Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусыныңАқмола облысы жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 405-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha @aqmola.gov.kz; zeinullina_km@aqmola.gov.kz) Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, (№ 01-02), 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 163 166 теңгеден 220 682 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: басқарманың жетекшiлiк ететiн бөлiмдердiң жұмысын үйлестiредi және ұйымдастырады; республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебiнен дамыту бағдарламалары бойынша объектiлердiң құрылысына, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудiң сапасына және объектiлердiң пайдалануға берiлуiне бақылауды, құрылыс тәртiбiнiң сақталуына, жобалау-сметалық және өзге де құжаттаманың уақытылы қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады, мемлекеттiк қаражат есебiнен салынып жатқан және құрылысы аяқталған пайдалануға берiлетiн коммуналдық меншiктегi объектiлердi қабылдау жөнiндегi жұмыс және мемлекеттiк комиссияларға қатысады; құрылыс басқармасы тапсырыс берушi болып табылатын шарттардың орындалуына және жұмыс жүргiзу кестесiнiң сақталуына бақылау жасайды, бекiтiлген 3КС нысаны және орындалған жұмыстар актiсiне сәйкес әлеуметтiк саладағы салынып жатқан объектiлердiң орындалған жұмыс көлемiн қабылдайды, коммуналдық меншiктегi объектiлердiң құрылысы және реконструкциясы бойынша облыс әкiмi мен оның орынбасарларының, басқарма басшысының тапсырмаларын орындау барысына бақылауды жүзеге асырады; кiрiс, шығыс хат-хабар алмасуына бақылау жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндiру немесе көлiк құрылысы) немесе өнер (сәулет) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан бiлiм.

«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесi;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi 5 жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

8) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың бiреуiне екi жүз сөзден аспайтын бiр эссенi конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссенi конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгiленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_______________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Менiң жеке мәлiметтерiмдi, оның iшiнде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәлiметтерiмдi жинауға және өңдеуге рұқсатымды бiлдiремiн.

Мемлекеттiк органның интернет-ресурсында менiң әңгiмелесуiмнiң бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келiсiм беремiн __________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-mail: _______________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Онлайн - платформаларды пайдаланушылар
21 октября 2026
Интернет БАҚ
21 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы