«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 405-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha@aqmola.gov.kz; zeinullina_km@aqmola.gov.kz) Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:
Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары, (№ 01-03) «E-1» санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 150778 теңгеден 203162 тенгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бiлiм беру, ғылым, ақпарат, мәдениет, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк әрiптестiк, кедейлiктi төмендету, мүгедектердiң, балалардың, сотталған және қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың құқығын қорғау, көшi-қон және демографиялық саясат, мемлекеттiк органдардың саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз ету, конфессияаралық және ұлтаралық келiсiмдi нығайту, мемлекеттiк жастар саясатын жүргiзу, дене шынықтыру және спорт, тарихи және мәдени мұраларды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрдi сақтау, ономастика, денсаулық сақтауды дамыту, халыққа қызмет көрсетудiң сапасын жетiлдiру және ұсыну мәселелерiне жетекшiлiк етедi. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлiк теңдiк стратегиясын, мектеп жасына дейiнгi балаларды тәрбиелеу және оқытумен қамтудың 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын, стратегиялық жоспарларды жүзеге асырады. Iшкi саясат, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, халықты жұмыспен қамтудың әлеуметтiк бағдарламасы, табиғи ескерткiштердi қорғау, мәдени тарих және басқа да тарихи, мәдени, экологиялық, ғылыми құндылығы бар объектiлерi саласындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Ұлтаралық қатынастар саясатын, реформаларды идеологиямен қамтамасыз ету, әскери қызметке шақыру жөнiндегi iс шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң талдауын жүргiзу, олардың сапасын бақылау. Қала әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, дiни ұйымдармен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк мекемелердiң жұмысын үйлестiредi: «Көкшетау қаласының бiлiм бөлiмi», «Көкшетау қаласының дене тәрбиесi және спорт бөлiмi», «Көкшетау қаласының iшкi саясат бөлiмi», «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi», «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi», «Көкше Медиа» ЖШС. Жетекшiлiк ететiн мемлекеттiк органдарда бюджет қаражатын уақытылы дамытуды бақылау. Өз құзыретi шегiнде қадағаланатын мәселелер бойынша нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер мен ұсыныстарды енгiзу. Өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелердiң жұмыс топтары мен комиссияларын басқарады. Өзi басшылық ететiн мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын және басшыларын тағайындау және лауазымнан босату жөнiнде қала әкiмiне ұсыныс енгiзедi.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылым, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе қызмет (әлеуметтiк-мәдени сервис немесе әлеуметтiк жұмыс немес мәдени-бос уақыт жұмысы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық деңгейдегi лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегi басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екi жылдан кем емес;
7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың бiреуiне екi жүз сөзден аспайтын бiр эссенi конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссенi конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгiленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы: _________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
| «Б»корпусыныңмемлекеттік әкімшіліклауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы |
| Нысан |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
| ________________________________________ тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) |
|
|||||
| _______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болғанжағдайда/при наличии) |
||||||
| _______________________________________ (жекесәйкестендірунөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||||
| ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ | ||||||
| 1. | Туғанкүніжәнежері / Дата и место рождения |
|||||
| 2. | Ұлты (қалауыбойынша) / Национальность (по желанию) |
|||||
| 3. | Отбасылықжағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|||||
| 4. | Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|||||
| 5. | Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|||||
| 6. | Шетелтілдерінбілуі / Владение иностранными языками |
|||||
| 7. | Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|||||
| 8. | Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|||||
| 9. | Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|||||
| 10. | Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|||||
| ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ | ||||||
| Күні / Дата | қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері / должность*, место работы, местонахождение организации |
|||||
| қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|||||
| _____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата |
_______________ күні / дата |
|||||
* Ескертпе: қызметтіктізімдеәрбіратқаратынлауазымбөлекжолдатолтырылады