Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының аумағындаға ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк туралы 2020 жылдың 5 айына арналған ақпарат

Бүгiнгi таңда облыс аумағында жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы болып табылады, бұл мал шаруашылығы саласында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

Бекiтiлген жоспарларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының диагностикасы бойынша iс-шаралар жүргiзiлуде. Бруцеллезге IҚМ-нiң 293,1 мың басы және ҰМ-ның 339,6 мың басы зерттелдi.

Ауыл шаруашылығы жануарларына құтыру, қарасан, сiбiр жарасы, нодулярлы дерматит сияқты ауруларға қарсы вакцинация, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, туберкулез және маңқаға қарсы диагностикалық зерттеулер өткiзiлдi.

79 объектiде 22,6 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүрлi дезинфекциялау жүргiзiлдi.

Басты мiндеттердiң бiрi АШЖБ дерекқорын порталды режимде жүргiзумен ауыл шаруашылығы жануарларының нақты басын есепке алу болып табылады.

2020 жылдың өткен мерзiмiнде IҚМ-нiң 111,9 мың басы немесе жылдық жоспардан 72 % (Жоспар 155,6 мың бас); ҰМ –125,9 мың бас немесе 59% (Жоспар 213,2 мың бас); шошқалар — 15,9 мың бас немесе 34% (47,4 мың бас) және жылқылар — 4,3 мың бас немесе 12% (37,041 мың бас) бiрдейлендiрiлдi. Жұмыс жалғастырылуда.

Облыста елдi мекендердi үлгiлiк мал қорымдарымен қамтамасыз ету және оларды салу үшiн жер учаскелерiн рәсiмдеу процедураларын өткiзу және ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2020-2022 жылдарға бюджеттi қарау кезiнде облыстық бюджеттен 3 мал қорымын салуға 42,8 млн. теңге бөлiндi.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылдарға облыстың елдi мекендерi үшiн 4 мал қорымын салуға және 18 жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзiрлеуге жыл сайын облыстық бюджеттен 96,8 млн. теңгеден бөлу жоспарланды.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшiн бүгiнгi таңда 72 объект бойынша жер учаскелерi рәсiмделдi (Ақкөл -2, Аршалы-5, Бiржан сал  — 15, Бұланды-10, Бурабай-6, Егiндiкөл -9, Ерейментау-3, Есiл-5, Жарқайың-9, Сандықтау -8).

Астрахан, Атбасар, Зерендi аудандарымен және Көкшетау, Степногорск қалаларымен жер учаскелерiн таңдау және бөлу бойынша iс-шаралар жүргiзiлуде.

Ветеринариялық қауiпсiздiк мәселелерi облыс әкiмдiгiнiң тұрақты бақылауында.

Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
05 июня 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы