«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.04.2026 - 14.04.2026
Қабылдау 1 этап: 13.04.2026- 14.04.2026
Қабылдау 2 этап: 15.04.2026
Практикалық бағалау: 16.04.2026
Анықтама телефоны: 87162297246
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық реттеу және су ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы, D-O-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы табиғат қорғау іс-шараларының іске асырылу барысына бақылауды жүзеге асыру. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын аймақтық ерекшеліктермен әзірлеуге қатысу. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлеуге қатысу.Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстық комиссия хатшысының міндеттерін орындау. Жергілікті деңгейде қоғамдық тыңдауларға қатысу. Мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде соттарда, сондай-ақ басқа ұйымдарда басқарма мүдделерін білдіру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, су қорлары және суды пайдалану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.