Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

«Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Осы арқылы «Ақмола ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлегенін хабарлаймыз.

Жоба туралы толық ақпарат «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15783503 сілтемесі бойынша орналастырылған.

 

Дата публикации
19 марта 2026