«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.04.2026 - 14.04.2026
Қабылдау 1 этап: 13.04.2026- 14.04.2026
Қабылдау 2 этап: 15.04.2026
Практикалық бағалау: 16.04.2026
Анықтама телефоны: 87162297246
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы стратегиялық жоспарлау және табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру бөлімінің бас маманы, D-O-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қалдықтарды жою және орналастыру бойынша объектілерді салу үшін жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу. Қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыруға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысу. Табиғатты қорғау ісшараларын орындау бойынша жедел жиынтық есептерді дайындауды жүзеге асыру және оларды белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдарға ұсыну. Өз өкілеттігі шегінде Ақмола облысы бойынша экология департаментімен және басқа да мекемелермен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара ісқимыл жасау. Мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі комиссияларға қатысу, қажет болған жағдайда конкурстық комиссия хатшысының міндетін атқару.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқықтану, құрылыс, экология, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.