Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының мәдениет саласын әлеуметтiк-экономикалық дамыту қорытындысы бойынша ақпарат

Облыста барлық меншік нысанындағы 596 мәдениет нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:

251 мемлекеттік клубтық кәсіпорын оның ішінде 232 ауылда,

329 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде 286 ауылда,

2 мемлекеттік театр;

1 мемлекеттік Үкілі Ыбырай атындағы филармония,

14 музей, оның ішінде 2 ауылда, 

1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы,

1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.

Мәдениет саласын қаржыландыруға 2025 жылы 17,5 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде облыстық бюджеттен – 6,8 млрд теңге, аудандық бюджеттен – 10,6 млрд теңге.

Соңғы 4 жылда мәдениет нысандарында 32 күрделі және 51 ағымдағы жөндеу жүргізілді, 3 нысан салынды, 3 қайта құру жүргізілді, 11 БМК (блокты-модульді қазандықтар) орнатылды.

2025 жылы мәдениет объектілерінің инфрақұрылымын дамыту және жаңғыртуға 3,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде: 11 нысанның құрылысына – 2,2 млрд теңге, 1 нысанды қайта жаңғыртуға – 150 млн теңге, 6 нысанға күрделі жөндеу жүргізуге – 1,1 млрд теңге, 1 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізуге – 13,8 млн теңге.

Ақмола облысының мәдени-демалыс ұйымдары бойынша 2025 жылы 5 құрылыс жобасы аяқталды:

  1. Бурабай ауданының Щучинск қаласында 400 орындық аудандық мәдениет үйінің құрылысы. Келісімшарттар бойынша құны – 1 579,3 млн теңге.
  2. Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында демалыс орталығының құрылысы. Келісімшарттар бойынша құны – 838,8 млн теңге.
  3. Степногорск қаласына қарасты Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы. Келісімшарттар бойынша құны – 713,9 млн теңге.
  4. Бурабай ауданы Кенесары ауылында 120 орындық клуб құрылысы. Жобаның құны – 539,3 млн теңге.
  5. Бұланды ауданы Вознесенка ауылында мәдениет үйінің құрылысы. Келісімшарттар бойынша құны – 693,7 млн теңге.

Сондай-ақ, 5 жөндеу жобасы аяқталды:

  1. Аршалы ауданы Анар ауылдық клубы – келісімшарттар бойынша құны 293 000,0 мың теңге.
  2. Есіл ауданы Свободное ауылының мәдениет үйі – 201 100,0 мың теңге.
  3. Шортанды ауданы Жолымбет кентінің мәдениет үйі – 304 000,0 мың теңге.
  4. Бурабай ауданы Үрімқай ауылдық мәдениет үйі – 272 000,0 мың теңге.
  5. Театрлар бойынша 2025 жылы Ақмола облыстық орыс драма театрының екі кабель желісіне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, келісімшарттар бойынша құны 13,8 млн теңгені құрады
Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
30 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы