Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2022 жылғы қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептердің жария талқылауларын жылына кемінде бір рет өткізеді.

Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.

 

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2022 жылғы қызметі туралы есепке (бұдан әрі – Есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер қосылды. 

Мемлекеттік қызметтер 14 басқармамен және олардың ведомствоға бағынысты ұйымдарымен, 20 аудандық (қалалық) әкімдіктерімен, оның ішінде дербес бөлімдерімен, білім беру ұйымдарымен, ауыл, кенті, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарымен көрсетіледі.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020             № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ЖАО 177 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 153 түрі, ақылы негізде – мемқызметтің 17 түрі, ақысыз/ақылы түрде – мемқызметтің 6 түрі.

2022 жылы 8 млн. астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 7,8 млн. мемлекеттік қызмет немесе 98% электронды түрде көрсетілді.

 

3) барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Есептік деректерді талдау көрсеткендей, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 93,7% денсаулық сақтау саласына тиесілі.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру», «Жедел медициналық көмек шақырту» денсаулық сақтау саласының қызметтері бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер айқындалды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініштердің үлгілері және т.б.).

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардың парақтарында орналастырылады.

 

2) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында, оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- «еGov mobile» мобильді қосымшасын қолдану бойынша 189 баннер орнатылды;

- «еGov mobile» мобильді қосымшасын насихаттау бойынша 258 ақпараттық еден тіреуі орнатылды;

- БАҚ-тарда 7 252 түсіндіру материалы жарияланды;

- онлайн-форматта мемлекеттік қызметтердің 230 жәрмеңкесі өткізілді.

Аудандық, қалалық және ауылдық әкімдіктерде бірыңғай терезе қағидаты бойынша ашық кедергісіз кеңістіктерде халыққа қызмет ұсыну үшін «сервистік әкімдіктер» қызмет етеді.

2022 жылы 29 ауылдық сервистік әкімдіктердің  ашылуы бойынша атқарылған жұмыстарды атап айту қажет:  Бурабай ауданында - 4, Есіл ауданында - 4, Бұланды ауданында – 3, Шортанды ауданында – 3, Аршалы ауданында – 2, Астрахан ауданында – 2, Атбасар ауданында – 2, Біржан сал ауданында – 2, Зеренді ауданында - 2, Целиноград ауданында – 2, Егіндікөл ауданында – 1,  Ерейментау ауданында – 1, Жақсы  - 1.

Сонымен қатар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, мектептерде, медициналық мекемелерде                    1016 «egov.kz» қолжетімді бұрыштары орнатылды.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен қызметтердің 177 түрі, оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қызметтердің 167 түрі немесе 94% түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша орталық мемлекеттік органдарына мемлекеттік қызметтің 37 түрі бойынша 13 хат жолданды.

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған                        іс-шаралар

Алдын алу шаралары шеңберінде Ақмола облысы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын талду бөлімімен 2 мыңнан астам қызметкерді қамту арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша 21 оқыту семинары өткізілді.

Семинарлар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.

Сонымен қатар, 360 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша 227 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылау және мониторингілеу бойынша функциялар құрылымдық бөлімшелерге, облыс әкімдігіндегі, аудандар мен қалалар әкімдіктеріндегі жауапты қызметкерлерге бекітілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтері жүргізетін бақылау іс-шараларының мақсаты бақылау объектілерінің бұзушылықтарын анықтауы, жоюы және жол бермеуі болып табылады.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар саны 414 құрайды, оның ішінде                       332 ұсыным немесе 80,1% орындалды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 50 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Ақмола облысының әкімдігіне көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 25 жолданым келіп түсті. Жолданымдарды қарау қорытындылары бойынша 3 жолданым бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары қалпына келтірілді, 22 өтінім бойынша көрсетілетін қызметті берушілеріне жазбаша түсініктемелер берілді.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында, 2022 жылы «Жаңа Шабыт» қоғамдық қорымен қоғамдық мониторинг жүргізілді. Осылайша, 2022 жылы Ақмола облысының ЖАО мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 76,2% құрады (ҚР өңірлері бойынша орташа-65,2%).

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру арттыру мақсатында 2023 жылға мынадай іс-шаралар жоспарланды: 

  1. 2023 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының қоғамдық мониторингісінің қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша шара қолдану;
  2. көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлерін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы оқыту өткізу;
  3. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын өткізу;
  4. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтаудың мәніне бақылау іс-шараларын өткізу;
  5. «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініштердің санын арттыру;
  6. мемлекеттік қызметтердің уақытында көрсетілуіне уақытылы мониторинг жүргізу;
  7. мүмкіншіліктері шектеулі адамдар үшін, олар мемлекеттік қызметті алуы барысында қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру түймешегі);
  8. көрсетілетін қызметті алушылар шағымдарының уақытында қаралуын қамтамасыз ету, өтініш білдіруге негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша дәйекті шаралар қолдану;
  9. мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бас тартулар бойынша коммуникациялық желілер арқылы (телефон, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т.б.) көрсетілетін қызметті берушілерімен кері байланысты орнату;
  10. танымал әлеуметтік желілер, мерзімдік баспа басылымдары арқылы «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және уәждемені күшейту туралы халықты ақпараттандыру қамтамасыз ету;
  11. мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;
  12. ауылдық округтерде сервистік әкімдіктерді ашу.

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2022 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

  1. Жария талқылау өткiзiлетiн күнi — 2023 жылғы 1 наурыздан 30 наурыз аралығында
  2. Жария талқылауды жүргiзу тәсiлi — Ақмола облысы әкiмдігiнiң ресми интернет-ресурсына https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/article/details/116642?lang=kk электрондық мекенжай бойынша орналастырылды.
  3. Жария талқылауды өткiзу туралы хабарландыру тәсiлi — Ақмола облысы әкiмдігiнiң ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/article/details/116642?lang=kk электрондық мекенжайы бойынша жарияланды.
  4. Ашық талқылау қатысушыларының ұсыныстары мен (немесе) ескертулерiнiң тiзбесi
№ Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген жеке тұлғаның ТАӘ, мекеменің атауы Жария талқылаудың аясында келіп түскен ұсыныстар және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәліметтер Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіздеме Ескерту
1.          
2.          
3.          

Қосымша мәлiметтер: ____________________________________________

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы