2021-2022 оқу жылында Ақмола облысының 228 мектебінде көптілді білім берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылды. CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту бойынша облыстың 542 педагогы «Физика», «Информатика», «Химия» және «Биология» (С2 – 10, С1 – 270, В2 – 148, В1– 114) пәндерінен сабақ береді. CLIL-оқумен қамту облыстың 9665 оқушысын құрайды, оның ішінде толық жүктемемен – 1695 оқушы, ішінара жүктемемен – 7970 оқушы. ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде толық жүктеме арқылы оқитын сыныптар саны – 134, ішінара жүктеме-527