«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 405-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha @aqmola.gov.kz; zeinullina_km@aqmola.gov.kz) барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:
1. Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы, D-О-1 санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 182 387 теңгеден 246 514 теңгеге дейiн.
Қызметтiк мiндеттерi: Мемлекеттiк мекеме туралы ережемен белгiленген қызметтердi орындау жөнiнде басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, басқарманың бөлiм басшыларының арасында мiндеттер мен өкiлеттiлiктердi анықтау, өз құзiреттiлiгiнiң аясында мемлекеттiк билiк органдарымен қарым-қатынас жүргiзу, туризм саласында басқарманың жұмысын ұйымдастыру. Облыс аумағында туристiк қызмет саласында үйлестiрудi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Туристiк қызмет нарығына талдау жүргiзу, туристiк ресурстарды қорғау бойынша шаралар әзiрлеу және iске асыру, облыс аумағында туризм индустриясы объектiлерiн дамыту қызметтерiн үйлестiру, өңiрдiң туристiк әлеуетiн кең көлемдi жылжыту, тұрақты туристiк лектi, курортты аймақтардың жыл бойы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ет жолымен туристiк саланы қарқынды дамыту. Қадағалайтын саласында мемлекеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiне қол жеткiзу және меморандумдарды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қызмет көрсету (туризм немесе әлеуметтiк-мәдени сервис немесе мейрамхана iсi және қонақүй бизнесi) немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе қаржы немесе мемлекеттiк және жергiлiктi басқару немесе маркетинг немесе әлемдiк экономика) немесе құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан тиiмдi бiлiм.
«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында екi жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi 6 жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екi жылдан кем емес;
7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың бiреуiне екi жүз сөзден аспайтын бiр эссенi конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссенi конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгiленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
Өтiнiш
Менi______________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Менiң жеке мәлiметтерiмдi, оның iшiнде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәлiметтерiмдi жинауға және өңдеуге рұқсатымды бiлдiремiн.
Мемлекеттiк органның интернет-ресурсында менiң әңгiмелесуiмнiң бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келiсiм беремiн __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
Мекен жайы: _________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-mail: _______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.