«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 405-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha @aqmola.gov.kz; zeinullina_km@aqmola.gov.kz) Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды.
1. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, (№ 01-02), 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 163 166 теңгеден 220 682 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бағдарламаларды әзiрлеу, баяндамаларды дайындау және есептердi құрастыру, жер және басқа құқық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру; Басқарманың бөлiмдерiн әдiснамалық және оперативтi басқаруды және қызметiн бақылауды жүзеге асыру; жер қатынастарын реттеу бөлiгiнде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiру және әдiстемелiк басшылық жасау; жер кадастрын жүргiзетiн орталық және жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындарымен, және жер қатынастары саласындағы басқа мемлекеттiк органдарымен әрекеттестiк жасасу; кадрлармен жұмыс жүргiзу, мемлекеттiк қызмет көрсетуге бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша iс-шаралар өткiзуге бақылау; тауар-материалдық құндылықтардың тиiстi есебiн және бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдалануын бақылау; аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) деректерi негiзiнде облыс жерiнiң балансын және ағымдағы есептерiн құрастыру бойынша, жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу бойынша шаралар ұйымдастыруды бақылау; жер заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстарын әзiрлеу; наразылық талап қою жұмысын үйлестiру; басқарма басшысының атынан барлық мемлекеттiк органдарда және мемлекеттiк емес ұйымдарда басқарма мүдделерiнiң өкiлдiгiн бiлдiру; Басқарма басшысымен анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр) немесе құқық (құқықтану) саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.
«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
6) ғылыми дәрежесi;
7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi 5 жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
8) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
(мемлекеттiк орган)
Өтiнiш
Менi_____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Менiң жеке мәлiметтерiмдi, оның iшiнде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәлiметтерiмдi жинауға және өңдеуге рұқсатымды бiлдiремiн.
Мемлекеттiк органның интернет-ресурсында менiң әңгiмелесуiмнiң бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келiсiм беремiн __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________________
ЖСН: ____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.