердi шығару 22,1%-ға өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-97,2%) минералды су өндiрiсi 12,7% төмендедi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-76,0%) «Astana Nan Chemicals» ЖШС-де пестицидтер өндiрiсi көлемiнiң 24,4% — ға төмендеуiмен байланысты төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ-113,8%) пластмассадан құбырлар өндiрiсi 30,6% артты.

Машина жасау саласында (НКИ 141,0%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсiм «ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 4,2%-ға) байқалды.

Есептi кезеңде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк автомобильдер өндiрiсi 220 бiрлiктi құрады, өткен жылдың кезеңiне 1,9 есе өсiммен.

Металлургия саласының (НКИ 104,5%) өңделмеген алтын өндiрiсiнiң көлемi 6,3%-ға артып, 9,5 тоннаны құрады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiмен байланысты.

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 2 аймақта жол берiлген — Жақсы (72,5%), Шортанды (88,1%).

Дата публикации
09 июня 2020
Дата обновления
09 июня 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы