«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 405-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha@aqmola.gov.kz; zeinullina_km@aqmola.gov.kz) Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:
Ерейментау ауданы әкiмiнiң орынбасары, (№ 01-03) «E-1» санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 150778 теңгеден 203162 тенгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Денсаулық сақтау, бiлiм беру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, мәдениет, туризм, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмысын үйлестiру; реформаларды идеологиялық қамтамасыз ету; әлеуметтiк-мәдени дамыту, iшкi саясат, Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттiк және басқа да тiлдердi дамыту мәселелерi; дiни ұйымдары, ұлттық-мәдени орталықтары, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктермен, БАҚ-тармен өзара әрекеттесу; ұлтаралық қатынастар мен қоғамдық келiсiм; комиссиялар отырыстарын жүргiзу: халықты әлеуметтiк қорғау бойынша; кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау бойынша; тiл саясаты бойынша; денсаулық сақтау жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң; мүгедектер iстерi бойынша; құқықтық жалпы бiрдей бiлiм беру бойынша; ауыл шаруашылығы саласындағы, соның iшiнде өсiмдiк шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы, машина-трактор паркiн пайдалану және жаңа технологияларды енгiзу, ветеринария саласындағы, оның iшiнде ветеринариялық-санитарнных iс-шаралар мен бағдарламалар iске асыруды қамтамасыз ету, әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу бойынша отырыстар; қарамағындағылардың жұмысын болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау жасау және дәлелдеу; ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторинг үлгiлерiн және әдiстерiн пайдалана бiлу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң болуы; аса құпия және құпия құжаттармен жұмыс iстеген кезiнде құпиялық режимдi қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар немесе бiлiм беру немесе құқық (юриспруденция) немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе қаржы немесе есепке алу және аудит немесе мемлекеттiк және жергiлiктi басқару немесе әлеуметтану немесе саясаттану немесе психология, немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету немесе қызмет көрсету (туризм немесе әлеуметтiк-мәдени сервис немесе әлеуметтiк жұмыс немесе мәдени-демалыс жұмысы немесе кiтапхана iсi) немесе өнер (музыкатану немесе мұражай iсi және ескерткiштердi қорғау) жоғары немесе жоғары оқу орнынан тиiмдi бiлiм.
«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы заңға сәйкес немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi.
Мынадай құзыреттердiң болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес келуi тиiс:
1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық деңгейдегi лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегi басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екi жылдан кем емес;
7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың бiреуiне екi жүз сөзден аспайтын бiр эссенi конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссенi конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгiленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
(мемлекеттiк орган)
Өтiнiш
Менi______________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Менiң жеке мәлiметтерiмдi, оның iшiнде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәлiметтерiмдi жинауға және өңдеуге рұқсатымды бiлдiремiн.
Мемлекеттiк органның интернет-ресурсында менiң әңгiмелесуiмнiң бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келiсiм беремiн __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
Мекенжайы: _________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-mail: _______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
20 ж. __ «___»_______________