Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Зеренді аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2026 жылғы 4 наурыздағы ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2026 жылдың 12 сәуірге келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімін;
Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімін;
Бұланды ауданы Новобратское ауылдық округінің әкімін;
Есіл ауданы Интернациональное ауылдық округінің әкімін;
Жақсы ауданы Запорожское ауылдық округінің әкімін;
Жарқайын ауданы Тассуат ауылының әкімін;
Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімін.
Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.