2026 жылғы 12 сәуірге тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылдың 12 сәуірде Ақмола облысының  7 ауданында 7 сайлау округі бойынша ауылдар және ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімін, Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімін, Бұланды ауданы Новобратское ауылдық округінің әкімін, Есіл ауданы Интернациональное ауылдық округінің әкімін, Жақсы ауданы Запорожское ауылдық округінің әкімін, Жарқайын ауданы Тассуат ауылының әкімін, Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 4427 азамат енгізілді, оның ішінде 3246(73,32%)  дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 21 адам.

Барлық 7 елді мекенде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 6, Қазақстан Халықтық Партиядан -1 адам.

Әкімдер болып сайланды:4 – мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 3 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 1 – бюджеттік саласының жұмыскері, 1 коммерциялық саласының жұмыскері, 1-уақытша жұмыс істемейді.

Сайлаушыларды максималды қатысуы 85,06% (Жарқайын ауданы, Тассуат ауылы.),  минималды – 68,02% (Зеренді ауданы  Бәйтерек а\о).

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
15 апреля 2026