Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, D-O-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.04.2026 - 14.04.2026

Қабылдау 1 этап: 13.04.2026- 14.04.2026

Қабылдау 2 этап: 15.04.2026

Практикалық бағалау: 16.04.2026

Анықтама телефоны: 87162297246

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

             (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, D-O-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Басқарма басшылығын ормандарды өрттен, заңсыз кесуден қорғау, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, браконьерлікке қарсы күрес және орман заңнамасын басқа да бұзушылықтар бойынша жедел және есептік ақпаратпен қамтамасыз ету. Облыстың мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру. Орман ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша басқарма басшылығын жедел және есептік ақпаратпен қамтамасыз ету. Аралық пайдалану және өзге де кесу кезінде сүрек дайындаудың жыл сайынғы көлемін қалыптастыру. Орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша тендерлер өткізуге қатысу. Облыстың мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің орман шаруашылығын жүргізу мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру. Орман шаруашылығы саласындағы табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: орман ресурстары және орман шаруашылығы

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс    өтілі талап         етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
09 апреля 2026