2020-шы жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрдi.
Мақалада Президент «Мемлекет көлемiнде және халықаралық деңгейде ауқымды iс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отырғанын, сондай-ақ, мұның бәрi той тойлау үшiн емес, ой-өрiсiмiздi кеңейтiп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшiн өткiзiлмек» екенiн атап кеттi.
15 қаңтар күнi М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасында мақаланы талқылау бойынша қоғам қайраткерлерi, мәдениет саласының қызметкерлерiнiң қатысуымен отырыс өткiзiлдi.
21-шi қаңтарда елордалық «Астана Опера» театрында Елбасының қатысуымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту жылы ресми түрде бастау алды. Аталған шараға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрi Ақтоты Райымқұлова өз сөзiнде «Бұл — ел тарихында өшпес iз қалдырған ұлы ойшылымыздың рухын асқақтату үшiн қолға алынған игi бастама. Мерейтой егемен елiмiздiң еңсесiн тiктеуге, ұлттық сананы оятуға зор үлес қосатыны сөзсiз», деп баяндады.
Бұл оқиғаны қолдау мақсатында облыста 1000-нан астам iс-шара өткiзу жоспарланған.
Абай шығармаларынан үзiндiлердi оқу челлендж эстафетасы қайта жаңартылып ұйымдастырылды, оның видеолары Интернет-порталдарда жарияланды және мәдениет мекемелерi мен кәсiпорындары арасында жалғасуда.
24 қаңтарда облыстық Мәлiк Ғабдуллин музейi Бiржан сал ауданының тұрғындарымен бiрлесiп Үлгi ауылында, Абай атындағы мектепте және Степняк қ. Аудандық мәдениет үйiнде ауқымды iс-шара өткiздi. Бұл жоба сәуiр айында Семей қаласындағы «Бiржан әнi, Базаралы көшi» ғылыми-танымдық экспедициясымен жалғасын табады.
30 қаңтарда облыс орталығы Көкшетау қаласында Үкiлi Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетiнiң «Жастар» студенттiк хор капелласының, К.Күмiсбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрi мен солистердiң қатысуымен Абай жылының ашылуына арналған «Жүрегiмнiң түбiне терең бойла» атты мерекелiк концерт ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, маусым айында «Дара — Абай, дана — Абай» Республикалық жазба ақындар айтысын өткiзу жоспарланған. Алғашқы iрiктеу кезеңi мамыр айына дейiн жалғасады.
Наурыз айында опералық, камералық концерттiк әншi, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Мыржақбай Кенжеғали Турсынбекұлының «Романсы Абая и Пушкина — духовное созвучие двух сердец в содружестве народов и культур» атты концерт-дәрiсiн өткiзу жоспарланған.
Ақмола облысының аудандары мен қалалары көркем өнерпаздарының шығармашылық ресурстарын тарту арқылы сәуiр айында Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы «Ұйықтап жатқан жүректi ән оятар» атты Абай әндерiн орындаушыларының облыстық фестивалiн өткiзедi.
Облыстық екi театрда «Абай» және «Қалың елiм қазағым …» спектакльдерiн қоюды жоспарлаған.
Облыстың 11 музейi әр түрлi форматтағы қоғамдық дәрiстер, кiтапханалар — ақпараттық кiтап көрмелерi, музыкалық-поэтикалық кештер өткiзуге дайын.
Жыл басында мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы және iшкi саясат басқармасымен бiрге облыс бойынша елдi мекендердiң мониторингi өткiзiлдi, нәтижесiне сәйкес Абай Құнанбаевтың есiмi 140 көшеге, 3 мектепке, 3 елдi мекенге берiлгенi анықталды, сондай-ақ Степногорск қаласында 1 Абай мүсiнi орнатылған.
Жыл бойы дәстүрлер мен салттарды көрсетумен Абай көшелерiнiң «Әлем тiлiнде сөйлеген Абай» ашық интерактивтi поэтикалық алаңдарының Open-air форматында iс-шаралар өткiзу жоспарланған.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Санкт-Петербург қаласындағы (РФ) «Вечная поэзия Абая» атты ескерткiштiң жанында өткiзетiн акциясын республикалық жоспарға ұсынылды.
Өңiрлiк жоспарға сәйкес Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық және халықтық спорт түрлерi бойынша «Құлагер» облыстық спартакиадасын өткiзудi жоспарлап отыр, бiлiм басқармасымен — облыс мектептерiнiң 5-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы Абай оқулары, мектеп оқушылары ақындары арасында «Хәкiм Абайдың 175-жылдық мерейтойы»атты мүшәйра, «Абай мұрасы және Қазiргi бiлiм беру» студенттiк конференциясы, iшкi саясат басқармасымен — ғалымдар, абайтанушы, әдебиеттанушылар, жазушылар, ақындар, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының студенттерi шақырылып, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткiзiледi.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiмен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Адамзаттың Абайы» Халықаралық ғылыми конференциясын өткiзу, филология факультетi жанынан Абай кеңсесiн ашу, «Адамзаттың Абайы» ғылыми конференциясын өткiзу, сондай-ақ, Абайдың туған жерiне «Семей қаласындағы Абай мұражайы мен Абайдың Жидебайдағы мұражай үйiне саяхат» атты белсендi студенттердiң ғылыми-тәжiрибелiк конференциясын өткiзу жоспарланып отыр.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiмен көршiлес елдердiң ғалымдарымен «Студенттiк көктем» атты қашықтықтан халықаралық практикалық конференция өтедi.
Елбасымыз айтқандай «Абай армандары — тек бiр ғана ұлт емес, күллi адамзат ұстанатын мұраттар. Сондықтан ұлы ойшылдың iлiмiн терең зерделеп, жас ұрпақты тәрбиелеу үстiнде пайдалануымыз керек».
Халқымыздың бой тұмары болған Абай өнегесiн жас ұрпақтың бойына сiңiру бiздiң парызымыз. Ендеше, Абай мерейтойының жоғары деңгейде атап өтiлуiне барлықтарыңызды атсалысуға шақырамын!