«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.04.2026 - 14.04.2026
Қабылдау 1 этап: 13.04.2026- 14.04.2026
Қабылдау 2 этап: 15.04.2026
Практикалық бағалау: 16.04.2026
Анықтама телефоны: 87162297246
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық реттеу және су ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы, D-O-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты ресімдеу, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны қабылдау, қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну, рұқсаттар бойынша жинақталған ақпаратты жүйелеу және талдау. Қоршаған ортаны ластағаны үшін есептеулер жасау. Шағын өзендер мен су айдындарының ластануын болдырмау және жою жөніндегі іс-шараларына өткізуіне қатысу. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау және орнату бойынша жұмыстар жүргізу. Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін, жай-күйін мониторингілеуді жүргізу, жыл сайын көп факторлы зерттепқарауды ұйымдастыру. Су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйі мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құрылыс, экология, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.