«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.04.2026 - 14.04.2026
Қабылдау 1 этап: 13.04.2026- 14.04.2026
Қабылдау 2 этап: 15.04.2026
Практикалық бағалау: 16.04.2026
Анықтама телефоны: 87162297246
D-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы, D-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ата-ана құқықтарынан айыруға немесе шектеуге, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге, бала асырап алудың күшін жоюға немесе жарамсыз деп тануға, қамаудағының кәмелетке толмаған адаммен некесін жарамсыз деп тануға байланысты істерді, кәмелетке толмағанның ақша қаражатын өз бетінше пайдалану құқығын шектеуге немесе одан айыруға байланысты істерді, сондайақ «неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне сәйкес басқа да істерді қарау кезінде сотқа қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың тегін, атын беру немесе өзгерту мәселелерін шешу; ата-аналарды немесе олардың біреуін ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, Бала асырап алудың күшін жою туралы не бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарға бастамашылық жасау; Ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру; баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде баланы ата-анасынан немесе қамқорлығындағы басқа адамдардан дереу айырып алуды жүзеге асыру; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; РБД қалыптастыру; балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасындағы келіспеушіліктерді шешу;кәмелетке толмағандардың және кәмелетке толған тұлғалардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау.
Білімі бойынша талап:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық (заңтану) саласында, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс
өтілі талап етілмейді; бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.»
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.