Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша анықтама

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 64,367 мың бірлікті құрады
(2025 жылғы ақпанға 99,7%).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 60,707 мың бірлікті құрайды (2025 жылғы ақпанға 101,5%).

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 94,3%-ды құрады.

2026 жылғы 1 наурыздағы ШОК субъектілерінің құрылымы:

- шағын және орта кәсіпкерлік – 10 025 бірлік

- жеке кәсіпкерлер – 44 450 бірлік

- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 232 бірлік

2026 жылғы қаңтар-ақпанда ШОК субъектілерінен 51,2 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2025 жылғы ұқсас кезеңге 137,1%, салықтардың жалпы түсімінің 34,9 %-ы).

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 147,972 мың адамды құрады (2024 жылғы қыркүйекке 99,5%).

2025 жылғы қаңтар – қыркүйекте ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 856,9 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 118,2%).

2026 жылдың қаңтар айында ШОК-тің жалпы қосылған құны 866,133 млрд. теңгені немесе 29,1% -ды құрайды.

2026 жылдың қаңтар-ақпан айында ШОК субъектілерінде
1 061 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).

2026 жылғы қаңтарда ЕДБ ШОК субъектілеріне
12,1 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 97,9%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 33,3%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 24,1%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 4,9%-ды құрайды.

Дата публикации
19 марта 2026