Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сумен қамту және су тарту объектілерінің құрылысы және пайдалан бөлімінің бас маманы, D-O-4

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.04.2026 - 20.04.2026

Қабылдау 1 этап: 17.04.2026- 20.04.2026

Қабылдау 2 этап: 21.04.2026

Практикалық бағалау: 22.04.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

(Лауазымдық  жалақы  нақты  қызметкердің  жұмыс  өтіліне йланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сумен қамту және су тарту объектілерінің құрылысы және пайдалан бөлімінің бас маманы, D-O-4

 

Функционалдық міндеттері:

Қалаларда сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және пайдалану саласында, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту шеңберінде, кәріздік тазарту құрылыстарының жобаларын іске асыру саласында мемлекеттік саясат жүргізу. Қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудың жылдық және перспективалық бағдарламаларын дайындау. Тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерінде аудандар мен қалалардың  құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Сумен жабдықтау және су бұру объектілерінде, коммуналдық кәсіпорындардың қызметінде техникалық жаңалықтарды дамытуға және қолдануға жәрдемдесу. Қалаларда сумен жабдықтау және су бұру саласында халыққа коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және облыс әкімдігінің қарауына енгізу. Қалаларда сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және жүргізуге қатысу. Қалаларда сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің құрылысын іске асыруды сүйемелдеу. Өз құзыреті шеңберінде жоғары тұрған органдар мен басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. Өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі іс-шараларға қатысу және басқа комиссияларға қатысу.

   

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: сәулет, құрылыс, экология, жылу энергетикасы, су қорлары және суды  пайдалану, инженерлік жүйелер мен желілер, құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот ртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне екетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
15 апреля 2026