2026 жылғы қаңтар-ақпан айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 59 672,4 млн. теңгені (НКИ - 105,8%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 580,9 млн. теңге (НКИ - 100%), мал шаруашылығы - 59 083,7 млн. теңге (НКИ - 105,9%).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар-ақпан айында 3,0 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 76,9% құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар-ақпан айында 0,4 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,4%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,8 мың адам (2025 жылдың 4-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).
Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:
-2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында орташа жалақы 344,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсім (2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында - 273,3 мың теңге).
-3-тоқсанда орташа жалақы 407,6 мың теңге болды, өсім 24,4% (2024 жылдың 3-тоқсанында - 327,7 мың теңге).