Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы, D-4 (Лауазым мәртебесі: бос)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.04.2026 - 16.04.2026

Қабылдау 1 этап: 15.04.2026- 16.04.2026

Қабылдау 2 этап: 17.04.2026

Практикалық бағалау: 18.04.2026

Анықтама телефоны: 87015326551

D-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы, D-4 (Лауазым мәртебесі: бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Қоғамда осы органның оңтайлы беделін құру үшін мемлекеттік органның бұқаралық ақпарат құралдарымен және азаматтармен әлеуметтік желілерде өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; облыс әкімі аппаратының ресми аккаунттары, облыс әкімі аппаратының ресми интернеті үшін ақпарат дайындау. Әлеуметтік желінің тиісті форматына баспасөз-релиз дайындау, қажеттілігіне қарай электрондық пошталарға және БАҚ мессенджерлеріне облыс әкімінің қатысуымен қоғамдық іс-шаралар туралы материалдардың таратылымын ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдарға ресми есептер мен ақпарат дайындау. Құттықтау және басқа да жеделхаттарды, атаулы және басқа да даталар мен оқиғаларға хаттарды ресми аккаунттарға, Ақмола облысы әкімі аппаратының ресми интернет ресурсына дайындап, жариялау.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық,  өзін-өзі  дамыту,  жеделділік,  ынтымақтастық  және  әрекеттестік,

 

қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

 

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
13 апреля 2026